N01BB09 Ропивакаин¹ (Ropivacaine)
Қолдану көрсеткіштері
Хирургиялық араласулар кезіндегі анестезия: хирургиялық араласулар, соның ішінде кесарь тілігі кезіндегі эпидуральді блокада; ірі жүйкелердің және жүйке өрімдерінің блокадасы; жекелеген жүйкелер блокадасы және инфильтрациялық анестезия. Жедел ауыру синдромын басу: ұзартылған эпидуральді инфузия немесе мерзім сайын болюсті енгізу (операциядан кейінгі ауырсынуды жою немесе босану кезіндегі ауыруды басу); жекелеген жүйкелер блокадасы және инфильтрация; шеткергі жүйкелердің ұзартылған блокадасы; буынішілік инъекция. Педиатриядағы жедел ауыру синдромын басу: 12 жасқа дейінгі балаларды қоса, жаңадан туылған нәрестелердегі каудальді эпидуральді блокада; 1 жастан 12 жасқа дейінгілерді қоса, балалардағы шеткергі жүйкелер блокадасы; 12 жасқа дейінгі балаларды қоса, жаңадан туылған нәрестелердегі ұзартылған эпидуральді инфузия.
-
Клинические протоколы:
- Острый панкреатит
- Стрессовое недержание мочи
- Тазовые перитонеальные спайки
- Изосерологическая несовместимость крови матери и плода
- Иммунная тромбоцитопения и беременность
- Кесарево сечение
- Открытая торакальная травма
- Закрытая торакальная травма
- Ведение родов
Қарсы көрсеткіштері
Амид типті жергілікті анестетиктерге белгілі жоғары сезімталдық.Қабынған немесе инфицирленген тінге енгізбеу; отоуытты болуы мүмкін, ортаңғы құлақ аурулары кезінде қолданбау; жүректің толық блокадасында қарсы көрсетілген; консерванттар болған кезде каудальді, эпидуральді, жұлын блокадасында және көктамырішіне аумақтық анестезияда (Bier блогы) қолданбаған жөн.
Қауіпсіздік шаралары
Эпидуральді анестезия АҚ төмендеуіне және брадикардияға, егде жастағы пациенттерде және ілеспелі жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде жүректің тоқтауына алып келуі мүмкін; операциядан кейінгі буынішілік ұзақ инфузия кезінде хондролиз болуы мүмкін.Тыныс алу бұзылысында, эпилепсия және миастенияда сақтықпен қолдану.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Препараттың жүйелік уытты әсерінің қаупі.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.Үйлесімді.
Емізу
Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: парестезия, бас айналуы, бас ауыруы; гипотензия, брадикардия, тахикардия, гипертония; жүрек айнуы, құсу; несеп шығарудың іркілуі; енгізген жердегі реакциялар (температураның жоғарылауы, қалтырау, арқаның ауыруы).Сирек: мазасыздық, ОЖЖ тарапынан уыттану белгілері (конвульсиялар, ауқымды эпилепсиялық ұстама, құрысулар, жеңіл бас айналуы, периоральді парестезия, тілдің жансыздануы, гиперакузия, құлақтағы шуыл, көрудің бұзылуы, дизартрия, бұлшықеттің тартылуы, тремор), гипестезия; ентігу; жүректің тоқтауы, аритмия; аллергиялық реакциялар (анафилактикалық шок, ангионевротикалық ісіну және есекжем).Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Балалар. Жедел ауыру синдромын шеттету (операция алды және операциядан кейінгі): каудальды эпидуральді енгізу - дене салмағы 25 кг дейінгі балаларда Т12 аймағынан төмен блокада - 2.0 мг/мл 1 мл/кг 2 мг/кг; 1 жастан 12 жасқа дейінгі балаларда шеткергі жүйкелер блокадасы: 5.0 мг/мл 0,6 мл/кг 3 мг/кг; дене салмағы 25 кг дейінгі балаларда ұзартылған эпидуральді инфузия; 0-ден 6 айға дейін - болюсті 2,0 мг/мл 0,5-1 мл/кг 1-2 мг/кг; инфузия 72 сағатқа дейін 2,0 мг/мл 0,1 мл/кг/сағ 0,2 мл/кг/сағ; 6 айдан 12 айға дейін - болюсті 2,0 мг/мл 0,5-1 мл/кг 1-2 мг/кг; инфузия 72 сағатқа дейін 2,0 мг/мл 0,2 мл/кг/сағ 0,4 мл/кг/сағ; 1 жастан 12 жасқа дейін, 12 жасты қоса - болюсті 2,0 мг/мл 1 мл/кг 2 мг/кг; инфузия 72 сағатқа дейін 2,0 мг/мл 0,2 мл/кг/сағ 0,4 мл/кг/сағ.Хирургиялық анестезия: бел эпидуральді блокадасы, 12 жастан асқан балалар - 113-200 мг, 7,5 мг/мл (0,75%) немесе 10 мг/мл (1%); кеуде эпидуральді блокадасы (операциядан кейінгі ауырсыну) - 12 жастан асқан балалар - 38-113 мг 7,5 мг (0,75%); иық өрімінің блокадасы - 12 жастан асқан балалар: 225-300 мг 7,5 мг (0,75%); жедел ауыру сезімі: 2 мг/(0,2%) мл ерітінді; белдің эпидуральді блокадасы: 12 жастан асқан балалар 20-40 мг келесі 20-30 мг 30 минуттан кем емес аралықта; немесе үздіксіз эпидуральды инфузиялар түрінде 12-20 мг/сағ (операциядан кейінгі ауыру сезімі бойы 28 мг/сағ дейін); кеуденің эпидуральді блокадасы (операциядан кейінгі ауырсыну) 12 жастан асқан балалар: 12-28 мг/сағ үздіксіз эпидуральды инфузиялар түрінде; шеткергі жүйке блокадасы: 12 жастан асқан балалар 10-20 мг/сағ үздіксіз инфузиялар немесе үзілісті инъекциялар түрінде.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.