N02BE01 Парацетамол¹ (Paracetamol)

Қолдану көрсеткіштері

Әр түрлі генездегі әлсіз және орташа қарқындылықтағы ауырсыну синдромы, температураның жоғарылауы (қызба).

Қарсы көрсеткіштері

Парацетамолға және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық; созылмалы алкоголизм, қан аурулары, соның ішінде анемия; глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа ферментінің тапшылығы.

Қауіпсіздік шаралары

Алкогольге тәуелділігі, созылмалы алкоголизмі, гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздігі, Жильбер синдромы бар, дене салмағы 50 кг төмен (созылмалы тоя тамақ ішпеу, анорексия, булимия, кахексия, гиповолемия, дегидратация, егде жас, глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы) пациенттерге сақтықпен қолдану. Алкогольды гепотозы бар науқастарда бауырдың зақымдану қаупі артады. Плазмадағы глюкоза мен несеп қышқылын сандық анықтауда зертханалық зерттеулер көрсеткіштерін бұрмалайды. Препаратты ұзақ уақыт қолдану кезінде шеткергі қан көрсеткіштерін және бауырдың функционалдық жағдайын бақылау қажет. Парацетамол метгемоглобин түзуші болып табылады. Жағымсыз әсерлері пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек. Артық дозалану қаупін болдырмау мақсатында құрамында парацетамол бар басқа да дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Плазмадағы несеп қышқылын сандық анықтау нәтижелерін бұрмалайды. Мүмкіндігі пайда болысымен, пациентті ауыруды басуға арналған препараттарды пероральды қабылдауға ауыстыру ұсынылады.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Варфарин, кумариндер - парацетамолды ұзақ уақыт қолдану кезінде антикоагулянтты әсерінің күшеюі мүмкін.Ықтимал гепатоуытты препараттар - бауыр қызметіне мониторинг жүргізу қажет.Бусульфан - парацетамол бусульфан метаболизмін тежейді.Карбамазепин, фенитоин, фенобарбитал - парацетамол метаболизмін индуцирлеуі мүмкін.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ішке - бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстарында (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) препаратты енгізу аралығы 6 сағаттан кем болмауы қажет, сонымен бірге енгізу жиілігі күніне 2-3 рет құрайды.Көктамырлық инфузиялар ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) қарсы көрсетілген.Көпіршитін парацетамол таблеткаларының құрамында натрий болуына көңіл аударыңыз.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің бұзылысында кемінде 8 сағат аралықпен, тәуліктік доза 2,0 г аспауы тиіс. Ауыр бауыр жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген. Аз мөлшерде ана сүтіне енеді. Балаға қандайда бір жағымсыз әсері туралы хабарланбаған.

Жағымсыз әсерлері

Ас қорыту жүйесі тарапынан: жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, сирек ұзақ уақыт қолдану кезінде - бауыр қызметінің бұзылысы.Аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, есекжем, ангионевротикалық ісіну, Квинке ісінуі, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальды некролиз (Лайелл синдромы), жедел жайылған экзантематозды пустулез, аспирин және басқа да СЕҚҚП жоғары сезімталдығы бар пациенттердегі бронх түйілуі.Несеп шығару жүйесі тарапынан: сирек ұзақ уақыт қолдану кезінде бүйрек функциясының бұзылысы.Қан түзу жүйесі тарапынан: сирек ұзақ уақыт қолдану кезінде - анемия, агранулоцитоз, тромбоцитопения, лейкопения, нейтропения, өте сирек - панцитопения, метгемоглобинемия.Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: сирек - гипотензия; өте сирек - тахикардия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Дәрігердің бақылауынсыз және тағайындауынсыз 3 күннен артық қабылдау ұсынылмайды. Ұсынылған дозадан асырмау. Қажетті әсерге қол жеткізу үшін ең төменгі доза қабылдау. Ішке. Суспензия, арнайы дозалайтын құрылғының көмегімен қабылдау, суда немесе шайда ерітпеу, алайда сумен немесе шаймен ішуге болады. 3 айға дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 3 айдан 12 жасқа дейінгі балалар: ең жоғары бір реттік доза - дене салмағына 15 мг/кг; ең жоғары тәуліктік доза - дене салмағына 60 мг/кг. Қабылдау жиілігі 24 сағат ішінде 4 дозадан артық емес. Таблетка, сұйықтықтың көп мөлшерімен қабылдау, егер таблетка көпіршитін болса, онда 200 мл жылы суда еріту. 6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 6 жастан 11 жасқа дейінгі балалар: бір реттік доза 250-500 мг құрайды, бір реттік дозаны 24 сағат ішінде 4 дозадан артық емес қабылдауға болады. Ең жоғары тәуліктік доза 24 сағат ішінде 10-15 мг/кг бір реттік дозаға бөлінген, баланың дене салмағына 60 мг/кг құрайды. 12 жас және одан асқан балалар: 500 мг-1 г қажеттілігіне қарай әрбір 4-6 сағат сайын, қабылдау арасындағы аралық кемінде 4 сағатты құрауы тиіс. Ең жоғары тәуліктік доза - 4 г. Көктамыр ішілік инфузия 18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. Ректальді суппозиторийлер. 6 айға дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. Дене салмағы 7 кг кем емес 6 айдан дене салмағы 40 кг артық емес 12 жасқа дейінгі балалар: орташа бір реттік доза әр 4-6 сағат сайын тәулігіне 3-4 рет дене салмағына 10-15 мг/кг құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза дене салмағына 60 мг/кг аспауы тиіс.