N01AH01 Фентанил (Fentanyl)

Қолдану көрсеткіштері

Нейролептанальгезия (дроперидолмен бірге); премедикация ретінде қысқа мерзімді хирургиялық араласуларда жансыздандыру; миокард инфарктісіндегі сияқты, түрлі этиологиядағы айқын ауыру синдромы; қарқынды ем жүргізгенде респираторлы депрессант ретінде.
    Клинические протоколы:
  1. Экстрокорпоральный метод лечение Грамм-негативного сепсиса
  2. Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
  3. Диабетическая ангиопатия нижних конечностей
  4. Гемифациальный спазм
  5. Травматический шок
  6. Невралгия тройничного нерва
  7. Опухоли основания черепа (хирургическое лечение)
  8. Аневризма брюшной аорты
  9. Аневризма торакоабдоминального отдела аорты
  10. Атеросклероз брюшной аорты и артерий нижних конечностей
  11. Диабетическая ангиопатия нижних конечностей
  12. Применение монооксида азота для лечения легочной гипертензии
  13. Синдром грудного выхода
  14. Синдром хронической абдоминальной ишемии
  15. Трансплантация сердца
  16. Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
  17. Экстракорпоральная мембранная оксигенация как метод лечения тяжелых форм дыхательной и сердечной недостаточности
  18. Острый и хронический тонзиллит у детей
  19. Дегенеративные заболевания поясничного отдела позвоночника со спинальной нестабильностью (оперативное лечение)
  20. Острый панкреатит
  21. Синдром хронической абдоминальной ишемии
  22. Стрессовое недержание мочи
  23. Тазовые перитонеальные спайки
  24. Некротический энтероколит у новорожденного
  25. Респираторный дистресс-синдром (неонатология)
  26. Стойкое фетальное кровообращение / Персистирующая легочная гипертензия у новорожденного
  27. Язвенно-некротический энтероколит (педиатрия)
  28. Афакия
  29. Болезнь Гиршпрунга у детей
  30. Врожденная высокая кишечная непроходимость у новорожденных
  31. Врожденная низкая кишечная непроходимость
  32. Сочетанная травма у детей
  33. Врожденные пороки развития легких у новорожденных
  34. Гастрошизис. Омфалоцеле (Экзомфалоз)
  35. Краниосиностоз
  36. Пороки развития диафрагмы у новорожденных
  37. Пороки развития пищевода у новорожденных
  38. Тетрада Фалло у детей
  39. Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей
  40. Изосерологическая несовместимость крови матери и плода
  41. Иммунная тромбоцитопения и беременность
  42. Кесарево сечение
  43. Изъятие фрагмента печени от прижизненного донора с целью трансплантации реципиенту
  44. Тяжелая черепно-мозговая травма
  45. Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
  46. Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
  47. Ожоги поверхностные до 20% (взрослые)
  48. Ожоги у детей
  49. Отморожение у детей
  50. Отморожения у взрослых
  51. Переломы, захватывающие несколько областей тела, у детей
  52. Политравма
  53. Открытая торакальная травма
  54. Закрытая торакальная травма
  55. Острый панкреатит

Қарсы көрсеткіштері

Фентанилге, басқа да опиоидты анальгетиктерге немесе бұлшықеттік релаксанттарға жоғары сезімталдық; тынысалу орталығының тежелуімен жүретін жағдайлар; бассүйекішілік қысымның жоғарылауы; бассүйек-ми зақымдануы; тынысалу жолдарының обструкциялық аурулары; өт жолдарына оперативті араласулардан кейінгі пациенттерге.

Қауіпсіздік шаралары

Глюкокортикостероидтарды, гипотензивті дәрілік заттарды және инсулинді қабылдау кезінде сақтықпен қолдану; дағдылану және дәріге тәуелділік дамуы мүмкін;200 мкг асатын дозалар елеулі тыныс алудың тежелуі мүмкін; брадикардия және асистолия, бұлшықеттердің сіресуі,  оның ішінде кеуделік; миастениясы бар науқастарда сақтықпен қолдану; гипотиреоз, өкпе аурулары, маскүнемдік, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда дозасын түзету қажет; терең жансыздандыру кезінде тыныс алудың айқын тежелуі мүмкін; көктамырға енгізгеннен кейін артериялық қысымның өткінші төмендеуі, өт жолдары қысымының жоғарылауы, кейбір жағдайларда Одди сфинктерінің спазмы, ішек моторикасының тежелуі байқалуы мүмкін; ұзақ опиоидты терапия немесе есірткіге тәуелділерге жоғары дозалары ұсынылады; босану кезінде нәрестенің тыныс алуының тежелуін шақыруы мүмкін; қарттарға, әлсіреген пациенттерге дозасын төмендету керек.Қант диабеті. 

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Алкоголь, гистаминге қарсы препараттар, транквилизаторлар, ұйықтатқыш заттар, трициклды антидепресанттар – седативті әсерін күшейту. Жалпы анестетиктер - седативті әсерін күшейту. Нейролептиктер - седативті әсерін және гипотонияны күшейту. Моноаминооксидаза тежегіштері, мысалы – фенелзин (phenelzine) - ауыр уытты әсерлердің даму қаупіне байланысты бір мезгілде тағайындауды БОЛДЫРМАУ. Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қолдануды болдырмау немесе дозасын азайту.

Бауыр жеткіліксіздігі

Қолдануды болдырмау немесе дозасын азайту. 

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.Үйлесімді. 

Жағымсыз әсерлері

ОЖЖ тарапынан: үрейлі жағдайлар, дискинезия, ұйқышылдық, бас айналуы, экстрапирамидалық симптомдар, операциядан кейінгі уақыт және кеңістік бағдарынан адасу; сирегірек бас ауыруы, эйфория; операциядан кейінгі қозу; тырысулар, сананы жоғалту, миоклонус.Тынысалу жүйесі тарапынан: ларингоспазм, бронхоспазм, демікпе; сирегірек гипервентиляция, ықылық; тынысалудың тежелуі.Жүрек- қантамыр жүйесі тарапынан: брадикардия, тахикардия, аритмия, артериялық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі, көктамырлар бойының ауыруы; сирегірек флебит, артериялық қысымның тұрақсыздығы; ауа эмболиясы; жүрек тоқтауы.АІЖ тарапынан: жүрек айнуы, құсу; сирегірек іштің қатуы, Одди сфинктерінің спазмы.Жоғары сезімталдық реакциялары: аллергиялық дерматит; сирегірек жоғары сезімталдық реакциялар  (анафилактикалық шок, анафилактикалық реакциялар, есекжем).Басқалар: бұлшықеттердің сіресуі, соның ішінде кеуделік; либидо және потенцияның бұзылуы, көрудің нашарлауы, диплопия.

Балаларда қолданылуы

2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға премедикация үшін:  дене салмағы есебінен 2 мкг/кг дозада, операцияға дейін 30-60 минут бұрын; операция кезінде 2 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға: кенеттен тыныс алу және жасанды желдету – бастапқы доза 1-3 мкг/кг (қосымша доза 1-1.25 мкг/кг); операциядан кейінгі кезеңдегі анальгезия: б/і дене салмағы есебінен 2 мкг/кг. 2 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.