N01BB02 Лидокаин¹ (Lidocaine)

Қолдану көрсеткіштері

Анастезия: терминальді, инфильтрациялық, өткізгіштік, жұлындық (эпидуральді) хирургиялық араласулар кезінде, офтальмологияда, стоматологияда, отоларингологияда, акушерлікте, гинекологияда, дермотологияда; қарыншалық аритмияны (экстрасистолия, тахикардия, дірілдеу, фибрилляция) емдеу және алдын алу, сонымен қатар жедел миокард инфарктісі кезеңінде, жасанды ырғақты жүргізуші имплантанциясы кезінде, гликозидтік уыттануда, наркозда; шеткері жүйкелер және жүйке түйіндерінің блокадасы. Жүректік-өкпелік реанимация (егер амиодорон қолжетімсіз болса, балама ретінде).
    Клинические протоколы:
  1. Ботулизм у детей
  2. Герпетический стоматит у детей
  3. Кандидоз полости рта
  4. Инфекционный мононуклеоз
  5. Клещевой энцефалит
  6. Опоясывающий лишай (герпес Зостер). Проявления в полости рта
  7. Сибирская язва
  8. Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
  9. Травматические вывихи у детей
  10. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  11. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  12. Трансплантация фетальных стволовых клеток
  13. Изъятие донорского сердца
  14. Поражение нервных корешков и сплетений
  15. Синдром Мелькерссона - Розенталя
  16. Двусторонняя нейросенсорная тугоухость (педиатрия)
  17. Ведение женщин фертильного возраста с пороками сердца, в том числе беременных
  18. Травма глаз и глазницы. Ушиб глазного яблока и тканей глазницы III-IV степени
  19. Желудочковые нарушения ритма сердца и профилактика внезапной сердечной смерти
  20. Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
  21. Неревматические поражения митрального клапана у детей
  22. Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
  23. Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
  24. Пролапс митрального клапана у детей
  25. Хронические ревматические болезни сердца у детей
  26. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися нарушением функции дыхания и/или накоплением жидкости в плевральной полости
  27. Паратонзиллярный абсцесс (паратонзиллит, флегмонозная ангина)
  28. Стеноз гортани у детей
  29. Многоформная экссудативная эритема
  30. Гонартроз
  31. Грыжи диска поясничного и других отделов позвоночника с сохранением стабильности позвоночно-двигательного сегмента (оперативное лечение)
  32. Дегенеративные заболевания поясничного отдела позвоночника со спинальной нестабильностью (оперативное лечение)
  33. Контрактура сустава у детей
  34. Артриты височно-нижнечелюстного сустава у детей
  35. Глоссодинии (Глоссалгии)
  36. Вентральная грыжа
  37. Кариес зубов
  38. Кариес зубов у детей
  39. Лейкоплакия слизистой полости рта
  40. Острые травматические повреждения слизистой оболочки полости рта
  41. Острый гингивит у детей
  42. Острый панкреатит
  43. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися асцитом
  44. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися поражениями кожи
  45. Пародонтит у детей
  46. Паховая грыжа
  47. Периодонтит острый
  48. Периодонтит у детей
  49. Периодонтит хронический
  50. Пульпит острый
  51. Пульпит у детей
  52. Пульпит хронический
  53. Ретенированные и импактные зубы у детей
  54. Хронические травматические повреждения слизистой оболочки полости рта
  55. Хронический рецидивирующий афтозный стоматит
  56. Сколиозы у детей
  57. Сочетанная травма у детей
  58. Криз отторжения почечного трансплантата
  59. Нейрогенная дисфункция мочевого пузыря
  60. Стрессовое недержание мочи
  61. Тазовые перитонеальные спайки
  62. Хроническая трансплантационная нефропатия
  63. Аномалии слизистой оболочки полости рта у детей
  64. Афакия
  65. Болезнь Гиршпрунга у детей
  66. Врожденные аномалии полового члена у детей
  67. Катаракта
  68. Крипторхизм у детей
  69. Остеохондродисплазия с дефектами роста трубчатых костей и позвоночника
  70. Полидактилия
  71. Птоз (блефароптоз)
  72. Энтропион и трихиаз века, эктропион века
  73. Изосерологическая несовместимость крови матери и плода
  74. Иммунная тромбоцитопения и беременность
  75. Кесарево сечение
  76. Недостаточный рост плода (внутриутробная задержка развития плода)
  77. Внезапная смерть
  78. Ожоги II – IIIA-Б - IV степени более 30%, глубоких более 10% поверхности тела
  79. Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
  80. Ожоги поверхностные до 20% (взрослые)
  81. Острые травматические повреждения слизистой оболочки полости рта
  82. Открытая рана области головы
  83. Отморожения у взрослых
  84. Паллиативная помощь и сестринский уход за больными с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии с наличием стом, с назогастральным зондом и мочевым катетером
  85. Переломы костей таза у детей
  86. Переломы, захватывающие несколько областей тела, у детей
  87. Поверхностная травма головы
  88. Подготовка кадавра к мультиорганному забору органов и/или тканей
  89. Политравма
  90. Закрытая торакальная травма
  91. Ведение родов
  92. Злокачественные новообразования щитовидной железы

