N04BA02 Леводопа және декарбоксилаза тежегіші¹ (Levodopa and decarboxylase inhibitor)
Қолдану көрсеткіштері
Паркинсон ауруы, Паркинсон синдромы.
-
Клинические протоколы:
- Болезнь Ниманна-Пика
- Болезнь Паркинсона
- Гиперкинезы
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың кез келген компонентеріне асқын сезімталдық: жабық бұрышты глаукома; МАО таңдамалы емес тежегіштерімен (Б типті моноаминооксидазаның жеке тежегіштерінің ұсынылған дозаларын қоспағанда, мысалы, селегилин гидрохлориді) бір уақытта қолдану; диагностикаланбаған тері аурулары немесе анамнезіндегі меланома; психикалық бұзылыстар және мінез-құлық бұзылыстары.
Қауіпсіздік шаралары
Дәрілік заттар туындатқан экстрапирамидалық реакцияларды жою үшін қолданылмайды, сондай-ақ Гентингтон хореясын емдеу үшін ұсынылмайды. Симпатомиметиктерді қолдануға қарсы көрсетілімдер болғанда препаратты қолданбаған жөн. Препаратты қабылдайтын барлық пациенттер психикалық өзгерістерді, қатарлас суицидтік ниеттермен депрессиялық синдромды анықтау үшін мұқият қадағалануы тиіс. Препаратты ауыр жүрек-қантамыр аурулары, өкпенің ауыр аурулары, бронх демікпесі, психикалық бұзылыстары, құрысу синдромы, ашық бұрышты глаукомасы, анамнезінде асқазан және/немесе он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы (ас қорыту жолының жоғарғы бөлімдерінен қан кету ықтималдығына байланысты) бар пациенттерге бүйрек, бауыр және эндокриндік жүйе мүшелерінің ауруларында сақтықпен тағайындау керек. Жуырда жүрекшелік, түйінді немесе қарыншалық аритмия болғанда миокард инфарктісін бастан өткізген пациенттерге де сақтықпен тағайындайды. Препаратты қолданғанда хореоатетоидтық типтегі гиперкинеза пайда болған пациенттер қадағалануы тиіс. Препаратты тоқтатқан жағдайда дозаны біртіндеп төмендетеді, бұл ретте пациенттің жағдайын мұқият қадағалау керек. Дозаны бірден төмендеткенде немесе препаратты тоқтатқанда, әсіресе егер олар психозға қарсы дәрілер қабылдайтын болса пациенттердің жағдайына мұқият бақылау жүргізу қажет. Мүмкін болатын меланоманы анықтау үшін тері жағдайын үнемі бақылау ұсынылады және емдеу уақытында білікті маман (мысалы, дерматолог) теріні мерзімді тексеріп отыру керек. Көлік құралын немесе басқа да қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақтық таныту керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Препаратты басқа дәрілік заттармен бірге сақтықпен қабылдау керек. Кейбір гипотензивті заттар - ортостатикалық гипотензия симптомдары. Препаратпен емдеудің басында гипотензиялық дәрілердің дозасын түзету талап етіледі. Үшциклді антидепрессанттар - артериялық гипертензия және дискинезияны қоса, жағымсыз реакциялардың болуы мүмкін. Антихолинергиялық заттар - леводопаның абсорбциясына және сәйкесінше пациенттің емге қатысты жауабына ықпал етуі мүмкін. Мұндай жағдайларда препараттың дозасын түзету қажет. Селегилин - ауыр ортостатикалық гипотензия. Дофаминдік D2-рецепторлардың антагонистері (мысалы, фенотиазиндер, бутирофенондар, рисперидон) - емдік әсерін төмендетеді. Папаверин және фенитоин - паркинсонизмге қарсы әсерін әлсіретуі мүмкін. Метоклопрамид - қан плазмасындағы леводопаның концентрациясын ұлғайтады. Темір препараттары - леводопаның сіңірілуін басуы мүмкін. Симпатомиметиктер - леводопаның жүрек-қантамырлық жағымсыз әсерлерін көтермелеуі мүмкін. Катехолометилтрансфераза тежегіштері (толкапон, энтакапон) - леводопаның биожетімділігін жоғарылатуы мүмкін.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: дискинезия (хореяны қоса), дистония, анорексия, ұйқының бұзылуы, елестеулер, суицидтік үрдістермен немесе оларсыз депрессия, сананың шатасуы, брадикиния көріністері («on-off» - синдром), бас айналу/вертиго, парестезия, ұйқышылдық, өте сирек күндізгі сомноленция және кенеттен ұйықтап кету ұстамаларын қоса, жүрек қағу, ортостатикалық әсерлер, артериялық гипотензия ұстамаларын қоса, диспноэ, диарея, жүрек айну, кеуденің ауыруы.Сирек: қозу, естен тану, есекжем, бұлшықеттердің құрысуы, агранулоцитоз, лейкопения, анемия (гемолиттік және гемолиттік емес), тромбоцитопения, ангионевроздық ісіну, патологиялық құштарлану, либидоның жоғарылауы, аса жоғары сексуалдылық, әсіресе, препаратты жоғары дозаларда қолданғанда (бұл көріністер дозаны азайтқанда немесе препаратпен емдеуді тоқтатқанда басылады), деменция, құрысулар, жүрек функциясының бұзылуы, артериялық гипертензия, флебиттер, асқазан-ішектен қан кету, он екі елі ішектің ойық жарасының дамуы, сілекейдің қараюы, терінің қышынуы, Шенлейн-Генох ауруы, алопеция, бөртпе, тер бездері секретінің қараюы, несептің күңгірттенуі, қатерлі меланома, дене салмағының азаюы немесе артуы, ісінулер, үрей сезімі, бағдардан жаңылу, эйфория, ұйқысыздық, бруксизм, атаксия, қол дірілінің күшеюі, экстрапирамидалық және қозғалыс бұзылулары, бас ауыру, ойлау белсенділігінің төмендеуі, жасырын Бернар-Горнер синдромының белсенуі, ұю, окулогирлі криздер (көз алмасының сыртқы бұлшықеттерінің түйілуі), тризм, блефароспазм, анық көрмеу, қарашықтардың кеңеюі, диплопия, бет терісіне қан «құйылу», гиперемия, қарлығу, тыныс алудың бұзылуы, ауыздың құрғауы сілекей ағу, дисфагия, іштің ауыруы және жайсыздық сезімі, іш қату, метеоризм, диспепсия, тілдің ашытуын сезіну, ауыздың кермек татуы, кекіру, жүрек айну, қатты терлеу, несепті ұстай алмау, несеп шығару кідірісі, приапизм, астения, қажу, әлсіздік, қатерлі нейролептикалық синдром, сілтілік фосфатаза, АСТ, АЛТ, лактатдегидрогеназалар, билирубин құрамының артуы, несеп қышқылы, плазмадағы азот мочевинасы мөлшерінің көбеюі, сарысулық креатинин мөлшерінің жоғарылауы, гиперурикемия, оң Кумбс сынамасы, гемоглобин және гематокриттің төмендеуі, гипергликемия, лейкоцитоз, бактериурия, эритроцитурия. Құрамында карбидопа және леводопа бар препараттар, егер кетонурия анықтауға тест-жолақтар пайдаланылса, несептегі кетонды денелерге жалған оң реакция туғызуы мүмкін. Бұл реакция несеп сынамасын қайнатудан кейін өзгермейді. Глюкозурияны анықтауға глюкозооксидазалық әдіс пайдаланылғанда жалған теріс нәтижелер алуға болады.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 18 жасқа дейінгі балаларда препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша ұсынымдары жоқ.