N03AG01 Вальпрой қышқылы¹ (Valproic acid)
Қолдану көрсеткіштері
Эпилепсияны емдеу. Биполярлы бұзылыстар кезінде маниакальді синдромды емдеу.
-
Клинические протоколы:
- Деменция при болезни Альцгеймера
- Сосудистая деменция (включается атеросклеротическая деменция)
- Расстройства психологической адаптации в детском возрасте
- Артериовенозные мальформации головного мозга
- Заболевания белого вещества головного мозга
- Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Второй этап "Реабилитация II А". Профиль "Неврология и нейрохирургия" (дети)
- Второй этап "Реабилитация II Б". Профиль "Неврология и нейрохирургия" (дети)
- Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Повторная реабилитация. Профиль "Неврология и нейрохирургия" (дети)
- Третий этап "Амбулаторная реабилитация II". Профиль "Неврология и нейрохирургия" (дети)
- Ветряная оспа у детей
- Корь у детей
- Болезнь Ниманна-Пика
- Болезнь Фабри
- Аутизм
- Депрессии без психотических симптомов
- Депрессии с психотическими симптомами
- Детский тип шизофрении
- Личностные расстройства (психопатии)
- Мании без психотических симптомов
- Мании с психотическими симптомами
- Невротические, связанные со стрессом, соматоформные расстройства
- Непсихотические нарушения вследствие повреждения головного мозга
- Обсессивно-компульсивное расстройство
- Органические психозы
- Органический амнестический синдром
- Острые психозы
- Приобретенная афазия с эпилепсией (Синдром Ландау-Клеффнера)
- Психические расстройства, связанные с физиологическими нарушениями
- Расстройства поведения у детей и подростков
- Реакция на стресс
- Резидуальные психотические расстройства
- Сенильный психоз
- Синдром Ретта
- Тревожные расстройства
- Умственная отсталость
- Шизофрения
- Гидроцефалия (вентрикуло-перитонеальное шунтирование)
- Головные боли (педиатрия)
- Детский церебральный паралич
- Ликворея
- Опухоли основания черепа (хирургическое лечение)
- Острый рассеянный энцефаломиелит
- Токсическая энцефалопатия у детей
- Энцефалит у детей и взрослых
- Эпилепсия у детей и взрослых
- Эпилептический статус у взрослых и детей
- Тяжелая черепно-мозговая травма
- Краниосиностоз
- Церебральный венозный тромбоз
- Эпилепсия у детей
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Эпилепсияға қарсы заттарды енгізу, сирек жағдайларда, эпилепсия ұстамаларының саны артуымен немесе эпилепсияның кейбір түрлерінде байқалатын, кездейсоқ флуктуацияларға байланысты емес, пациенттердегі эпилепсияның жаңа түрінің пайда болуымен жүруі мүмкін. Препарат вальпрой қышқылына метаболизденеді, вальпрой қышқылының мөлшерден тыс қабылдауын болдырмас үшін, сондай трансформациядан өтетін, басқа да дәрілік препараттармен біріктірілімде қолдануға болмайды (мысалы: дивальпроат, вальпромид). Ұйқы безі аурулары, анамнезінде сүйек кемігі бұзылыстары, туа біткен энзимопатиялары, ақыл- ой кемтарлығы бар балаларға, гипопретеинемиясы бар пациенттерде сақтықпен қолдану. Автокөлік немесе басқа да қауіптілігі жоғары механизмдерді басқарудан бас тарту керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Мефлохин - эпилепсия ұстамаларының туындау қаупі, бірге қолдану ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН! Шайқурай - тырысуға қарсы зат концентрациясы және тиімділігінің төмендеуі. Ламотриджин - ауыр терілік реакциялар даму қаупі (Лайелл синдромы). Азтреонам, имипенем, меропенем - вальпрой қышқылы плазмалық концентрациясының төмендеуі нәтижесінде конвульсивті ұстамалар даму қаупі. Карбамазепин, фенобарбитал, примидон - мөлшерден тыс қабылдау белгілерімен карбамазепин, фенобарбитал және примидон плазмалық концентрацияларының жоғарылауы және вальпрой қышқылы плазмалық концентрациясының төмендеуі. Топирамат - гипераммониемия немесе энцефалопатиялар даму қаупі. Рифампицин - вальпрой қышқылы терапевтикалық әсерінің төмендеуі. Зидовудин - зидовудинге жағымсыз реакциялардың, соның ішінде гематологиялық әсерлерінің күшеюі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Бауыр жеткіліксіздігі
Препарат гепатоуытты. Бауыр қызметіне тұрақты мониторинг қажет, әсіресе ақуыз деңгейіне тест және протромбин уақытына. Зертханалық көрсеткіштердің қалыптан тыс ауытқулары кезінде препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Жүктілік
Қолдану ұсынылмайды. Бала тууға қабілетті әйелдер емдеу кезінде контрацепцияның сенімді тәсілдерін қолдануы тиіс. Жүктілікті жоспарлаған әйелдер егер мүмкін болса, онда ұрықтануға дейін сәйкес балама емдеу тәсіліне көшуі керек. Вальпрой қышқылынан тұратын, кешенді эпилепсияға қарсы терапия ұрықтың туа біткен ақауы қаупі жоғарырақ болатын жүктіліктің жағымсыз нәтижесімен сипатталады.
