N03AX12 Габапентин (Gabapentin)
Қолдану көрсеткіштері
Салдарлы жайылумен немесе салдарлы жайылусыз парциальді эпилепсиялық ұстамалардың монотерапиясы немесе кешенді терапиясы.
-
Клинические протоколы:
- Заболевания белого вещества головного мозга
- Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
- Болезнь Фабри
- Диабетическая нейропатия (дистальная симметричная полинейропатия)
- Рассеянный склероз
- Синдром Гийена-Барре
- Хроническая воспалительная демиелинизирующая полинейропатия
- Последствия инфаркта мозга
- Синдром грудного выхода
- Хроническая ишемия мозга
- Дегенеративные заболевания поясничного отдела позвоночника со спинальной нестабильностью (оперативное лечение)
- Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
- Эпилепсия у детей
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе кез келген қосымша заттарға асқын сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Эпилепсияға қарсы дәрілік заттармен емдеу кезінде науқастарда депрессия және көңіл- күй өзгерістері байқалуы мүмкін. Қант диабеті бар науқастарда қандағы қант деңгейін бақылау керек, кейде диабетке қарсы препарат дозасын өзгерту қажеттілігі туындайды. Жедел панкреатиттің алғашқы белгілері пайда болған кезде препаратты қабылдауды доғару керек. Абсанстарды қоса, аралас пароксизмалары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Автокөлік және қауіптілігі жоғары механизмдерді басқарудан бас тарту керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Морфин- ОЖЖ тежелуінің күшеюі. Антацидтер- габапентин биожетімділігінің төмендеуі. Өзекшелік секрецияны бөгейтін препараттар- бүйрек арқылы габапентин шығарылуының төмендеуі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Креатинин клиренсі (КК) 80 мл/мин төмен болғанда КК көрсеткіштеріне сай азайтылған дозалары қолданылады. КК 50-79 мл/мин тең болғанда тәуліктік доза 600- 1800 мг; КК 30-49 мл/мин - 300-900 мг; КК 15-29 мл/мин - 150-600 мг; КК 15 мл/мин төмен -150-300 мг. Гемодиализ кезінде: бұрын ешқашан габапентин алмаған, ануриясы бар гемодиализдегі пациенттер үшін препараттың қанықтыратын дозасы 300- 400 мг құрайды, кейін демеуші доза гемодиализдің әр 4 сағатында 200- 300 мг. Гемодиализ алмайтын күндері габапентинді қабылдауға болмайды.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.Бар деректер ұрыққа тератогенді әсерін анықтау үшін жеткіліксіз. Егер әйел габапентин қабылдаған болса, онда ана және ұрық үшін ықтимал қауіп қатынасын бағалау керек.
Емізу
Қарсы көрсетілген.Ана сүтіне енеді.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: ұйқышылдық, седативті әсер, бас ауыруы, шаршағыштық, жүрек айнуы, құсу, бас айналуы, гингивиттер, диарея, абдоминальді ауырсынулар, диспепсия, іштің қатуы, ауыздың немесе тамақтың құрғауы, метеоризм, салмақтың артуы, тәбеттің жоғарылауы, анорексия, гипертензия, вазодилятация, ісіну, диспноэ, жөтел, фарингит, озбырлық, сананың шатасуы, эмоциональді лабильділік, депрессия, бас айналуы, мазасыздық, ашушаңдық, сиуцид жайлы ойлар, әлсіздік, атаксия, тырысулар, қозғалыстық бұзылыстар, сөйлеудің бұзылуы, амнезия, тремор, ұйқысыздық, парестезиялар, нистагм, аномальді рефлекстер, қызба, тұмау тәрізді синдром, импотенция, лейкопения, артралгия, миалгия, дірілдеу, көрудің бұзылысы, ринит, бөртпе, қышыну, акне;Сирек: жүрек қағысы, панкреатит, гепатит, галлюцинациялар, қант диабетіне шалдыққан науқастар қанында глюкоза деңгейінің ауытқуы, сүт бездерінің гипертрофиясы, гинекомастия, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, несепті ұстай алмау, тромбоцитопения, құлақтағы шуыл, Стивенс–Джонсон синдромы, алопеция, асқын сезімталдық синдромы.
Балаларда қолданылуы
12 жастан асқан балалар. Эпилепсия. Емдеуді препарат дозасын титрлеуден бастайды. Тәулігіне 900 мг бастапқы доза 3 рет қабылдауға бөлінуі керек. Кейін, жекелей көтере алушылығы және тиімділігіне байланысты дозасын тәулігіне 3600 мг жоғары дозаға дейін әр 2-3 күнде күніне 300 мг арттырады. Препаратты қабылдаулар арасындағы ең ұзақ аралық 12 сағаттан аспауы тиіс. 12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.