M03AB01 Суксаметоний хлориді¹ (Suxamethonium)
Қолдану көрсеткіштері
Жалпы анестезия кезіндегі бұлшықет релаксациясы (хирургияда, акушерлікте және гинекологияда операциялық араласулар кезінде кеңірдек интубациясын жеңілдету), электрмен құрыстыру емінде (ЭҚЕ) құрысу қарқындылығын төмендету.
-
Клинические протоколы:
- Иммунная тромбоцитопения у взрослых
- Болезнь Гиршпрунга у детей
- Врожденные пороки развития легких у новорожденных
- Гастрошизис. Омфалоцеле (Экзомфалоз)
- Пороки развития пищевода у новорожденных
- Иммунная тромбоцитопения и беременность
Қарсы көрсеткіштері
Суксаметоний хлоридіне немесе препараттың қосымша компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық, қатерлі гипертермия, ауыр күйіктер және жарақаттар, ұзаққа созылған иммобилизация, салдарлық бұлшықет атрофиясына алып келетін иннервацияның бұзылуы, Дюшен бұлшықет дистрофиясы, миотония, полиомиелит, бүйірлік амиотрофиялық склероз, шашыраңқы склероз, ауыр миастения, туа біткен холинэстераза жеткіліксіздігі, құрсақ қуысының ауыр инфекциялары, сепсис, көздің терең жаралануы, көзішілік қысымның жоғарылауы, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы.
Қауіпсіздік шаралары
Өкпе және жүрек аурулары бар пациенттерге препаратты сақтықпен қолдану.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Маңызды! Бірқатар препараттар суксаметоний әсерін ұзартуы немесе күшейтуі мүмкін - әрбір нақты жағдайда дәрілік препарат туралы толық ақпарат алу үшін нұсқаулыққа жүгініңіз.Аминогликозидтер, клиндамицин, циклофосфамид, магний тұздары (инъекциялар), фенитоин, карбамазепин, лидокаин, метоклопрамид, прозерин, пиперациллин, пиридостигмин, хинин, ванкомицин, верапамил, ұшқыш анестетиктер - суксаметоний әсері жоғарылайды (жүйке-бұлшықет блокадасы күшейеді немесе өткізгіштіктің қалпына келуі кешігеді).Дигоксин - ауыр қарыншалық аритмияның пайда болу қаупі.Пропофол - миокард жиырылуы тежелуінің жоғары қаупі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Жүктілік
Суксометоний хлориді жүктілік кезінде тек қажет болған жағдайда, оны қолданудың пайдасы ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана тағайындалуы керек.
Емізу
Ұсынылмайды.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: сарысуда калий деңгейінің жоғарылауы (жиірек - 0,05 ммоль/л-ге аздап жоғарылауы), бұлшықет фасцикуляциясының нәтижесі ретінде миалгия, көбіне жиі мойында, кеуде қуысында, иықта және арқада, және әсіресе, орта жастағы пациенттерде (20-дан 50 жасқа дейінгі), бұлшықет фасцикуляциялары, аритмия.Жиі: аллергиялық реакциялар (қан құйылулары, есекжем, гистаминнің шығарылуынан терінің қызаруы), көзішілік қысымның жоғарылауы, қарыншаішілік қысымның жоғарылауы (жүкті пациенттерде регургитация қаупі, диафрагманың өңештік саңылауының жарығы бар пациенттер, асқазан және ішек атониясы, асцит, сондай-ақ құрсақ қуысының ісіктері), сілекейдің көп бөлінуі, гипотензия, гипертензия, бассүйекішілік қысымының жоғарлауы.Жиі емес: аздап жоғарылаған тризм (60 секундқа дейін), ол ұйықтатқыш дәрілерді (пропофол) немесе деполяризацияланбайтын миорелаксанттың аздаған дозасын тағайындау арқылы төмендетілуі мүмкін, өткінші артериялық гипертензия, тахикардия.Сирек: бронх түйілуі, плазмада холинэстераза мөлшері бұзылған пациенттерде ұзаққа созылатын апноэ, бронхоспазм, ларингоспазм, босаңсудың орнына бұлшықеттің жиырылуы (жиі дистрофиялық миотония немесе туа біткен миотониямен қатар жүреді), миоглобинурия және креатинфосфокиназаның жоғары деңгейі.Өте сирек: анафилактикалық шок, порфирия, дене температурасының жоғарылауы, бұлшықеттің сіресуі/онсыз қатерлі гипертермия (шайнау бұлшықетінің түйілуі), жүрек-қантамыр асқынулары (тахиаритмия, тұрақсыз артериялық қысым), қарыншалық аритмия, гиперкалиемия салдарынан қарыншалардың фибрилляциясы, гиперкальциемия, суксаметоний хлоридін енгізу аясында гиперкалиемия әсерінен жүректің тоқтауы, анафилактоидтық реакциялардың нәтижесі ретінде жүрек жеткіліксіздігі, тыныс шығару соңында CO2 концентрациясының жоғарылауы, ауыр ацидоз, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне алып келетін миоглобинурия, гемоглобинурия, жүйке-бұлшықет өткізгіштігінің аурулары кезінде кеш тыныс алу жеткіліксіздігі, көмейдің ісінуі, өкпенің ісінуі, жүйке-бұлшықет өткізгіштігінің анықталған және анықталмаған аурулары бар жедел рабдомиолиз.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Балалар. Көктамыр ішілік инъекция. Әсері 30-60 секундтан соң дамиды және шамамен 2-6 минутқа созылады. Ұзақ инфузия түрінде енгізбеген жөн. Операцияны бастағанға дейін көктамыр ішіне аздаған тестілік 0,05 мг/кг дозамен препаратқа сезімталдықты анықтау ұсынылады. Интубация үшін бір реттік доза: 12 жастан асқан балалар: дене салмағына 1-1,5 мг/кг; 1 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: дене салмағына 1 мг/кг; жаңадан туылған сәбилер және 1 жасқа дейінгі балалар: дене салмағына 1-2 мг/кг.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.