N05AA01 Хлорпромазин¹ (Chlorpromazine)

Қолдану көрсеткіштері

Жедел және созылмалы психоздық бұзылыстар, үрейлі бұзылыстар кезіндегі ажитация, мінез-құлық бұзылыстары, гипотермия индукциясы, ұдайы ықылық тию; ауыр аурулардың терминальді сатыларындағы басылмайтын жүрек айну және құсу.
    Клинические протоколы:
  1. Столбняк
  2. Бешенство у взрослых
  3. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  4. Аутизм
  5. Детский тип шизофрении
  6. Личностные расстройства (психопатии)
  7. Мании без психотических симптомов
  8. Мании с психотическими симптомами
  9. Органические психозы
  10. Психические и поведенческие расстройства вызванные употреблением каннабиноидов у несовершеннолетних (7-18 лет)
  11. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением алкоголя (для взрослых)
  12. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением летучих растворителей у несовершеннолетних (7-18 лет)
  13. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением опиоидов
  14. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением опиоидов у несовершеннолетних (7-18 лет)
  15. Психические расстройства, связанные с физиологическими нарушениями
  16. Расстройства поведения у детей и подростков
  17. Резидуальные психотические расстройства
  18. Сенильный психоз
  19. Синдром Ретта
  20. Умственная отсталость
  21. Шизофрения
  22. Ликворея
  23. Опухоли основания черепа (хирургическое лечение)
  24. Острый рассеянный энцефаломиелит
  25. Энцефалит у детей и взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық; лактозаны көтереалмаушылық; тұқым қуалайтын фруктоза көтереалмаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар; орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) функциясын бәсеңдететін заттармен улану; кез келген этиологиядағы коматоздық жағдайлар; сүйек кемігі қантүзілімінің бәсеңдеуі.

Қауіпсіздік шаралары

Келесі жағдайларда препаратты сақтықпен қолдану керек: Паркинсон ауруы, белсенді алкоголизм, сүт безінің ісігі, эпилепсия, тыныс алудың бұзылуымен қатар жүретін созылмалы аурулар (әсіресе балаларда), Рейе синдромы, кахексия, егде жас, құсу. Емдеу кезінде АҚ, тамыр соғысын, қан көрінісін тұрақты бақылап отыру қажет. Лейкоцитоз және гранулоцитопения пайда болған жағдайда емдеуді тоқтату қажет. Әрбір пациент температурасы көтерілгенде, тамақ ауырғанда немесе инфекциялық аурулардың басқа көріністерінде бұл туралы емдеуші дәрігерге дереу мәлімдеуі тиіс екені жөнінде хабардар етілуі қажет. Кеш дискинезия белгілері мен симптомдары туындаған жағдайда, дозасын азайту немесе барлық психозға қарсы дәрілік заттарды тоқтату мәселесін қарастыру керек. Препарат дозасына байланысты QТ аралығының ұзаруын күшейтуі мүмкін, бұл қарыншалық аритмияның, оның ішінде «пируэт» типінің қаупін арттырады. Инсульт дамуының қауіп факторы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Ұзақ емдеген кезде тұрақты офтальмологиялық бақылау ұсынылады. Фотосенсибилизация қаупіне байланысты ультракүлгін сәулеленуден аулақ болу қажет. Препарат латентті gravis миастениясының ағымын нашарлатуы немесе пайда болуына жағдай жасауы, сондай-ақ миастениялық синдромды туындатуы мүмкін. "Тоқтату" синдромының дамуын болдырмау үшін препаратпен емдеуді біртіндеп тоқтату керек. Емдеу кезеңінде зейін қоюды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрілерімен айналысуды тоқтата тұру қажет. 

