N01BB58 Артикаин және Эпинефрин (Articaine, combinations)

Қолдану көрсеткіштері

Стоматологияда инфильтрациялық және аумақтық анестезия жасауға.
    Клинические протоколы:
  1. Пульпит острый
  2. Пульпит хронический
  3. Периодонтит острый
  4. Периодонтит хронический
  5. Кариес зубов

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді және қосымша компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. Құрамында артикаинның болуы нәтижесінде препарат келесі жағдайларда қолданылуға рұқсат етілмейді:• амид типіндегі жергілікті анестетиктерге аса жоғары сезімталдықта • жүйке импульстарының берілісінің және жүрек өткізгіштігінің ауыр бұзылуларында (мыс.: AV-блокадасының II және III дәрежесі, айқын брадикардия);• декомпенсация сатысындағы жүректің жедел жеткіліксіздігі• ауыр артериялық гипотензияда• холинэстераза тапшылығымен емделушілерде • геморрагиялы диатезде  (әсіресе аумақтық анестезия жүргізгенде) • қабыну аймағына инъекция жасауға Құрамында эпинефриннің вазоконстрикторлы компонент ретінде болуы нәтижесінде препараттың келесі жағдайларда қолданылуға рұқсат етілмейді• тұрақсыз  стенокардияда• жуықта миокард инфарктін бастан өткергенде• жуықта аорто-коронарлы тамырларды шунттау операциясы жасалса • рефрактерлі аритмияда• пароксизмальды тахикардияда немесе жүрек қағуының жоғары жиілігімен тұрақты аритмияда  • емделмеген немесе бақыланбайтын артериялық гипертензияның ауыр түрлерінде • емделмеген немесе бақыланбайтын жүрек жеткіліксіздігінің  іркілісі• моноаминоксидаза (MAO) тежегіштерін немесе  үш циклдік антидепрессанттарды қолдана отырып,  қатар жүргізілетін емде. 

Қауіпсіздік шаралары

Көктамыр ішіне қолданбау керек! Тамырішілік инъекцияны болдырмау үшін тіннің енгізілген ерітіндіге қарсылығын бақылау арқылы аспирацияға тест жүргізу қажет. Инъекциялық қысым тіннің тығыздығына сәйкес келуі тиіс.   Қабынған аймаққа инъекция жасамау керек.Ас қабылдау сезімталдық қалпына келгеннен кейін ғана мүмкін болады.  Препарат мына жағдайларда аса сақтықпен  қолданылуы  тиіс:  стенокардияда атеросклерозда қан коагуляциясы елеулі нашарлағанда  тиреотоксикозда тар бұрышты глаукомада қант диабетінде өкпе ауруларында   –  әсіресе бронх демікпесінде  феохромоцитомада эпилепсияда артериялық гипертензияда I дәрежелі қарыншаішілік және артиовентикулярлық блокада, жүректің созылмалы жеткіліксіздігінде бауыр жеткіліксіздігінде бүйрек жеткіліксіздігінде фенотиазин, кардиоселективті бета-адреноблокаторларды, антикоагулянтарды және антиагрегантарды бір мезгілде қолдануда әлсіреген науқастардың жағдайының жалпы нашарлауында егде жастағыларда Препаратты сульфиттерге аллергиялық реакциялары бар емделушілерге, сондай-ақ бронх демікпесінің ауыр түрінен азап шегіп жүрген емделушілерді емдеу кезінде қолданбау керек. Препаратты қолдану анафилактикалық симптомдары бар аллергиялық реакцияларға  (мысалы: бронхтың түйілуі) әкеп соқтыруы мүмкін.Препаратты байқамай тамыр ішіне енгізу құрысумен қоса қабаттасып, кейін орталық жүйке жүйесі қызметінің тежелуіне немесе жүрек-қантамыр қызметінің тоқтап қалуына ұласуы мүмкін.  Осындай симптомдар пайда болған кезде реанимациялық құралдарды, оттегіні және басқадай реанимациялық дәрілік заттарды қолдана отырып, реанимациялық шараларды дереу жүргізу қажет.   Амидтер түріндегі жергілікті анестетиктер бауырда да метаболизденетін болғандықтан, препарат бауыр ауруына шалдыққан емделушілерді емдеген кезде сақтықпен қолданылуы тиіс, өйткені препараттың қан плазмасындағы Препарат жүрек-қантамыр қызметінің бұзылыстары бар емделушілерді емдеген кезде сақтықпен қолданылуы тиіс, өйткені мұндай науқастарда препараттан болатын атриовентрикулярлық өткізгіштіктің баяулауына байланысты функциональдық өзгерістердің компенсациялау қабілетінің төмендегені байқалуы мүмкін.   Препарат сыртартқысында эпилепсиясы бар емделушілерді емдеген кезде сақтықпен қолданылуы тиіс.Спортшыларға  допинг-тест жүргізген кезде оң нәтижелер беруі мүмкін.    Қанның ұю және агрегация тежегіштерін қолдана отырып емдеу кезінде жергілікті анестетиктерді байқамай тамыр ішіне енгізіп алу ауыр қан кетуге әкеп соқтыруы мүмкін. Байқамай тамыр ішіне енгізуге жол бермеген жөн Тіс қабаты астындағы кариозды қуысты өңдеген кезінде  эпинефрин пульпа тініне қанның келуін төмендетуі мүмкін, ол тіс пульпаның ашылу қаупінің артуына әкеп соқтырады.  Жергілікті анестетиктерді қолданған кезде дәрігерде келесі дәрілік заттар/ емдік шаралар болуы тиіс:   - Құрысуға қарсы препараттар (мысалы, бензодиазепиндер немесе  барбитураттар), бұлшықет релаксанттары, атропин және  вазопрессорлар немесе ауыр аллергиялық және анафилактикалық реакцияларға арналған адреналин  - Қажет болған жағдайда өкпелерді жасанды жолмен желдетуді қамтамасыз ететін реанимациялық жабдықтар (әсіресе оттегінің көзі)     - Жергілікті анестетиктермен  жүргізілетін әрбір инъекциядан кейін  емделушілердің ОЖЖ жағдайының негізгі  көрсеткіштерін, жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелерін ұдайы бақылап отыру керек. Қозғыштық, мазасыздық, құлақтағы шуыл, бас айналу, көздің қарауытуы, тремор, депрессия немесе ұйқышылдық орталық жүйке жүйесіне уытты әсер етудің ерте ескерту дабылдары болуы мүмкін Фенотиазиндер эпинефриннің прессорлы әсерін төмендете алады. Мұндай препараттарды бір мезгілде қолданбаған жөн.  Қатар жүргізілген ем қажетті болған жағдайларда емделушіні мұқият бақылап отыруды жүзеге асыру қажет болып табылады.  Кардиоселективті әсер етпейтін бета-блокаторларды қоса қабаттастыра қолдану, құрамында эпинефрин болғандықтан, артериялық қысымның артуына әкеп соқтырады 

