M03AC09 Рокуроний бромиді¹ (Rocuronium bromide)

Қолдану көрсеткіштері

Ересектерде және педиатриялық пациенттерде туылғаннан бастап жасөспірімдік жасқа дейін стандартты енгізу барысында жалпы наркозға қосымша ретінде кеңірдек интубациясын жеңілдету және хирургиялық араласым кезінде қаңқа бұлшықеттерінің босаңсуын қамтамасыз ету үшін, ересектерде қарқынды емдеу бөлімінде өкпеге жасанды желдету жүргізгендегі кеңірдек интубациясын жеңілдету үшін.
    Клинические протоколы:
  1. Столбняк
  2. Апластическая анемия у детей
  3. Изъятие фрагмента печени от прижизненного донора с целью трансплантации реципиенту
  4. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  5. Применение монооксида азота для лечения легочной гипертензии
  6. Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
  7. Экстракорпоральная мембранная оксигенация как метод лечения тяжелых форм дыхательной и сердечной недостаточности
  8. Стеноз гортани у детей
  9. Болезнь Гиршпрунга у детей

Қарсы көрсеткіштері

Рокуронийге немесе бромид-ионға немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Қалдық бөгелістің дамуы нәтижесінде пайда болатын асқынуларға жол бермеу үшін кеңірдек экстубациясын жүйке-бұлшықет өткізгіштігі жеткілікті дәрежеде қалпына келгеннен кейін ғана жүргізу ұсынылады. 

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Аминогликозидтер, клиндамицин, циклофосфамид, магний тұздары (инъекциялар), фенитоин, карбамазепин, лидокаин, метоклопрамид, пиперациллин, хинин, ванкомицин, верапамил, ұшқыш анестетиктер - рокуроний әсерін күшейтеді (жүйке-бұлшықет блокадасы күшейеді немесе өткізгіштіктің қалпына келуі кідіреді).Прозерин, пиридостигмин - деполяризацияланбайтын миорелаксанттар әсеріне антагонисттер.Фенитоин - созылмалы қолданғанда әсері төмендейді, бірақ қысқа мерзімді қабылдауда әсерінің күшеюі мүмкін.Кейбір препараттар деполяризацияланбайтын миорелаксанттар әсерін күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Жүктілік

Кесарь тілігін қоспағанда, жүктілік кезінде қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес: тахикардия, артериялық гипотензия, дәрілік заттың тиімсіздігі, тиімділігінің/емдік жауабының төмендеуі, тиімділігінің/емдік жауабының жоғарылауы, инъекция жасалған жердің ауыруы, инъекция жасалған жердегі реакциялар, жүйке-бұлшықет бөгелісінің ұзаққа созылуы, анестезиядан кейін жүйке-бұлшықет өткізгіштігі қалпына келуінің баяулауы.Өте сирек: жоғары сезімталдық, анафилаксиялық реакция, анафилактоидтық реакция, анафилаксиялық шок, анафилактоидтық шок, бронх түйілуі, препаратты тез болюстік түрде енгізуден кейін плазмадағы орташа концентрациясының аздап артуы, сылбыр салдану, қантамырлық коллапс және шок, тері жабындарының гиперемиясы, есекжем, ангионевроздық ісіну, бөртпе, эритематозды бөртпе, бұлшықет әлсіздігі, стероидты миопатия, беттің ісінуі, қатерлі гипертермия, анестезиядан кейінгі тыныс алу жолдары тарапынан болатын асқынулар.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.Операция кезіндегі жүйке-бұлшықеттік блокада (әсерінің орташа ұзақтығы). Жаңадан туылған сәбилер мен балаларға: бастапқыда 600 мкг/кг, көктамыр ішіне, кейін 150 мкг/кг, қажет болған жағдайда қайталанады, немесе көктамырішілік инфузия жолымен сағатына 300-600 мкг/кг, доза жауабына сәйкес түзетіледі. Реанимацияда өкпенің қосымша жасанды желдетуі. Балалар. Бастапқыда 600 мкг/кг көктамыр ішіне, кейін 150 мкг/кг, қажет болған жағдайда қайталанады, немесе көктамырішілік инфузия жолымен сағатына 300-600 мкг/кг, доза жауабына сәйкес түзетіледі.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.