M05B03 Алендрон қышқылы және Колекальциферол (Alendronic acid and Colecalciferol)

Қолдану көрсеткіштері

Менопаузадан кейінгі кезеңде D дәрумені тапшылығының пайда болу қаупі бар әйелдерде.

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді затына немесе қандайда бір қосымша затына жоғары сезімталдық; өңеш аурулары немесе астың өңеш бойымен өтуін баяулататын басқа да факторлар (мысалы стриктуралар немесе ахалазия); науқастың 30 минут бойы тік күйінде тұруға немесе отыруға қабілетсіз болуы; гипокальциемия.

Қауіпсіздік шаралары

Негізгі ауру барысы нашарлауы мүмкін болғандықтан, натрий алендронатын АІЖ жоғарғы бөлімдерінің, мысалы, дисфагия, өңештің аурулары, гастрит, дуоденит, ойық жара сияқты белсенді жүретін немесе қайталанатын аурулары бар пациенттерге, немесе жақын арада (соңғы жыл ішінде) күрделі асқазан-ішектің ауыр ауруларын, мысалы, пептидтік ойық жара, АІЖ-дан белсенді қан кету болған, немесе АІЖ жоғарғы бөлімдерінің органдарында, (пилоропластиканы санамағанда) операциялық араласым жасалған пациенттерге сақтықпен тағайындаған жөн. ҚҚСП-пен бірге қолдану- АІЖ тітіркенуімен астасатындықтан, қолданғанда сақ болған жөн.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Тағамдар және сусындар (минералды суды қоса), кальций қоспалары, антацидтер және ішке қабылдауға арналған кейбір басқа дәрілік препараттар бір мезгілде қолданған кезде натрий алендронатының сіңуін төмендетуі мүмкін. Құрысуға қарсы препараттар, циметидин және тиазидтік диуретиктер D дәруменінің катаболизмін жылдамдатуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Шумақтық сүзіліс жылдамдығы (ШСЖ) минутына 35 мл-ден төмен болса препаратты қабылдамау керек, (ШСЖ) минутына 35 мл-ден жоғары болса дозаны коррекциялау қажет емес.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: қаңқа-бұлшықет ауруы (сүйектерде, бұлшықеттерде, буындарда).Жиі: бас ауыру, бас айналу, вертиго, іштің ауыруы, диспепсия, іш қату, диарея, метеоризм, өңештің ойық жарасы, дисфагия, іштің кебуі, қышқыл кекірік, алопеция, терінің қышынуы, астения, шеткері ісінулер, буындардың ісінуі.Жиі емес: дисгевзия, көздің инфекциялары (увеит, склерит, эписклерит), жүрек айнуы, құсу, гастрит, эзофагит, өңеш эрозиялары, мелена, бөртпе, эритема, жедел реакциялардың фазасын еске түсіретін өткінші симптомдар (миалгия, әлсіздік және сирек – қызба), бұл әдетте емнің басталуымен байланысты.Сирек: аса жоғары сезімталдық реакциялары, есекжемді және Квинке ісінуін қоса, гипокальциемия, әсіресе бейімдегіш факторлар бар болғанда, өңештің стриктурасы, ауыз қуысының және жұтқыншақтың ойық жаралануы, АІЖ жоғарғы бөлімдерінде тесілу, ойық жаралар және қан кетулер, фотосенсибилизация, ауыр тері реакциялары, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермалық некролизді қоса, жақ остеонекрозы, сан сүйегінің ұршықастылық және диафизарлы бөліктерінің атипиялық сынулары (бисфосфонаттар класына тән жағымсыз әсер), сыртқы есту жолының холестеатомасы (фокальді остеонекроз).

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.