N01BB01 Бупивакаин¹ (Bupivacaine)

Қолдану көрсеткіштері

Жүйкелердің ұзақ блокадасы және эпидуральді анестезияда, егер адреналинді қосу қарсы көрсетілген болса немесе бұлшықеттердің қатты босаңсуы қажет емес жағдайда (мысалы, операциялардан кейін ауырсынуды басу немесе босанулар кезіндегі анестезия).Белдің эпидуральды блокадасында, босану кезінде үздіксіз эпидуральды анестезияда, жұлын анестезиясында жиі қолданылады.
    Клинические протоколы:
  1. Апластическая анемия у взрослых
  2. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  3. Острый панкреатит
  4. Иммунная тромбоцитопения и беременность
  5. Ведение живого донора почки (в послеоперационном периоде)

Қарсы көрсеткіштері

Амидті типтегі жергілікті жансыздандырғыш заттарға немесе басқа да компоненттерге жоғары сезімталдық; менингит; полиомиелит; бассүйекішілік қан құйылу; омыртқа туберкулезі; пернициозды анемия және ми мен жұлынның ісіктері салдарынан жұлынның жеделдеу кешенді дегенерациясы; айқын гипотензия (кардиогенді немесе гиповолемиялық шок); инъекция орны терісінің іріңді зақымдануы; қан ұю бұзылыстары немесе антикоагулянттармен терапия; Биер бойынша көктамырлық регионарлық анестезия.

Қауіпсіздік шаралары

Эпидуральды анестезия немесе шеткергі жүйкелердің блокадасы кезінде жүректің тоқтап қалуы және өлімге ұшырауы мүмкін. Шеткергі жүйкелердің блокадасы кезінде күшті васкуляризацияланған аймақтарда жүйелік абсорбция және/немесе қантамырішілік инъекцияның жоғары қаупі бар, бұл қан плазмасында концентрациясының жоғарылауына алып келуі мүмкін. Жоғары дозалары тудыруы мүмкін: орталық жүйке жүйесі және жүрек- қантамыр жүйесі тарапынан жедел уытты әсерлер, әсіресе қантамырішілік енгізген кезде; ұзақ уақыт буын ішіне инфузиялар кезінде хондролиз; мойын және бас аймағына байқамай интраваскулярлы енгізу кезінде церебральды симптомдарды; парацервикальды блокадада ұрықта брадикардия/тахикардия тудыруы мүмкін. Регионарлық анестезиялардың кейбір әдістерінде дамуы мүмкін: жүрек- қантамыр қызметінің тежелуі, артериялық қысымның төмендеуі және брадикардия; эпидуральді анестезияда қабырғааралық бұлшықеттердің салдануы және плевралық жалқығы бар пациенттерде тынысалу нашарлауы;  уақытша соқырлық, жүрек- қантамырлық жеткіліксіздік, ретробульбарлық инъекциялар кезінде апноэ және тырысулар (бассүйектің субарахноидальды кеңістігіне өтеді); ретро- және бульба маңы инъекциялары кезінде көз бұлшықеттері дисфункциясының тұрақты дамуы. ІІ немесе ІІІ дәрежедегі AV-блокадасы кезінде сақ болу керек (миокард өткізгіштігінің төмендеуі). Септицемия кезінде интраспинальды абсцестердің, әсіресе операциядан кейінгі кезеңде даму қаупі артады.Емдеуді бастар алдында жекелей сезімталдыққа сынама жасау қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Жергілікті анестетиктер,  І В класындағы аритмияға қарсы заттар - препараттардың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.  III кластағы аритмияға қарсы препараттар (мысалы, амиодарон) - кардиологиялық әсерлер даму қаупі, ЭКГ мониторинг жүргізу қажет. 

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен басым болатын жағдайлардан басқа, жүктіліктің ерте сатыларында қолданбау.

Емізу

Ана сүтіне енеді, бірақ аз мөлшерде және балаға әсер ету қаупі жоқ.

Жағымсыз әсерлері

ОЖЖ тарапынан: жиі парестезия, бас ауыруы, қозу, мазасыздық, тремор, дірілдеу, тырысулық қимылдар, депрессия, ұйқышылдық, қорқу сезімі, сананың шатасуы, истерия, нистагм, түсініксіз сөйлеу; сирек невропатия, шеткері жүйкелердің зақымдануы, параплегия, салдану, арахноидит, бас ми бағаны қызметін қайтымды толық жоғалту, ми қанайналымының өтпелі ишемиялық бұзылуы.                         Жүрек - қантамыр жүйесі тарапынан: жиі гипотензия, брадикардия, вентрикулярлы тахикардия, гипертензия; сирек жүрек тоқтауы, кардиогенді шок, аритмиялар.АІЖ тарапынан: жиі жүрек айнуы, асқазан ішіндегісінің шығарылуының баяулауы. Қан тарапынан өзгерістер: жиі тромбоциттер агрегациясының тежелуі; сирек бауырлық ферменттер мөлшерінің жоғарылауы, гипогликемия. Басқалар: сирек несептің кідіруі, несепті ұстай алмау, тынысалудың тежелуі, тынысалу тоқтауы, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық реакциялар/ шок, диплопия.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.