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

ОЖЖ тежейтін ықпалы бар басқа да препараттарды (жалпы анестезияға арналған дәрілер, есірткілік анальгетиктер, этанол (алкоголь) және құрамында этанол бар препараттар, барбитураттар, транквилизаторлар және т.б.) хлорпромазинмен бір мезгілде қолдану - ОЖЖ депрессиясының күшеюі, сондай-ақ тынысты тарылтуы мүмкін.Анальгетиктер және антипиретиктер - гипертермия дамуы мүмкін.Трициклдік антидепрессанттар, мапротилин немесе моноаминоксидаза (МАО) тежегіштері - нейролептикалық қатерлі синдром даму қаупінің артуы.Эпинефрин мен басқа симпатомиметиктер және эпилепсияға қарсы препараттар - құрысуға дайындық шегінің төмендеуі.Гипертиреозды емдеуге арналған препараттар - агранулоцитоз даму қаупінің жоғарылауы.Экстрапирамидалық реакцияларды тудыратын препараттар - экстрапирамидалық бұзылулардың жиілігі және ауырлығы артуы мүмкін.Анестезияға арналған дәрілер, «баяу» кальций өзекшелері блокаторлары және басқа гипотензиялық дәрілер және тразодон - хлорпромазин бұл заттардың гипотензиялық әсерін арттырады.Ангиотензин айналдырушы фермент (ААФ) тежегіштері - ауыр ортостатикалық гипотензия туындауы.Аритмияға қарсы Iа және III класс ДЗ, бета-блокаторлар, кальций өзекшелерінің кейбір блокаторлары, оймақгүл ДЗ, пилокарпин, антихолинэстеразалық ДЗ - хлорпромазинмен бір мезгілде қолдану, брадикардиямен және «пируэтті» қоса қарыншалық аритмияның даму қаупімен қатар жүруі мүмкін.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметіне мониторинг жүргізу талап етіледі.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметіне мониторинг жүргізу талап етіледі.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген. Плаценталық бөгет арқылы өтеді.

Емізу

Қарсы көрсетілген. Ана сүтіне енеді. Препаратты қолдану қажет болған жағдайда емдеу уақытында бала емізуді тоқтату керек.

Жағымсыз әсерлері

Орталық жүйке жүйесі тарапынан: дистониялық реакциялар, акинеторигидті құбылыстар, акатизия, гиперкинездер, тремор, вегетативті бұзылыстар, дәрілік индукцияланған паркинсонизм симптомдары, ерте дискинезиялар; ұзақ емдеген кезде - кеш дискинезия, қатерлі нейролептикалық синдром, ұйқышылдық, бас айналу, ұйқының бұзылуы, психикалық индифференттілік құбылыстары, сыртқы тітіркендіргіштерге кешігіп реакция беру, мазасыздық, пациенттің көңіл күйіндегі өзгерістер, ажитация, ұйқысыздық, нейролептикалық депрессия.Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: ортостатикалық гипотензия, тахикардия, қарыншалық аритмиялар, QT аралығының ұзаруы, Т және U тісшелерінің өзгеруі, көктамырлық тромбоэмболия.Тыныс алу жүйесі тарапынан: тыныс алудың тежелуі, мұрынның бітелуі.Ас қорыту жүйесі тарапынан: жүрек айну, құсу, диарея, ауыздың құрғауы, анорексия, іштің қатуы немесе ішек бітелісі.Гепатобилиарлы жүйе тарапынан: холестаздық сарғаю және бауырдың зақымдануы.Несеп-жыныс жүйесі тарапынан: несеп шығарудың қиындауы, аменорея, олигоменорея, белсіздік, жыныстық салқындық, олигурия, приапизм.Эндокриндік жүйе тарапынан: гиперпролактинемия, галакторея, гинекомастия.Қан түзу ағзалары тарапынан: қан ұюының артуы, лимфо- және лейкопения, анемия, агранулоцитоз.Сезім мүшелері тарапынан: көз бұршағы мен мөлдір қабықтың көмескіленуі, аккомодацияның бұзылуы.Тері жабындары тарапынан: тері фотосенсибилизациясы, тері пигментациясы, меланоз.Иммундық жүйе тарапынан: аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық реакциялар, жүйелі қызыл жегі.Маңызды! Мұнда жағымсыз әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Шизофрения, басқа психоздар, ажитация, аутизм, гипотермия индукциясы, ауыр аурулардың терминальді сатыларындағы басылмайтын жүрек айну және құсу. Ішке. 12 жастан асқан балалар: 550 мкг/кг-нан (0,55 мг/кг) немесе 1 м2 дене беткейіне 15 мг-нан қажет болған жағдайда әрбір 6-8 сағат сайын тағайындайды. 46 кг дейінгі дене салмағында препаратты тәулігіне 75 мг-нан артық тағайындамау керек. Бұлшықет ішіне және көктамырға арналған инъекциялар. 1 жастан асқан балалар: бір реттік доза дене салмағының 250-500 мкг/кг; 5 жастан асқан дене салмағы 23 кг-ға дейінгі балалар – тәулігіне 40 мг, 5 жастан 12 жасқа дейінгі дене салмағы 23-46 кг болатын балалар – тәулігіне 75 мг құрайды. 12 жасқа дейінгі балаларға қатты дәрілік түрлер, 1 жасқа дейінгі балаларға инъекциялық түрлер қарсы көрсетілген.