N01AX63 Азот тотығы
Қолдану көрсеткіштері
Терең наркоз бен миорелаксацияны талап етпейтін жалпы анестезияда ( хирургияда, оперативті гинекологияда, стоматологияда, босануда ауыруды басу үшін); басқа анестетиктердің (оның ішінде операциядан кейінгі кезеңде емдік анальгетикалық наркоз) наркоздық және анальгетикалық әсерін күшейту үшін, жарақаттық шокта (алдын алу); ауыру синдромында; жедел коронарлық жеткіліксіздікте, миокард инфарктісінде, жедел панкреатитте (басу); санадан айырылуды талап ететін медициналық емшаралар жүргізгенде ауыруды басу үшін.
-
Клинические протоколы:
- Экстракорпоральная мембранная оксигенация как метод лечения тяжелых форм дыхательной и сердечной недостаточности
Қарсы көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, гипоксия, жүйке жүйесінің аурулары, созылмалы алкоголизм, алкогольдік масаю жағдайы (қозу мен елестеулер пайда болуы мүмкін), өкпе аурулары, 28 тәулікке дейінгі нәрестелер.
Қауіпсіздік шаралары
Артериялық қысымды, жүректің жиырылу жиілігін, жүрек ырғағын бақылау, тыныс алу және газ алмасу, дене температурасы жағдайын тексеру керек. . Медицина қызметкерінде ұзақ уақыт жанасуда лейкопения даму қаупі артады.Қолдану кезінде мезгіл-мезгіл эндотрахеальді түтіктің манжетінен газды шығару ұсынылады.Эфирмен, циклопропанмен, хлорэтилмен қоспаларының белгілі концентрацияларда жарылу қаупі бар.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Амиодарон - брадикардия (атропинмен қайтпайтын) және артериялық гипотензия, Ксантин – аритмия қаупін жоғарылатады.Фентанил мен оның туындылары жүрек-қантамыр жүйесіне әсерін күшейтеді (жүректің минуттық көлемі мен жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуі).Гипотензивті (әсіресе – диазоксидтің, ганглиоблокаторлардың, хлорпромазиннің, диуретиктердің) және антикоагулянтты (кумарин және индандионның туындылары) препараттардың, сондай-ақ орталық жүйке жүйесі мен тыныс алуды бәсеңдететін дәрілердің әсерін күшейтеді.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жалпы анестезияға енгізу кезінде – қарыншаүстілік аритмия, брадикардия, жүрек жеткіліксіздігінің дамуы немесе ауырлауы;Жалпы анестезиядан шыққаннан кейін – диффузды гипоксия, наркоздан кейінгі делирий (үрей сезімі, сананың шатасуы, қозу, елестеулер, ашушаңдық, қозғалыс қозуы); жүрек айнуы, құсу, ұйқышылдық.Ұзақ уақыт қолданғанда (2-4 күн) – сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, лейкопения, панцитопения, тыныс алудың бәсеңдеуі, қатерлі гипертермиялық криз, операциядан кейінгі қалтырау.
Балаларда қолданылуы
Балалар үшін доза жеке таңдалады.