N05AL01 Сульпирид¹ (Sulpiride)

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық; коматозды жағдайлар; орталық жүйке жүйесінің тежелуі, феохромоцитома; пролактинге тәуелді ісіктер (гипофиз пролактиномасы, сүт безінің обыры), гиперпролактинемия; есірткілік анальгетиктермен, ұйықтататын заттармен, алкогольмен жедел улану; аффективті бұзылыстар, озбыр мінез-құлық, маниакальді психоз; биполярлы аффективті бұзылыстың маниакальді фазасы; эпилепсия; тұқым қуалайтын галактозаны, фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферменті тапшлығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, галактоземия; допаминнің паркинсонге қарсы емес агонистерімен біріктірілімі (каберголин және хинаголид).

Қауіпсіздік шаралары

Жүрек-қантамырлары аурулары (жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, отбасылық анамнезінде QT аралығының ұзаруы және/немесе қарыншалық аритмиялар қауіп факторларымен, науқастардың жүрек мәселесіне шағымдарымен, брадикардия, гипокалиемия) бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. QT аралығының ұзаруын және ауыр аритмияның дамуын анықтау үшін үнемі ЭКГ-қадағалау қажет. Паркинсон ауруы (антипсихотикалық әсерінің күшеюі), эпилепсия (құрысулық табалдырықты төмендетуі, құрысуды күшейтуі немесе эпилепсиялық талманы тудыруы мүмкін), депрессиялар, миастениялар, қуық асты безінің гипертрофиясы немесе жабық бұрышты глаукомаға бейімділік, анамнезінде сарғаю мен ауыр респираторлы ауруларда, қант диабетінде (гипергликемия), қанның патологиялық өзгерістерінде (егер қызбамен түсініксіз инфекция дамыса, қан талдауын бақылау) сақтықпен қолдану. Жоғары дозаларын қолданған кезде фотосезімталдық болуы мүмкін, сондықтан пациенттер тікелей күн сәулесінің әсерін болдырмау керек. Шизофрениясы бар пациенттер жүрек-қантамырлары ауруларының даму қаупін бағалауды қоса, жылына кемінде 1 рет тексерілуі тиіс. Егде жастағы пациенттерге антипсихотикалық препараттарды тағайындау кезінде пайда мен қауіп қатынасы қарастырылуы қажет. Деменция және/немесе мінез-құлық бұзылыстары аясында психозы бар егде жастағы науқастарда кенеттен өлім жағдайлары және инсульт немесе транзиторлы ишемиялық шабуыл даму қаупі байқалған. Бұдан басқа, егде жастағы пациенттер ыстық немесе суық ауа- райында гипер- немесе гипотермияға және ортостатикалық гипертензияға бейім болып келеді. Етеккір циклы тұрақсыз жас әйелдерде, айқын гипотензия мен гипертензиясы бар пациенттерде ерекше сақтық шараларын сақтау қажет. Қатерлі нейролептикалық синдром симптомдарының бірі болып табылатын гипертермия даму жағдайында, препаратты қабылдауды тез арада тоқтату қажет. Вегетативті дисфункцияның белгілері (өте жоғары тершеңдік және артериялық қысымның тұрақсыздығы) гипертермияның пайда болуына ықпал етуі мүмкін, нәтижесінде, ерте алаңдатарлық белгілерді көрсетеді. Алайда, нейролептиктердің бұл әсері идиосинкразиялық этиологиялы болуы мүмкін, кейбір қауіп факторлары оған бейімдейді, мысалы, дегидратация немесе бас миының органикалық зақымдануы. Көктамырлық тромбоэмболияның даму жағдайлары тіркелген. Емдеу кезінде психомоторлық реакциялардың жоғары жылдамдығын және жоғары зейін қоюды талап етумен байланысты, автокөлік басқару және қауіптілігі жоғары қызмет түрлерімен айналысудан бас тартқан жөн.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесу қарсы көрсетілген:- леводопа, паркинсонға қарсы дәрілер (ропиниролды қоса), себебі леводопа немесе паркинсонға қарсы заттармен және нейролептикалық дәрілер арасында өзара антагонизм бар;- сульпиридпен емдеу кезінде грейпфрут шырынын қолдану.Өзара әрекеттесу ұсынылмайды:- алкоголь нейролептикалық дәрілердің тыныштандыратын әсерін күшейтуі мүмкін;- torsade de pointes типті аритмия туындатуы немесе QT аралығын ұзартуы мүмкін дәрілермен біріктірілімі;- брадикардия туындататын дәрілер, мысалы, бета-адреноблокаторлар, кальций каналдарының блокаторлары, дилтиазем және верапамил, клонидин, гуанфацин, жүрек гликозидтері;- диуретикалық заттар сияқты, гипокалиемия туындататын дәрілер, диареяны ынталандыратын заттар, амфотерицин В (к/і), глюкокортикоидтар, тетракозактид - гипокалиемияны жою керек, - аритмияға қарсы Iа класс дәрілері, мысалы, хинидин, дизопирамид;- аритмияға қарсы III класс дәрілері, мысалы, амиодарон, соталол;- басқа дәрілер, пимозид, сультоприд, галоперидол, тиоридазин, метадон, имипрамин антидепрессанттары, литий, бепридил, цизаприд, эритромицин к/і, винкамин к/і, галофантрин, пентамидин және спарфлоксацин сияқты.Өзара әрекеттесуін бағалауға болады:- антацидтік дәрілер - сульпирид сіңірілуі азаяды және плазмада сульпирид деңгейі төмендеуі мүмкін, бұл емдік белсенділігінің азаюына немесе жоғалуына алып келуі мүмкін. Сульпирид және осы дәрілерді қолдану арасында 2 сағаттық аралықты сақтау керек.  - гипертензияға қарсы дәрілер - постуральді гипотензия пайда болу қаупі (қосымша әсері).- ОЖЖ депрессанттары, құрамында апиындар бар ауыруды басатын заттар, тыныштандыратын Н1 гистаминге қарсы дәрілер, барбитураттар, бензодиазепиндер мен басқа да анксиолитиктер, клонидин және басқа орталық әсері бар гипертензияға қарсы дәрілерді қоса;- литий экстрапирамидалық жағымсыз әсерлер қаупін арттырады. Нейроуыттылықтың бірінші белгілері кезінде екі дәрі-дәрмекті де қолдануды тоқтату ұсынылады.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі (КК) минутына 30-60 мл - әдеттегі тағайындалатын дозаның 50% , минутына 10-30 мл - әдеттегі тағайындалатын дозаның 30%, минутына < 10 мл - әдеттегі тағайындалатын дозаның 20%.