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Моноаминоксидаза тежегіштерін немесе үш циклді антидепрессанттар- эпинефриннің симпатомимикалық әсері бір мезгілде қабылдаған кезде күшеюі мүмкін.Диабетке қарсы пероральді дәрілер - эпинефрин инсулиннің ұйқы безінде бөлініп шығуын кідіртуі мүмкңн, осылайша, әсерін төмендетеді.   Әсері кардиоселективті емес бета-бөгегіштерді -  қоса қолдану  эпинефриннің болуына байланысты, артериялық қысымның артуына әкеп соғуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Бұл  препарат жүктілік кезінде тек өте қажетті жағдайларда, ана үшін пайдасы ұрық үшін болуы мүмкін қаупінен басым болған жағдайларда ғана қолданылуы тиіс. 

Емізу

  Препараты қолданғаннан кейін 48 сағат бойы баланы емізу ұсынылмайды. 

Жағымсыз әсерлері

Артикаинның препарат құрамында болуы келесі жағымсыз әсерлерге әкеп соқтыруы мүмкін: Сирек: брадикардия, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі; артериялық гипотензия; асистолия, жүректің тоқтап қалуы; ауызда темір татуы; құлақтағы шуыл; бас айналу, бас ауыру; жүректің айнуы, құсу; қозғыштық, ашушаңдық, гипервентиляция; ұйқышылдық, тремор, нистагм, логорея (сөйлеудегі қозушылық), бұлшықет треморы және тонико-клоникалық құрысулар; кома; ерін және/немесе тіл парестезиясы; тахипноэ; брадипноэ, ол апноэға әкеп соқтыруы мүмкін; тыныстың салдануы; Препарат құрамында эпинефриннің вазоконстрикторлы компонент ретінде болуы келесі жағымсыз әсерлерге әкеп соқтыруы мүмкін   Сирек: ыстықты сезіну; тершеңдік; бас сақинасына ұқсас бас ауыру; артериялық қысымның жоғарылауы; кеуде артының ауыруы; тахикардия; тахиаритмия, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі; жүректің тоқтап қалуы; қалқанша бездің жедел ісінуі. 

Балаларда қолданылуы

4 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. Дозаны таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.