N01AX03 Кетамин (Ketamine)

Қолдану көрсеткіштері

  • балалар жасында және ересектердегі кейбір айрықша жағдайларда қысқа диагностикалық немесе емдік араласулар жүргізу үшін монотерапия ретінде: наркозға енгізу және оны сақтап тұруда
  • жалпы наркоз жасау үшін (әсіресе бензодиазепиндермен) қолданылатын басқа препараттармен біріктірілген азайтылған дозада. Жергілікті анестезияның кез келген түрімен біріктіруге болады.
  • кетамин қолдану көрсетілген арнайы көрсетілімдер (монотерапияда немесе басқа препаратпен біріктіріп):
    • ауырсындыратын емшаралар (мысалы, күйіктері бар науқаста таңғышты ауыстыру)
    • нейродиагностикалық емшараларда (пневмоэнцефалография, миелография, вентрикулография)
    • эндоскопия
    • көру ағзаларына кейбір ем-шаралар
    • мойын немесе ауыз қуысы аумағындағы хирургиялық араласулар
    • оториноларингологиялық араласулар
    • гинекологиялық экстраперитонеальді араласулар
    • акушерліктегі араласулар, кесарь тілігі операциясы үшін наркозға енгізу
    • ортопедия мен травматологиядағы араласулар
    • кетаминнің жүрекке және қан айналымына әсер ету ерекшеліктеріне байланысты: гипотониясы бар, шок жағдайындағы науқастарда наркоз жасау
    • препаратты бұлшықет ішіне енгізу дұрыс болатын науқастарға наркоз жүргізуде (мысалы, балаларда)
    Клинические протоколы:
  1. Апластическая анемия у детей
  2. Послеродовое кровотечение
  3. Болезнь Гиршпрунга у детей
  4. Врожденные аномалии полового члена у детей
  5. Врожденные пороки развития легких у новорожденных
  6. Гастрошизис. Омфалоцеле (Экзомфалоз)
  7. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  8. Иммунная тромбоцитопения и беременность
  9. Кесарево сечение
  10. Коронавирусная инфекция (COVID-19) у беременных, рожениц и родильниц
  11. Крипторхизм у детей
  12. Политравма
  13. Тетрада Фалло у детей
  14. Экстракорпоральная мембранная оксигенация как метод лечения тяжелых форм дыхательной и сердечной недостаточности
  15. Переломы костей таза у детей
  16. Фебрильная нейтропения
  17. Тяжелая черепно-мозговая травма
  18. Индолентные В-клеточные лимфомы у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

  • препараттың белсенді затына немесе компоненттерінің қандай да біріне аса жоғары сезімталдық
  • ауыр немесе нашар бақыланатын гипертония (тыныштықтағы АҚ >180/100 мм сын. бағ.)
  • артериялық қысымның көтерілуі ахуалын нашарлата түсетін науқастарға (іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, ауыр жүрек-қантамырлық бұзылыстар, бассүйек-ми жарақаты, ми ісіктері, бассүйекішілік қан құйылу, инсульт)
  • эклампсия немесе преэклампсия

Қауіпсіздік шаралары

Препарат төтенше жағдайларды қоспағанда, тек қана тәжірибелі анестезиологтардың қадағалауымен қолдануға арналған.

Жалпы әсер ететін басқа да анестетиктер жағдайындағы сияқты пайдалануға дайын реанимациялық жабдық әзір болуы тиіс.

Кетаминнің артық дозалануы кезінде тыныс алудың тарылуы дамуы мүмкін, мұндай жағдайда өкпені демейтін желдету қолданылуы тиіс. Тыныс алудың механикалық демелуіне аналептиктерді қолдану дұрыс болады.

Венаішілік доза 60 секунд ішінде енгізілуі тиіс. Жылдамырақ енгізу уақытша тыныс алудың тарылуын немесе оның тоқтап қалуын және прессорлық реакцияның күшеюін туындатуы мүмкін.

Тұрақсыз стенокардия мен миокард инфарктісінен кейін 6 ай ішінде, бассүйекішілік қысым көтерілгенде, глаукомада немесе көзге өткен жарақатта пайда мен қауіп арақатынасын бағалаудан соң сақтық шарасын қадағалаумен тағайындалады.

Қолданудың алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Кетамин барбитураттардың, апиындардың нейробұлшықеттік тиімділігін қуаттандырады, сондай-ақ тубокурарин мен эргометриннің әсерін күшейтеді, бірақ панкуроний мен сукцинилхолиннің әсеріне ықпал етпейді.

Барбитураттар және жалпы анальгетиктік ингаляциялық препараттар, фторланған көмірсутектер (фторотан, энфлуран, изофлуран, метоксифлуран) кетаминнің әсер ету ұзақтығын арттырады.

Ұйықтататын дәрілер (әсіресе, бензодиазепиндер туындылары) немесе нейролептиктер кетаминнің әсер ету ұзақтығын ұлғайтып, жағымсыз әсерлердің пайда болу ықтималдығын азайтады.

