N02AX02 Трамадол¹ (Tramadol)
Қолдану көрсеткіштері
Қарқындылығы орташа және күшті ауыру синдромы.
Қарсы көрсеткіштері
Трамадол гидрохлоридіне немесе басқа да опиаттарға, препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық; тынысалудың жедел тежелуі немесе орталық жүйке жүйесінің айқын тежелуі (алкоголь, седативті препараттар, ұйықтататын, наркотикалық анальгетиктермен, психотропты препараттармен улану); шығу тегі белгісіз сананың бұзылысы; тынысалу орталығының дисфункциясы, тынысалу қызметінің бұзылысы; есірткілерді тоқтату синдромы; бақыланбайтын эпилепсия; жасанды тыныс алу жүргізілмейтін, бассүйекішілік қысымның жоғарылауымен қатар жүретін жағдайлар; бассүйек жарақаты (опиоидты анальгетиктер неврологиялық бағалауға қажет қарашық реакциясына әсер етеді); пациенттердің коматозды жағдайы; паралитикалық ішек өткізбеушілігі қаупінің мүмкіндігі.
Қауіпсіздік шаралары
Опиаттарға сезімтал, бассүйек жарақаттары, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы, сана деңгейі төмендеген және тырысулық жағдайларға бейім немесе шок жағдайындағы науқастарда сақтықпен қабылдау керек. Тынысалу жеткіліксіздігі немесе орталық әсер ететін депрессантармен бір уақытта тағайындау немесе доза ұсынылған дозадан айтарлықтай жоғары болғанда ; сонымен қатар алкогольге тәуелділігі бар науқастарға сақтықпен қабылдау керек. Препаратпен емдеу кезінде алкоголь, карбамазепин қабылдауды болдырмау керек. Бір күндік аралықпен немесе одан жиірек анальгетиктерді ұзақ (3 айдан аса) қабылдағанда бас ауыруы дамуы немесе ауырудың күшеюі мүмкін. Мөлшерден тыс анальгетиктерді қабылдағаннан туындаған бас ауыруын, дозасын арттыру арқылы емдеуге болмайды. Бұл жағдайларда анальгетиктерді қолдану тоқтатылуы керек. Автокөлік немесе басқа да қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақ болу керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
МАО тежегіштері – орталық жүйке жүйесі, тынысалу және жүрек- қантамыр жүйесінің өмірге қауіп төндіретін әрекеттесулері дамуы мүмкін. Опиоидты анальгетиктерді қолдануға дейін 14 күн аралығында МАО тежегіштерін қабылдаған пациенттерде қолдануға болмайды. Алкоголь және ОЖЖ басқа да депрессанттары – олардың ОЖЖ әсерінің күшеюі.Карбамазепин – анальгетикалық әсерінің төмендеуі және трамадолдың әсер ету ұзақтығының қысқаруы.Серотониннің қайта ұсталуының таңдамалы тежегіштері SSRIs), үш –және тетрациклді антидепрессанттар, нейролептиктер – тырысулар және олардың әсерінің күшеюін туғызады.Опиоидты рецепторлардың агонисттері/ антагонисттерінің кешені – таза агонисттің анальгетикалық әсерінің төмендеуі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Креатинин клиренсі: 30 мл/мин төмен болғанда препаратты қабылдау аралығы 12 сағатқа дейін; 10 мл/мин төмен - қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Стандартты дозаны 2 бөлікке бөлу керек немесе 12 сағатқа дейін препаратты қабылдау аралығын арттыру керек.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық, жүрек айнуы, құсу, іштің қатуы, ауыздың құрғауы, тершеңдік, шаршағыштық.Жиі емес: жүрек қағысының жиілеуі, тахикардия, ортостатикалық гипотензия немесе жүрек- қантамырлық коллапс, құсу; асқазан- ішек жолы тарапынан жайсыздық (асқазандағы ауырлық сезімі, іштің кебуі), диарея, терілік реакциялар (мысалы, қышыну, бөртпе, есекжем).Сирек: брадикардия, артериялық қысымның жоғарылауы, тәбеттің өзгеруі, парестезия, тремор, тынысалу тежелуі, эпилепсия түріндегі құрысулар, бұлшықеттердің еріксіз жиырылуы, қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы, естен тану.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
12 жастан асқан балалар. Ішке, таблеткалар, бастапқыда 50 мг. Әсері болмаған жағдайда 30-60 минут аралығында тағы 50 мг қабылдауға болады; күшті ауырулар кезінде бір реттік доза 100 мг құрауы мүмкін. Жоғары тәуліктік доза 400 мг. Көктамырға (баяу немесе инфузия түрінде), бұлшықетке немесе тері астына: 50-100 мг. Қанағаттанарлық әсер болмаған кезде 30-60 минуттан кейін қосымша 50 мг дозаны енгізуге болады. Ауыру синдромының айқындылығы және терапия тиімділігіне байланысты енгізу жиілігі тәулігіне 1-4 рет енгізуді құрайды. Жоғары тәуліктік доза 600 мг. Операциядан кейінгі ауыру сезімі, 100 мг бастапқыда, кейін қажет болған жағдайда алғашқы бір сағат аралығында 50 мг әр 10-20 минутта. Алғашқы сағатта жоғары доза 250 мг (бастапқы дозаны қосқанда), кейін 50-100 мг әр 4-6 сағатта; жоғары тәуліктік доза 600 мг.18 жасқа дейінгі балалар (капсулалар үшін), 12 жасқа дейінгі (инъекциялар және таблеткалар үшін) балаларға қарсы көрсетілген.