N05AH03 Оланзапин¹ (Olanzapine)

Қолдану көрсеткіштері

Шизофрения, біріктірілген немесе монотерапияда маниялар, биполярлы бұзылыстар кезінде мания қайталануының алдын алу; пероральді терапияны маниакальды көріністері немесе шизофрениясы бар науқастарда жүргізу мүмкін болмаған жағдайда мінез-құлық бұзылыстарын және ажитацияны (психомоторлы қозу) жылдам шеттету.
    Клинические протоколы:
  1. Депрессии без психотических симптомов
  2. Депрессии с психотическими симптомами
  3. Личностные расстройства (психопатии)
  4. Мании без психотических симптомов
  5. Мании с психотическими симптомами
  6. Органические психозы
  7. Острые психозы
  8. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением алкоголя (для взрослых)
  9. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением галлюциногенов (для взрослых)
  10. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением других стимуляторов (для взрослых)
  11. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением летучих растворителей (для взрослых)
  12. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением опиоидов
  13. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением седативных и снотворных средств (для взрослых)
  14. Психические и поведенческие расстройства, вызванныеупотреблением каннабиноидов
  15. Психические расстройства, связанные с физиологическими нарушениями
  16. Расстройства психические и поведенческие, вызванные употреблением новых психоактивных веществ
  17. Резидуальные психотические расстройства
  18. Сенильный психоз
  19. Шизофрения
  20. Болезнь Паркинсона
  21. Рак мочевого пузыря
  22. Гепатоцеллюлярная карцинома
  23. Рак шейки матки
  24. Рак предстательной железы
  25. Рак желудка
  26. Рак пищевода
  27. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  28. Рак поджелудочной железы
  29. Злокачественные новообразования прямой кишки
  30. Злокачественные новообразования ободочной кишки
  31. Злокачественные опухоли гортаноглотки
  32. Злокачественные новообразования слюнных желез
  33. Рак вульвы
  34. Злокачественные новообразования гортани
  35. Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
  36. Злокачественные новообразования ротоглотки
  37. Злокачественные новообразования носоглотки
  38. Злокачественные новообразования полости рта
  39. Опухоли средостения
  40. Доброкачественные и злокачественные новообразования центральной нервной системы
  41. Злокачественные неоплазии тела матки
  42. Пограничные и злокачественные опухоли кости
  43. Саркомы мягких тканей
  44. Рак губы
  45. Рак кожи
  46. Рак легкого

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа асқын сезімталдық; коматозды жағдайлар; орталық жүйке жүйесінің тежелуі, феохромоцитома; сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық; Лапп лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы; инъекция үшін: жедел миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия, ауыр артериялық гипотензия, брадикардия, синустық түйіннің әлсіздік синдромы, жүрекке операция; жабық бұрышты глаукома даму қаупінің болуы.