Емізу
Ұсынылмайды. Ана сүтіне енеді, жаңадан туылған балаларда/ нәрестелерде гематологиялық бұзылыстар қаупі.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: жүрек айнуы, құсу, анорексия немесе тәбеттің жоғарылауы, салмақтың артуы, диарея, гастралгиялар, гепатит; тремор; диплопия, көздің қараутуы; анемия, тромбоцитопения, фибриноген мөлшерінің төмендеуі, петехиальды қан құйылулармен, қанталаумен, гематомалармен, қанағыштықпен, қан кету уақытының ұзаруымен жүретін тромбоциттер агрегациясы және қан ұюының төмендеуі, агранулоцитоз, лимфоцитоз; дене салмағының артуы немесе төмендеуі; гиперкреатининемия, гипераммониемия, гиперглицинемия, гипербилирубинемия, «бауыр» трансаминазалары, ЛДГ (дозаға тәуелді) белсенділігінің шамалы ұлғаюы; дисменорея, екіншілік аменорея, сүт бездерінің ұлғаюы, галакторея; перифериялық ісінулер, шаштың түсуі (әдетте препаратты тоқтатқаннан кейін қалпына келеді); васкулит; естудің нашарлауы, парестезия; аналық бездердің поликистозы; балалардағы энурез;Сирек: іштің қатулары; мінез-құлық, көңіл-күй немесе психикалық жай-күйдің өзгерістері (депрессия, шаршау сезімі, галлюцинациялар, агрессия, аса белсенділік жағдайы, психоздар, ерекше қозу, қозғалыс мазасыздығы немесе тітіркенгіштік), атаксия, бас айналуы, ұйқышылдық, бас ауруы, энцефалопатия, дизартрия, ступор, сананың бұзылуы, кома ; лейкопения, панцитопения, лимфоцитоз, эритроцитарлы гипоплазия; бауыр қызметінің бұзылуы; жүйелі қызыл жегі; летаргия, сананың шатасуы; бас ауруы, нистагм; тері бөртуі, есекжем, ангионевротикалық ісіну, фотосезімталдық, гирсутизм, безеу; шаштың түсуі, кейде бұйра шаштардың өсуімен; энцефалопатия, кома; өлімге әкелетін ауыр зақымдануға дейінгі панкреатит (көбінесе емнің алғашқы алты айында, жиі 2-12 апталарында); улы эпидермальды некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, полиморфты эритема; қайтымды Фанкони синдромы; сүйек кемігінің аплазиясы; гипонатриемия; панкреатит, бүйрек қызметінің бұзылуы, жүктілік кезінде эпилепсияға қарсы препараттарды қабылдаған әйелдердің балаларында туа біткен ақаулардың дамуы, дозаны көктамырға енгізгеннен кейін инъекция орнының ауыруы мен қабыну реакциялары тіркелген.
Балаларда қолданылуы
Ішке, 11 жасқа дейінгі балаларға пероральді дәрілік түрлердің ішінен шәрбат, пероральді ерітінді пайдаланылады. Сәбилер және балалар: әдеттегі доза тәулігіне 30 мг/кг құрайды.Көктамыр ішіне енгізу: тәуліктік дозалары жекелей таңдалуы тиіс және жасы, дене салмағы және вальпроатқа жекелей сезімталдығына сәйкес бейімделуі керек.6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.