Жүктілік

Ұсынылмайды.

Емізу

Қарсы көрсетілген. Қабылдау кезінде бала емізуді тоқтату.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: жүрек айнуы, құсу, іш қатуы, тәбеттің жоғалуы, ауыздың құрғауы, дене салмағының жоғарылауы; ортостатикалық гипотензия; тахикардия, дистония; гиперпролактинемия (транзиторлы), галакторея, етеккір оралымының бұзылуы, гинекомастия, кеуденің ұлғаюы және кеудедегі ауыру, жыныстық салқындық, импотенция, гипергликемия; ұйқының бұзылуы, шамадан тыс қозу, ажитация.Сирек: ерте дискинезиялар (спастикалық қисық мойын, көздің қозғалу бұзылысы, шайнау бұлшықеттерінің түйілуі), гиперсаливация, акатизия; бас ауыруы, бас айналу; гемолитикалық анемия, апластикалық анемия, лейкоцитоз, тромбоцитопениялық пурпура, гранулоцитоз; көрудің бұлыңғырлауы, мидриаз; экстрапирамидалық синдром, кеш дискинезия, жедел дискинезия және дистония, тардивті дискинезия, тежелу, ұйқышылдық; ЭКГ өзгеруі, QT аралығының өзгерістері, torsades de pointes типтік аритмия, жүрек тоқтауына дейінгі қарыншалық фибрилляция; холестатикалық гепатит; гиперсенситивті реакциялар, қатерлі нейролептикалық синдром, гипертермия, бұлшықеттің қаттылануы, автономты тұрақсыздық, сананың бұзылуы; эксфолиативті дерматит, мультиформалы эритема, макулопапулезді бөртпе; креатинфосфокиназа (КФК) деңгейінің жоғарылауы; көктамырлық тромбоэмболия жағдайы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

12 жастан асқан балалар, бастапқы доза тәулігіне 1-2 мг/кг, қажет болған жағдайда дозаны тәулігіне 5 мг/кг дейін жоғарылату, ең жоғарғы доза тәулігіне 10 мг/кг. Тәуліктік доза 2-3 қабылдауға бөлінеді.14 жастан асқан балаларға күніне 2 рет 200-400 мг, ең жоғарғы доза жағымсыз симптоматика кезінде күніне 800 мг, жағымды симптоматика кезінде күніне 2,4 г. Туретта синдромы (дәрігердің бақылауымен): Ішке, 2 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға - күніне екі рет 50-400 мг; 12 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға күніне екі рет 1000-400 мг.12 жасқа дейінгі балаларға тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.