M05BA03 Памидрон қышқылы¹ (Pamidronic acid)

Қолдану көрсеткіштері

Остеокластар белсенділігінің жоғарылаумен байланысты жағдайларды емдеу: қатерлі ісіктерден болған гиперкальциемия, сүт безінің обыры кезінде сүйек метастаздарының түзілуі салдарынан остеолитикалық зақымданулар, III сатыдағы көптеген миелома кезіндегі остеолитикалық зақымданулар.
    Клинические протоколы:
  1. Несовершенный остеогенез
  2. Остеохондродисплазия с дефектами роста трубчатых костей и позвоночника
  3. Рак мочевого пузыря

Қарсы көрсеткіштері

Бисфосфонаттарға, натрий памидронатына және препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Көктамырға сорғалатып енгізуге болмайды, алдын ала сұйылтылуы тиіс және содан кейін ғана баяу көктамырлық инфузия түрінде енгізеді. Пациенттер препаратты енгізер алдында тиісінше гидратациялануы тиіс. Бұл әсіресе диуретикалық заттарды қабылдаушылар үшін өте маңызды. Бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына дейінгі бүйрек қызметінің клиникалық елеулі нашарлау қаупіне байланысты бір реттік дозасы 90 мг аспауы және енгізудің ұсынылған ұзақтығы сақталуы тиіс.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Аминогликозидтер (мысалы, гентамицин) - гипокальциемияның жоғары қаупі.Антацидтер, алюминий, кальций, магний, темір тұздары - пероральді бисфосфонаттар сіңірілуінің төмендеуі.СЕҚҚП - асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялардың жоғарылау мүмкіндігі.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Емнің пайдасы потенциалды қауіптен асатын қатерлі жаңа түзілімдерден болатын өмірге қауіпті гиперкальцемия жағдайларын қоспағанда, креатинин клиренсі 30 мл/мин кем болған кезде қолданбау.

Бауыр жеткіліксіздігі

Жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде дозасын түзету талап етілмейді.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: гипокальциемия, гипофосфатемия; қызба және кейде әлсіздік, қалтырау, ысыну, жоғары шаршағыштық және «құйылулармен» жүретін тұмау тәрізді симптомдар.Жиі: анемия, тромбоцитопения, лимфоцитопения, парестезиялар, тетания, бас ауыруы, ұйқысыздық, жоғары ұйқышылдық; конъюнктивит; артериялық қысымның жоғарылауы; жүрек айнуы, құсу, анорексия, іштің ауыруы, диарея, іш қатуы, гастрит; бөртпе; сүйектердегі, буындардағы және бұлшықеттердегі өтпелі ауырулар; гипокалиемия, гипомагниемия, қан сарысуындағы креатинин концентрациясының жоғарылауы; препаратты енгізген орынның ауырсынуы, қызаруы, ісінуі, тығыздануы, флебит, тромбофлебит; жайылған ауыру.Жиі емес: аса жоғары сезімталдық реакциялары, анафилактоидты реакциялар, бронх түйілуі, ентігу, Квинке ісінуін қоса; құрысулар, ажитация, бас айналуы, летаргия; увеит (ирит, иридоциклит); артериялық қысымның төмендеуі; қышыну; бұлшықеттің түйілуі; жедел бүйрек жеткіліксіздігі; бауыр сынамаларының функционалдық өзгеруі, қан сарысуындағы мочевина концентрациясының жоғарылауы.Сирек: ортан жіліктің атиптік ұршық асты және диафизарлық сынуы; фокальді сегментарлық гломерулосклероз, коллаптоидты нұсқасын, нефроздық синдромды қоса.Өте сирек: Herpes simplex реактивациясы, Herpes zoster; лейкопения; сананың шатасу белгілері, көру елестеулері; склерит, эписклерит, ксантопсия; жедел респираторлық дистресс-синдромы, өкпенің интерстициальді ауыруы; сол жақ қарынша жеткіліксіздігі, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі; сыртқы есту жолының остеонекрозы; қатарлас бүйрек ауруларының асқынулары, гематурия, бүйрек өзекшелері қызметінің бұзылуы, туболоинтерстициальді нефрит, гломерулонефропатия; гиперкалиемия, гипернатриемия.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.