N05AB04 Прохлорперазин (Prochlorperazine)

Қолдану көрсеткіштері

Меньер синдромымен астасқан бас айналуда, сондай-ақ  бас сақинасын қоса, кез келген себептен болатын жүрек айнуында және құсуда; шизофренияда (әсіресе созылмалы сатысындағы), жедел манияда, үрейленуді емдеуде.

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық; ауыр түрдегі жүрек-қантамыр аурулары (декомпенсацияланған ЖСЖ,  артериялық гипотензия); ОЖЖ функциясының айқын тежелуі және кез келген этиологиядағы коматозды жағдай; ми жарақаттары, ми және жұлын-мидың үдемелі жүйелік аурулары; тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар.

Қауіпсіздік шаралары

• Паркинсон ауруы, гипотиреоидизм, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, феохромоцитомасы, gravis миастениясы және қуықасты безінің гипертрофиясы бар пациенттерге қолдануға ұсынылмайды.• Препаратты фенотиазиндерге сезімталдығы жоғары, сондай-ақ анамнезінде тар бұрышты глаукомасы немесе агранулоцитозы бар пациенттерге тағайындамаған жөн. • Эпилепсиясы немесе анамнезінде ұстамалары бар пациенттерді мұқият медициналық бақылауға алу қажет.• Препаратты біртіндеп тоқтату ұсынылады . • Фотосенсибилизация қаупіне байланысты, пациенттер тікелей түсетін күн сәулесінен сақтанғаны жөн.• QT аралығының ұзартылуы бар пациенттерде препаратпен емдеу басталғанға дейін пайда/тәуекел арақатынасын мұқият бағалау керек.• Препаратты инсульт қаупі бар,егде жастағы пациенттерге,   қолданғанда, әсіресе өте ыстық немесе өте суық ауа райында сақ болу қажет (гипер- және гипотермия қаупі  бар). • Қант диабетінің диагнозы белгіленген немесе диабеттің даму қаупі факторлары бар пациенттер емдеу кезінде тиісті гликемиялық мониторингтен өтуі тиіс.• Артық дозаланған пациенттерде адреналинді қолдануға кеңес берілмейді.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

 • ОЖЖ-ге нейролептикалық препараттардың депрессиялық әсері алкогольді тұтынғанда, барбитураттарды және басқа да седативтік агенттерді қабылдағанда  күшеюі мүмкін. •Антихолинергиялық препараттар - антипсихотикалық әсерінің төмендеуі. •Антацидтер, паркинсонияға қарсы дәрілер және лития препараттары- нейролептиктердің сіңуін тежейді.•Амфетамин, леводопа, клонидин, гуанетидин, адреналин сияқты фенотиазинді нейролептиктер- әсеріне кері болуы мүмкін. • Дефероксамин - бір мезгілде қолдану сананың 48–72 сағат жоғалуымен қатар жүретін транзиторлы метаболизмдік энцефалопатияның дамуына әкеледі.  •QT аралығын ұзартатын препараттар-(кейбір антиаритмиялық препараттар, антидепрессанттар және басқа да антипсихотиктер)  және электролиттік теңгерімнің бұзылуын тудыратын заттар- бір мезгілде қабылдағанда аритмияның жоғары қаупі бар. •Миелосупрессивті әсері бар препараттар (карбамазепин), кейбір антибиотиктермен және цитоуытты препараттар-бір мезгілде қабылдағанда агранулоцитоздың даму қаупі артуы мүмкін.• Литий препараттары - бір мезгілде қабылдағанда нефроуыттылық пайда болады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің бұзылысы кезінде ұсынылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің бұзылысы кезінде ұсынылмайды.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: гипотензия; бас айналу, ұйқышылдық, ұйқысыздық және ажитация; ауыз ішінің құрғауы, жүректің айнуы, құсу, анорексия, эпигастрийдегі жайсыздық, диарея; аменорея, гиперпролактинемия, либидоның төмендеуі, дисменорея, галакторея, эякуляцияның бұзылуы, гинекомастия, дене салмағының артуы, жүктілікке жалған оң тестілер; қатты қажығыштық, тәбеттің төмендеуі немесе артуы, жүректің айнуы, құсу, холестаздық сарғаю; экстрапирамидті бұзылыстар (паркинсонизм, кешеуілдеген дискинезия); жедел дистония немесе дискинезия, , әдетте өтпелі окулогирлік кризисті қоса алғанда; паркинсонизм, тремор; кеш дискинезия; сүйек кемігінде қан түзудің тежелуі  (тромбоцитопения, лейкопения, анемия, панцитопения, эозинофилия, агранулоцитоз); аллергиялық реакциялар: тері бөртпелері, есекжем, ангионевротикалық ісіну; галлюцинация, психомоторлық қозу; қатерлі ісіну нейролептикалық синдром (гипертермия, ригидность, автономды дисфункция және сананың өзгеруі); QT аралығының ұзаруы (басқа нейролептиктердегі сияқты), ST сегментінің депрессиясы, U және T тістерінің өзгеруі; гипонатриемия; диурезге қарсы гормонның сәйкессіз секреция синдромы (SIADH); тыныс алудың тежелуі; мұрынның бітелуі.Өте сирек: құрысулар.

Балаларда қолданылуы

12 жастан асқан балаларға абайлап қолдану керек.Бұрын диагноз қойылған мигренмен жүрек айнуы және құсу 5-10 мг-нан күніне 3 ретке дейін. 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.