Қауіпсіздік шаралары

Жүрек-қантамырлары аурулары (жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, отбасылық анамнезінде QT аралығының ұзаруы және/немесе қарыншалық аритмиялар қауіп факторымен, пациенттің жүрекпен проблемаларына шағымдарымен байланысты) бар науқастарда сақтықпен қолдану. QT аралығының ұзаруын және ауыр аритмияның дамуын анықтау үшін үнемі ЭКГ- қадағалау қажет. Паркинсон ауруы (антипсихотикалық әсерінің күшеюі), эпилепсия (тырысу табалдырығын төмендетуі, тырысуларды күшейтуі немесе эпилепсиялық талманы тудыруы мүмкін), депрессиялар, миастениялар, қуық асты безінің гипертрофиясы немесе жабық бұрышты глаукомаға бейімділік, анамнезінде сарғаю мен ауыр респираторлы ауруларда, қанның патологиялық өзгерістерінде (егер қызбамен түсініксіз инфекция дамыса қан талдауын бақылау) сақтықпен қолдану. Жоғары дозаларын қолданған кезде фотосезімталдық болуы мүмкін, сондықтан пациенттер тікелей күн сәулесінің түсуін болдырмау керек. Шизофрениясы бар пациенттер жүрек-қантамырлары ауруларының даму қаупін бағалауды қоса, жылына кемінде 1 рет тексерілуі тиіс. Деменциямен психозы және/немесе мінез-құлық бұзылыстары бар егде жастағы науқастарға ұсынылмайды (кенеттен өлім жағдайлары байқалған). Салданған ішек бітелуі, қант диабеті (кетоацидоз даму қаупі), шығу тегі әртүрлі лейкопениясы және/немесе нейтропениясы, шығу тегі әртүрлі миелосупрессиясы, сонымен бірге, миелопролиферативті аурулары, гиперэозинофильді синдромы бар науқастарда, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі, иммобилизация, жүктілік кезінде, орталық әсерлі басқа да дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдауда сақтықпен қолдану және алкоголь ішуді болдырмау. Биполярлы бұзылыстың депрессивті фазасында қолдану кезінде суицид қаупі бар. Ем басталғаннан 12 аптадан кейін және емнен кейін әрбір 5 жыл сайын липидтер құрамын үнемі клиникалық бақылау ұсынылады. Леводопа және басқа да дофаминді рецепторлар агонистерінің әсерін басуы мүмкін. Көктамырлар тромбоэмболиясы, қатерлі нейролептикалық синдромның (ҚНС) (ҚНС симптомдары дамыған жағдайда, дене температурасының себепсіз көтерілуі кезінде тоқтату қажет) даму жағдайлары тіркелген. Ем ұзақтығын арттырған кезде кеш дискинезияның даму қаупі жоғарылайды, препаратты қабылдауды тоқтату немесе дозасын төмендету қажет. Дискинезия симптомдары препаратты тоқтатқаннан кейін уақытша көтерілуі мүмкін. Егер науқас емдеу кезінде шылым шегуді бастаса немесе тоқтатса дозаны түзету қажет болуы мүмкін. Бұлшықеттік инъекциядан кейін 4 сағат ішінде АҚ, пульс және тыныс алу жиілігі, әсіресе бензодиазепин немесе басқа антипсихотикалық препараттарды (препараттарды қабылдау аралығы бір сағаттан кем болмауы тиіс) қабылдаған пациенттерде бақылануы қажет. Жүрек-қантамырлары аурулары бар, жүрегіне операциядан кейінгі науқастарда б/і қолданбау. Гипотонияға бейім, цереброваскулярлық аурулары бар науқастарға ішке сақтықпен қолдану. Препаратты тоқтату кезінде дозасын біртіндеп азайту ұсынылады. Жоғары зейін мен психомоторлық реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін автокөлік жүргізу және ықтимал қауіпті іс-әрекеттер түрімен айналысуда сақ болу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Шылым шегетін пациенттер, карбамазепин - қандағы оланзапин концентрациясының төмендеуі.Флувоксамин, ципрофлоксацин – оланзапин метаболизмінің нашарлауы, оланзапин дозасын түзету талап етіледі.Алкоголь және ОЖЖ тежейтін басқада заттар - тежелудің күшеюі, ортостатикалық гипотензияны потенцирлеу.QTc интервалын ұзартатын заттар - оланзапинмен бір мезгілде САҚТЫҚПЕН ҚОЛДАНУ.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бастапқы дозасын күніне 5 мг дейін азайту.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бастапқы дозасын күніне 5 мг дейін азайту. Бауыр функциясын үнемі бақылау. Бауырдың үдемелі ауруы немесе бауыр жеткіліксіздігінде қолдануды болдырмау.

Жүктілік

Анасы үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіпті ақтаған жағдайда ғана қолдануға болады. Жүктіліктің үшінші триместрінде қолдану кезінде жаңадан туылған нәрестелерде абстинентті синдром мен экстрапирамидалық әсерлердің дамуы туралы мәлімделген.

Емізу

Ана сүтінде айтарлықтай концентрациясы жиналады. Тағайындауды болдырмау.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: орталық жүйке жүйесі тарапынан (ұйқышылдық, бас айналуы, шаршағыштық, паркинсонизм); эндокринді жүйе (дене салмағының артуы, гиперпролактинемия, ауыр гипергликемия немесе кетоацидозға, комаға, кейде өлімге алып келетін, бар қант диабетінің өршуі, глюкозурия); жүрек-қантамыр жүйесі (постуральді гипотензия, ісінулер, брадикардия); асқазан-ішек жолы (тәбеттің артуы, іш қатуы, ауыздың құрғауы); қан тарапынан (лейкопения, нейтропения, эозинофилия, липидтер, бауыр ферменттері, триглицеридтер, сілтілік фосфатаза, гаммаглутамилтрансфераза, несеп қышқылының және креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы), артралгия, инъекция орнындағы жайсыздық.Сирек: агранулоцитоз; экстрапирамидалық бұзылыстар, қатерлі нейролептикалық синдром; мұрыннан қан кету, алопеция, амнезия, тромбоэмболия; тамақтың аспирациясы (тыныс жолдарына түсуі); панкреатит, гепатит; қаңқа бұлшықетінің жедел некрозы; гиповентиляция; кеш дискинезия, тыныс тарылуы/ тоқтауы; ішек парезі/ бітелуі. 

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.