N05AH04 Кветиапин¹ (Quetiapine)

Қолдану көрсеткіштері

Шизофренияны қоса, жедел және созылмалы психоздарда, биполярлы бұзылыстар құрылымындағы маниакальді эпизодтарда, биполярлы бұзылыстар құрылымындағы орташа және ауыр депрессиялық эпизодтарда.
    Клинические протоколы:
  1. Депрессии без психотических симптомов
  2. Депрессии с психотическими симптомами
  3. Личностные расстройства (психопатии)
  4. Мании без психотических симптомов
  5. Мании с психотическими симптомами
  6. Острые психозы
  7. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением галлюциногенов (для взрослых)
  8. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением других стимуляторов (для взрослых)
  9. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением летучих растворителей (для взрослых)
  10. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением седативных и снотворных средств (для взрослых)
  11. Психические расстройства, связанные с физиологическими нарушениями
  12. Расстройства психические и поведенческие, вызванные употреблением новых психоактивных веществ
  13. Резидуальные психотические расстройства
  14. Сенильный психоз
  15. Шизофрения
  16. Болезнь Паркинсона

Қарсы көрсеткіштері

Кветиапинге және препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық, азолдар тобының зеңдерге қарсы препараттары, эритромицин, кларитромицин және нефазодон сияқты Р450 цитохромының тежегіштерімен, сондай-ақ протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау, галактозаны көтере алмаушылығы, Лапп лактаза немесе глюкоза-галактоза тапшылығымен сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер.                                                                                                                    

Қауіпсіздік шаралары

Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық аурулармен және гипотензияға бейім басқа да жағдайларда, айқын нейтропения кезінде, анамнезінде құрысу ұстамалары, гипотензия салдарынан аспирациялық пневмонияның қаупі бар пациенттерге тағайындағанда сақ болу керек. Нейтрофилдер мөлшері < 1,0 х 109 /л пациенттерде қабылдауды тоқтату керек. Кеш дискинезия симптомдары дамыған жағдайда препарат дозасын азайту немесе оны біртіндеп тоқтату ұсынылады.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін препараттармен, сонымен қатар алкогольмен - сақтықпен!Грейпфрут шырынымен бірге қабылдау ұсынылмайды.Кетоконазол - CYP3A4 тежегіші - бірге қолдану кветиапиннің «концентрация-уақыт» қисығы астындағы алаңның (AUC) 5-8 есе ұлғаюы.Карбамазепин - кветиапиннің плазмадағы концентрациясының төмендеуі, кветиапинмен емдеу тиімділігінің төмендеуі.Фенитоин - бауырдың микросомальді жүйесінің басқа индукторы - кветиапин клиренсінің айқын (шамамен 450%- ға) жоғарылауы.Кветиапинді бауырдың ферментті жүйесінің индукторларын қабылдайтын пациенттерге тағайындау кветиапинмен емдеуден күтілетін пайда препаратты - бауыр ферменттерінің индукторын тоқтатуға байланысты қауіптен басым жағдайда ғана тағайындауға болады.Тиоридазин - кветиапин клиренсінің шамамен 70%-ға жоғарылауы. Тәулігіне 2 рет 250 мг дозада кветиапин қабылдау аясында 2 мг лоразепам - лоразепам клиренсі шамамен 20%-ға төмендейді.Жүрек-қантамыр аурулары кезінде қолданылатын препараттар - өзара әрекеттесуі зерттелмеген.Кветиапин мен электролиттік теңгерімнің бұзылуын және QT интервалының ұзаруын тудыруға қабілетті препараттарды біріктіріп қолданғанда сақ болу керек.Кветиапин феназон метаболизміне қатысатын бауырдың ферменттік жүйелерінің индукциясын тудырмаған.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Емді тәулігіне 25 мг дозадан бастау және тиімді дозаға жеткенге дейін күнделікті 25-50 мг ұлғайту ұсынылады.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Емді тәулігіне 25 мг дозадан бастау және тиімді дозаға жеткенге дейін күнделікті 25-50 мг ұлғайту ұсынылады.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Препаратты қабылдау қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату қажет.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: ұйқышылдық, бас айналуы, бас ауыруы, ауыздың құрғауы, триглицеридтер, жалпы холестерин (негізінен, тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП) холестеринінің) концентрациясының жоғарылауы, тығыздығы жоғары липопротеидтер (ТЖЛП) холестерин концентрациясының төмендеуі, «тоқтату» синдромы, дене салмағының өсуі, гемоглобин концентрациясының төмендеуі, экстрапирамидалық симптомдар.Жиі: лейкопения, нейтропения, эозинофилия, гиперпролактинемия, әдеттен тыс және қорқынышты түс көру, ашушаңдық, дизартрия, тахикардия, жүрек соғуы, ортостатикалық гипотензия, анық көрмеу, іш қату, диспепсия, құсу, тәбеттің жоғарылауы, аздап айқын астения, шеткергі ісіну, аланинаминотрансфераза (АЛТ) белсенділігінің жоғарылауы, гаммаглутамилтрансфераза (ГГТ) белсенділігінің жоғарылауы, жалпы және бос Т4 концентрацияның төмендеуі, жалпы Т3 концентрацияның төмендеуі, ТТГ концентрациясының төмендеуі, гипергликемия, ентігу, қызба.Жиі емес: аса жоғары сезімталдық реакциялары, құрысулар, тынымсыз аяқ синдромы, кеш дискинезия, естен тану, ринит, дисфагия, аспартатаминотрансфераза (АСТ) белсенділігінің жоғарылауы, тромбоцитопения, бос Т3 концентрацияның төмендеуі.Сирек: сарғаю, приапизм, галакторея, қатерлі нейролептикалық синдром, гипотермия, креатинфосфокиназа белсенділігінің жоғарылауы, сомнамбулизм және ұқсас құбылыстар. Өте сирек: анафилаксиялық реакциялар, қант диабеті, гепатит, ангионевроздық ісіну, Стивенс-Джонсон синдромы. QT интервалының ұзаруы, қарыншалық аритмия, кенеттен өлу, жүрек тоқтауы және екі бағытты қарыншалық тахикардия нейролептиктерге тән жағымсыз әсерлер болып есептеледі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

17 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.