N03AX21 Ретигабин (Retigabine)
Қолдану көрсеткіштері
Салдарлы жайылумен қатар жүретін немесе қатар жүрмейтін парциальді құрысу ұстамалары бар емделушілердегі эпилепсияның резистентті түрлерін қосымша емдеу, басқа препараттар біріктірілімін пайдалану тиімсіз болған жағдайда немесе оларға дәрілік көтере алмаушылық анықталғанда.
Қарсы көрсеткіштері
Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Препаратың бақыланатын клиникалық зерттеулерінде сананың шатасуы, психоздық бұзылыстар және елестеулер аталды. Осы әсерлер көбінесе емдеудің алғашқы 8 аптасында дамып, емделушілерде препаратты тоқтатуға жиі алып келді. Суицидтік идеялар мен мінез-құлық бірнеше көрсетілімдер бойынша эпилепсияға қарсы препараттар алған емделушілерде болды. Суицидтік идеялар немесе мінез-құлық белгілерін анықтау үшін емделушілерге бақылау жасаған жөн. Емделушілерге (оларды күтіп-бағатын тұлғаларға) суицидтік идеялар немесе мінез-құлық көрініс бергенде медициналық жәрдемге жүгіну қажеттілігі жөнінде ескерткен дұрыс. Тоқтату кезіндегі құрысуды болдырмау үшін препаратты біртіндеп тоқтату керек. Ретигабин дозасын, қауіпсіздік нысанасынан препарат қолдануды күрт тоқтату жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, кемінде үш апта бойы азайту ұсынылады. Емделушілерді осындай болжамды әсерлердің даму қаупі жөнінде ескерту ұсынылады. Препарат QT аралығының ұзаруына қатысты орташа және өткінші әсер туындатады. Ретигабинді QT аралығын ұзартатын дәрілік препараттармен үйлестіріп тағайындағанда және QT аралығының туа біткен ұзару синдромы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, қарыншалар гипертрофиясы, гипокалиемиясы немесе гипомагниемиясы бар емделушілерде сақтық шарасын қадағалау керек. Несептің іркілу қаупі бар емделушілерде абайлап қолдану керек, емделушілерді осындай әсер қатерінен сақтандыруға кеңес беріледі. Емдеу кезінде торқабықпен бірге көз тіндері пигментациясының (реңінің) өзгеруі тырнақ қабаттары, ерін және/немесе тері жабындары түстерінің өзгеруі мүмкін, офтальмологиялық тестілер (көру өткірлігін, саңылау шамы көмегімен зерттеуді, көз түбін тексеруді қоса) емделушілерде емнің басында және кемінде әр 6 айда өткізілуі тиіс. Басқа препараттарды қолдану мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, көру тарапынан өзгерістер болған немесе торқабық пигментациясы анықталған жағдайда препаратты қабылдау тоқтатылуы тиіс. Препаратты қабылдауды жалғастырған жағдайда емделушілер емдеуші дәрігер тарапынан аса тиянақты бақылауға алынуы тиіс. Аталған препарат емделушілерге қалай ықпал ететіні нақты анықталмайынша автокөлікті немесе механизмдерді басқармауға кеңес беру ұсынылады. Әр емделушінің эпилепсияға қарсы препараттарға жекеше жауабына орай, емделушімен жүргізу кезінде болуы мүмкін өзгеше жайттарды талқылау ұсынылады.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Дигоксин- дигоксиннің бүйректік клиренсінің бәсеңдету, дозасын түзету қажет емес.Алкогольмен қабылданғанда көруге қатысты әсерлер болуы мүмкін екенін ескерту ұсынылады.Препарат қан сарысуындағы билирубиннің, несептің зертханалық көрсеткіштеріне ықпалын тигізетіні және көрсеткіштердің жалған жоғарылауына алып келетіні көрсетілген
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметінің орташа ауыр немесе ауыр бұзылулары бар емделушілерге ретигабин дозасын түзету ұсынылады.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметінің орташа ауыр немесе ауыр бұзылулары бар емделушілерге ретигабин дозасын түзету ұсынылады.
Жүктілік
Ұсынылмайды, емнен ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
Емізу
Ұсынылмайды.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: бас айналу, ұйқышылдық, қажуЖиі: психоз, психоздық бұзылыстар, елестеулер, бағдардан жаңылу, үрейлену; диплопия, көрудің анық болмауы; денеге салмақ қосу, тәбеттің артуы; амнезия, афазия, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, бас айналу, парестезиялар, тремор, тепе-теңдіктің бұзылуы, есте сақтаудың нашарлауы, дисфазия, дизартрия, зейіннің нашарлауы, жүріс-тұрыстың бұзылуы, миоклонус; жүрек айну, іш қату, диспепсия, ауыздың кеберсуі; бауыр сынамаларының жоғарылауы; дизурия, несеп шығарудың қиналыспен басталуы, гематурия, хроматурия; астения, дімкәстану, шеткергі ісінулер; тырнақ қабаттары, ерін және/немесе тері жабындары реңдерінің көгілдір-сұр түске дейін өзгеруі. Осы жағымсыз реакциялар, негізінен, ұсынылуынан жоғары дозаларды қолданғанда немесе препаратты көп жыл қабылдағанда дамиды.Торқабықты қоса, көз тіндері пигментациясының (нұрлы қабықтың түссізденуі) өзгеруі (негізінен препаратты ұзақ уақыт қабылдағанда) Кейде: гипокинезия; гипергидроз; дисфагия (немесе жұтынудың қиындауы); несеп іркілісі.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.