Тиреоидты гормондармен емдегенде артериялық қысымның көтерілуі мен тахикардия байқалуы мүмкін.

Аминофиллинмен бірге қолданғанда құрысу шегі төмендеуі мүмкін.

Кетамин басқа анестетиктермен және миорелаксанттармен үйлесімді.

Кетамин барбитураттармен және диазепаммен фармацевтикалық тұрғыда үйлесімсіз (шөгіндінің түзілуі), сондықтан препараттарды бір еккіште немесе инфузияда араластыруға болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек аурулары бар науқастарда сақтықпен қолданылады.

Бауыр жеткіліксіздігі

Цирроз және бауыр функциясы бұзылуының басқа да түрлеріне шалдыққан пациенттерде дозаны төмендету керек.

Жүктілік

Жануарларға сынақ жүргізгенде тератогенді әсері байқалмағанмен, жүктілік кезінде пайда мен қауіп арақатынасын бағалаудан соң ғана қолдануға болады. Акушерлік анестезияларда аз дозаларды қолданған жөн.

Емізу

Лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

  • айшықты түстер көру, көзге көрінетін елестеулер, эмоциональді бұзылулар, делирий, психомоторлық қозу, абыржу сезімі (бұл құбылыстар 15 жасқа жетпеген және 65 жастан асқан науқастарда сирек байқалады)
  • қаңқа бұлшықеттері тонусының көтерілуі тоникалық және клоникалық қозғалыстарды туындатады, бұл наркоз тереңдігінің төмендегенін көрсетпейді, сондықтан препараттың қосымша дозасын енгізу қажет емес
  • диплопия, нистагм, көзішілік қысымның орташа көтерілуі
  • артериялық қысымның және жүректің жиырылу жиілігінің уақытша жоғарылауы жиі байқалады. Артериялық қысымның барынша артуы (20–25 %) препаратты к/і енгізгеннен кейін бірнеше минуттан соң байқалады, бірақ 15 минуттан соң АҚ бастапқы мәндеріне оралады. Кетаминнің кардиостимуляциялаушы әсерін дене салмағына 0,2–0,25 мг/кг дозадағы диазепамды алдын ала көктамыр ішіне енгізумен алдын алуға болады. Брадикардия, гипотония, аритмия байқалуы мүмкін.
  • жылдам енгізгенде немесе артық дозаланғанда тыныстың тарылуы немесе тоқтауы жиі байқалған. Ларингоспазм сирек байқалған.
  • тәбеттен айырылу, жүрек айну, құсу, сілекейдің ағуы
  • сирек инъекция салған жердің ауыруы, бөрту, транзиторлы эритема және/немесе қызылша тәріздес бөртпе және бір жағдайда анафилактоидтық реакция анықталған
  • қысқа кезең ішінде қайталап қолданғанда, әсіресе кішкентай балаларда препаратқа төзімділік білінген. Бұл жағдайларда дозаны тиісінше арттырумен қалаулы әсерге жетуге болады.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Препаратты тағайындау әркімге жеке жүргізілуі тиіс.

Біріктіріп қолданғанда кетамин дозасы азайтылуы тиіс.

Көктамыр ішіне енгізу

Бастапқы доза дене салмағына 0,7–2 мг/кг, ол енгізгеннен кейін шамамен 30 секундтан соң 5–10 минут бойы тиісті хирургиялық анестезияны қамтамасыз етеді. (Жоғары қаупі бар науқастарға, егде жастағыларға немесе шок жағдайындағыларға ұсынылатын доза дене салмағына 0,5 мг/кг.)

Кетамин көктамыр ішіне баяу енгізілуі керек (1 минутта).

Бұлшықет ішіне енгізу

Бастапқы доза дене салмағына 4–8 мг/кг, ол енгізгеннен кейін бірнеше минуттан соң ұзақтығы 12–25 минутқа созылатын хирургиялық анестезияны қамтамасыз етеді.

Тамшылатып енгізу

500 мг кетамин + 500 мл глюкоза ерітіндісі немесе натрий хлориді ерітіндісі. Бастапқы ұсынылатын доза: сағатына дене салмағына 2–6 мг/кг.

Анестезияны демеу

Қажет болған жағдайда бастапқы дозаның жартысын немесе бастапқы дозаны бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне қайта енгізуге болады.

(Нистагм білінуі, тітіркендіруге болатын қозғалыс реакциясы наркоздың жеткіліксіздігін көрсетеді, сондықтан бұл жағдайда дозаны қайталап енгізу қажет болады. Алайда, аяқ-қолдардың еріктен тыс қимылдары наркоздың тереңдігіне байланыссыз болуы мүмкін!)

Балаларда қолданылуы

Қысқа кезең ішінде қайталап қолданғанда, әсіресе кішкентай балаларда препаратқа төзімділік білінген. Бұл жағдайларда дозаны тиісінше арттырумен қалаулы әсерге жетуге болады.

3 айлыққа дейінгі балаларға сақтықпен қолдану керек.