M03AX01 Ботулиндік токсин¹ (Botulinum toxin)
Қолдану көрсеткіштері
Ересектер: физиотерапиямен үйлесімде қолдың түйілуінде, спастикалық мойын қисаюы, блефароспазм, гемифациальді түйілу, қолтық гипергидрозы.Егер осы сызықтардың айқындылығы пациентке күрделі психологиялық әсерін тигізетін болса, 65 жасқа дейінгі ересек пациенттерде орташа және айқын мимикалық әжімдердің сыртқы түрін уақытша жақсартуда.
-
Клинические протоколы:
- Третий этап "Амбулаторная реабилитация II". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Поддерживающая реабилитация. Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Болезнь Ниманна-Пика
- Детский церебральный паралич
- Ахалазия кардии
- Гиперкинезы
Қарсы көрсеткіштері
Кез келген препарат компонентіне жоғары сезімталдық, инъекция шамаланған жерде инфекциялық процесстің болуы, гравис миастениясы, Ламберт- Итон синдромы, бүйірлік амиотрофиялық склероз.
Қауіпсіздік шаралары
Бір сессияда бір пациентті емдеуге қолдану, инъекцияға дайындық кезінде және препаратты енгізуде, сонымен қатар сұйылтылған қалдық ерітінді инактивизациясы және оны жою кезінде ерекше сақтық шараларын жүргізу. Препарат құрамында аз мөлшерде адам альбумині бар. Адам қанын немесе қан негізіндегі өнімдерді қолданғаннан кейін вирустық инфекция таралу қаупін абсолютті сеніммен жоққа шығаруға болмайды. Осындай жағымсыз әсерлер пайда болу қаупі препаратты дозалау бойынша ұсыныстарды сақтаған кезде және препараттың төмен тиімді дозаларын қолданумен азайтылуы мүмкін. Неврологиялық бұзылыстары бар пациенттер жүйке- бұлшықеттік берілулер бұзылыстарының жоғары қаупіне ұшырайды (мысалы, гравис миастениясы). Жұту немесе тынысалу бұзылыстары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, себебі сәйкес бұлшықеттерге токсин әсерінің таралуы кезінде бұл бұзылыстардың байқалуы нашарлауы мүмкін. Тұрақты сіресімі бар пациенттерде түйілулерді емдеу үшін қолданылмайды. Бұлшықет әлсіздігі және көрудің бұзылысына байланысты көлік құралдарын немесе қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақ болу керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Жүйке- бұлшықет функциясымен тікелей немесе жанама өзара әрекеттесетін дәрілік препараттар (мысалы, аминогликозидтер, кураре тәрізді деполяризацияламайтын блокаторлар)- ботулиндік токсин әсерінің күшеюі, САҚТЫҚПЕН ҚОЛДАНУ!
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жалпы әлсіздік, шаршағыштық, тұмауға ұқсас синдром, енгізген жердің ауыруы/ гематомасы, қышыну, неврологиялық амиотрофия, терілік бөртпе.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
2 жастан бастап церебральді сал ауруы бар балаларда, спастикалықпен шағырылған, табанның динамикалық деформациясынан басқа, барлық көрсеткіштер кезінде 18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.