Қарсы көрсеткіштері

Асқын сезімталдық (сондай-ақ басқа да амидті жергілікті анестезиялайтын дәрілік заттарға); болжамды инъекциялар орнының инфекциялануы; жедел және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі; синусты түйіннің әлсіздік синдромы, брадикардия; ІІ және ІІІ дәрежедегі атриовентрикулярлы блокада (орнатылған жасанды ырғақты жүргізуші имплатанция жағдайын қоспағанда), синоаурикулярлы блокада; Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы, кардиогенді шок, қарыншаішілік өткізгіштік бұзылысы; жабықбұрышты глаукома (ретробульбарлы енгізу кезінде); артериялық гипотензия, гиповолемия; ауыр миастения; эпилепсия түріндегі тырысулар; порфирия.

Қауіпсіздік шаралары

Егде жастағылар, әлсіз науқастар, жедел аурулар, қатерлі гипертермияларға генетикалық бейімділік, эпилепсия түріндегі тырысулар (соның ішінде анамнезінде), ауыр миастения, артериялық гипотензия, синусты брадикардия, I-II деңгейдегі AV блокада, гиповолемия, ауыр бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі, II-III деңгейдегі жүрек жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен қолдану. Жергілікті анестезия кезінде қан тамырлары көп ағзаларға тағайындауда сақ болу керек, енгізу барысында тамыр ішілік инъекцияларды болдырмау. Жедел миокард инфарктісі бар науқастардың барлығына алдын-ала тағайындау ұсынылмайды (асистолиялар пайда болу жиілігінің артуына байланысты өліммен аяқталу қаупінің жоғарылауы). ІІІ кластағы антиаритмиялық препараттарды қабылдаған пациенттер үшін (мысалы, амиодорон) жүрекке потенциалды әсер етуі мүмкін болғандықтан мұқият бақылау және ЭКГ мониторингін жүргізу қажет. Лидокаинді көктамыр ішілік енгізбес бұрын гипокалиемия, гипоксия және қышқылды-негізді бұзылыс жағдайларын жою қажет. Жүрек-қантамырлық бұзылулары бар пациенттерге эпидуральді жансыздандыруды жүргізу кезінде сақ болу. Коагулопатиясы бар пациенттерге сақтықпен қабылдау. ОЖЖ тарапынан симптоматикаға арналған құрысулық бұзылулары бар пациенттерді байқау керек. Көлік құралдарын басқару және жоғары қауіпті механизмдермен жұмыс жасау кезінде сақтық таныту керек. Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Барбитураттар (соның ішінде фенобарбитал) - лидокаиннің емдік тиімділігін азайтады. Бета-адреноблокаторлар (соның ішінде пропранолол, надолол) - лидокаиннің әсерін күшейтеді (соның ішінде уыттылығын). Моноаминооксидазалар тежегіштері - лидокаиннің жергілікті жансыздандыратын әсерінің күшеюі. Жүйке-бұлшықеттік берілісті бөгейтін препараттармен (соның ішінде суксаметоний хлориді) - жүйке-бұлшықеттік берілісті бөгегіштігін шақыратын препараттардың әсерін күшейтеді. Ұйықтататын және седативті заттар - орталық жүйке жүйесін тежейтін әсерінің күшеюі. Аймалин, хинидин - кардио-депрессивті әсердің күшеюі. Амиодарон - синустық түйіннің әлсіздік синдромы және құрысудың дамуы. Гексенал, натрий тиопентал - тыныстың тежелуі. Мексилетин - лидокаин уыттылығының жоғарылауы. Амидазол - лидокаиннің қан плазмасындағы концентрациясының төмендеуі. Морфин - морфиннің ауырсынуды басатын әсерінің артуы. Прениламин - «пируэт» қарыншалық аритмиясының даму қаупі. Прокаинамид - қозу, елестеулер. Пропафенон - орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлері ауырлығының артуы және ұзаруы. Рифампицин - лидокаиннің қан плазмасындағы концентрациясының төмендеуі. Фенитоин - орталық генездегі жанама әсерлердің күшеюі, қан сарысуындағы лидокаин концентрациясының төмендеуі. Новокаинамид - ОЖЖ қозуы, елестеулер. Циметидин - лидокаин клиренсінің төмендеуі және қан плазмасында концентрациясының артуы, лидокаиннің жағымсыз әсерінің күшею қаупі бар. Вирусқа қарсы заттар - (мысалы: ампренавир, атазанавир, дарунавир, лопинавир) - қан сарысуында лидокаин деңгейінің артуы.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің бұзылыстарында қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Орталық жүйке жүйесінің қозуы немесе бәсеңдеуі, эйфория, үрейлену, жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, бас ауыруы, бас айналуы, құлақтағы шуыл, диплопия, нистагм, жарықтан қорқу, құрысулар (ацидоз және гиперкапния аясында даму қаупі жоғарылайды), тремор, бет бұлшықетінің тризмі, парестезиялар, бағыттан адасу, сананың шатасуы немесе жоғалуы, тыныстың тежелуі немесе тоқтауы, артериялық қысымның артуы немесе төмендеуі, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы, аритмия, синустық брадикардия, шеткергі вазодилитация, коллапс, кеуденің ауыруы, жүректің тоқтауы, жүрек айнуы, құсу, еріксіз несептің шығуы, жайылған эксфолиативті дерматит, ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық шок, жанаспалы дерматит (жаққан жердегі гиперемия, тері бөртпесі, есекжем, қышыну). Басқа да: "ысыну", "суықты сезіну" немесе аяқ-қолдардың жансыздануы, тұрақты жансыздану, эректильді дисфункция, қатерлі гипертермия, метгемоглобинемия, бір мезгілде вазоконстриктормен бірге енгізуде тахикардия және көздің алдында «шыбындардың» жыпылықтауы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балалар. Көктамыр ішілік, бастапқы доза - 1 мг/кг, содан соң жүктеме доза 2 мг/кг, 4-6 мг/кг дозада тамшылатып көктамыр ішіне құю арқылы 24-36 сағат ішінде. Үздіксіз көктамыр ішілік инфузияға арналған (әдетте жүктемелі дозаны енгізгеннен кейін)- 20-30 мкг/кг/мин. Акушерлікте, гинекологияда, стоматологияда, ЛОР-тәжірибесінде дозалау тәртібі клиникалық жағдайларына, көрсеткіштеріне байланысты жеке белгіленеді.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.