N01BB52 Хлоргексидин және Лидокаин (Chlorhexidine and lidocaine)
Қолдану көрсеткіштері
Жергілікті анестезияда және жұқпалы асқынулардың алдын алу үшін: несеп шығару жолын (уретраны) кате¬терлеуде, зондтауда және эндоскопияда (проктология, гинекология және урологияда); трахеальді интубацияда.
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді заттарға немесе толтырғыштарының біріне аса жоғары сезімталдық; амидтік типті жергілікті анестетиктерге аса жоғары сезімталдық; бульбокаверноздық рефлекс; жүректің ауыр жеткіліксіздігі, айқын брадикардия, AV-блокада, кардиогендік немесе гиповолемиялық шок; жедел порфирия.
Қауіпсіздік шаралары
• Препарат стерильді және бір реттік қолдануға арналған. • Келесі жағдайларда сақ болу керек: жүрек немесе тыныс алу функциясының бұзылуыда; жоғары дозаларда немесе дозалар арасындағы қысқа аралықтарында. Бұл плазманың жоғары деңгейіне және қалаусыз әсерлерге әкелуі мүмкін;егде жастағы, әлсіреген және ауыр науқасқа шалдыққан пациенттерде, сондай-ақ құрысуларға бейімдігі барларда;жаралары бар, шырышты қабығы жарақаттанған, тіндердің ойық жаралары немесе қолданылу көзделген жерде сепсисі бар пациенттерге; ауыз-жұтқыншақта қолданылуы; аритмияға қарсы III класты препараттармен емделіп жүрген пациенттер (мысалы, амиодаронмен); оларға мұқият бақылау жүргізілуі тиіс, және ЭКГ мониторингі мүмкіндігін қарастыру керек , өйткені жүрекке тигізетін әсерлері қосылуы мүмкін. • Егер бір шприцтің ішіндегіден артық енгізілсе немесе гельдің едәуір мөлшері қуыққа түссе немесе уретра қабынған немесе ойық жараланған болса, лидокаиннің сіңірілуі тұтас алғанда артуы мүмкін, бұл орталық жүйке жүйесі мен жүрек-қантамыр жүйесіне жағымсыз әсерлерімен артық дозалануға алып келуі мүмкін. • Астениялық бульбарлық салданудан зардап шегетін пациенттер, әсіресе жергілікті анестетиктерге сезімтал. • Препарат, жансыздандырғыш гель, көзге тимеуі тиіс. • Бас айналуы, ұйқышылдық түріндегі жағымсыз әсерлерінің болуына байланысты, көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Лидокаин гидрохлориді немесе басқа амидтік типті жергілікті анестетиктері бар дәрілер - бір мезгілде қолданғанда екіжақты әсерлері күшееді.Аритмияға қарсы дәрілер, бета-адреноблокаторлар немесе кальций өзегінің антагонистері - бір мезгілде қабылдағанда жүрекке әсер етеді, сақтықпен қолданылуы тиіс.Пропранолол, дилтиазем және верапамил - препараттың жартылай шығарылу кезеңі едәуір ұзарады.Циметидин - бауыр перфузиясының төмендеуі және микросомалық ферменттерді тежеудің есебінен препараттың деңгейі артуы мүмкін. Йод препараттар - бірге қолданбаған дұрыс.Сабын, құрамында анион тобы бар (сапониндер, натрий лаурилсульфаты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы) детергенттер - үйлеспейді.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен қолданылуы тиіс.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен қолданылуы тиіс.
Жүктілік
Препараттың жүктілік кезіндегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.Ұрық үшін ықтимал қаупі белгісіз.Іс жүзінде ешқандай қауіп жоқ деуге болады, өйткені препараттың өте аз мөлшері ананың жүйелі қан ағымына түседі.Жүктілік кезінде ана мен ұрық үшін қауіп/қатер арақатынасы мұқият өлшегеннен кейін қолданылу тиіс. Жүктілік кезінде қайта пайдалану ұсынылмайды.
Емізу
Препараттың лактация кезіндегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.Іс жүзінде ешқандай қауіп жоқ деуге болады, өйткені препараттың өте аз мөлшері ананың жүйелі қан ағымына түседі.Лактация кезінде ана мен бала үшін қауіп/қатер арақатынасы мұқият өлшегеннен кейін қолданылу тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Сирек: күйгелектік, бас айналуы, көрудің бұлыңғырлануы, тремор, ұйқышылдық, апноэ; гипотензия, брадикардия, асистолия; аса жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін (бронх түйілуі, асфиксиялық пневмония, терінің зақымдалулары, есекжем) ангионевроздық ісіну, аллергиялық дерматит), аппликация орнының ашуы; эндотрахеальді түтік үшін лубрикантты қолданғанда қырылдау жергілікті реакция ретінде пайда болуы мүмкін
Балаларда қолданылуы
Катетерді, эндоскопты немесе басқа медициналық құралдарды енгізер алдында қолданылуы Балалар (2-12 жасар) мен жасөспірімдерде (18 жастан кіші) пайдалану қажеттігін дәрігер анықтайды. 2-12 жасар балаларда 2,9 мг/кг лидокаин гидрохлоридін құрайтын ең жоғарғы дозасынан асырмау керек.Тұтас алғанда анестезия үшін және трахея интубациясында қолданылуы15 жастағы және одан үлкен жасөспірімдерге. 5 мл жуық гельді түтіктің төменгі үштен біріне біркелкі жағыңыз. Құрғап қалуын болдырмас үшін, гель құралға тікелей қолданар алдында жағылады. Гель түтік қуысына кіріп кетпеуі тиіс. Ең жоғарғы дозасы 16 г гельді құрайды.2 жастан бастап балалар мен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерге. Дозасы 6 мг/кг лидокаиннен аспауы тиіс. 24 сағат ішінде төрт дозадан асырмай қолдануға болады.