M01CC01 Пеницилламин¹ (Penicillamine)
Қолдану көрсеткіштері
Вильсон-Коновалов ауруы; ауыр металлдармен улану, ревматоидты артрит (сонымен бірге ювенильді).
-
Клинические протоколы:
- Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Болезнь Вильсона-Коновалова у детей
- Системная склеродермия
- Хроническая интоксикация свинцом
Қарсы көрсеткіштері
Аса жоғары сезімталдық, гемопоэз бұзылуы, агранулоцитоз, миастения, Шегрен синдромы, қызыл жегі.
Қауіпсіздік шаралары
Қанды және несепті үнемі бақылау қажет (жалпы талдау, сілтілік фосфатаза, трансаминазалар деңгейін анықтау және т.б.). Препараттың көлік құралын және қауіптілігі жоғары механизмдерді жүргізу қабілетіне жағымсыз әсері туралы деректері белгісіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Малярияға қарсы және ісіктерге қарсы дәрілік заттар, фенилбутазон, алтын препараттары жанама әсерлер қаупін арттырады.Антибиотиктермен үйлесімсіз.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Жүктілік кезінде қарсы көрсетілген (Вильсон-Коновалов ауруын қоспағанда, тәулігіне 1 г дозада. Егер кесарь тілігі жоспарланса, онда тәуліктік дозасы жүктіліктің соңғы 6 аптасында және операциядан кейінгі кезеңде толығымен жазылғанға дейін 250 мг аспауы тиіс).
Емізу
Препаратты қабылдау қажет болған кезде емізуді тоқтату.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: анорексия; қызба; жүрек айнуы; протеинурия; бөртпе; тромбоцитопения.Сирек: таздану; кеуденің ұлғаюы (ерлер және әйелдерде); эластоз; гематурия; ауыз қуысының ойық жарасы; эластикалық псевдоксантома; терінің босаңсуы; стоматит.Жиілігі белгісіз: агранулоцитоз; апластикалық анемия; қан аурулары; бронхиолит; холестатикалық сарғаю; дерматомиозит; гломерулонефрит; Гудпасчер синдромы; гемолитикалық анемия; гемолитикалық лейкопения; кешеуілдеген бөртпелер; қызыл жегі; гравис миастениясы; нефротикалық синдром; нейропатия; нейтропения; панкреатит; күлдіреуік; пневмонит (альвеолит); полимиозит; өкпеден қан кету; ревматоидты артрит; сепсистік артрит (ревматоидты артриті бар науқастарда); Стивенс-Джонсон синдромы; дисгевзия; есекжем; құсу.
Балаларда қолданылуы
Ішке, аш қарынға немесе ас қабылдауға дейін 1,5 сағат бұрын немесе кейін. Балалар. Ювенильді ревматоидты артрит: дене салмағына 15-20 мг/кг. Бастапқы доза тәулігіне 2,5-5,0 мг/кг құрайды, оны ең төменгі тиімді дозаға дейін 3-6 ай ішінде әр 4 апта сайын біртіндеп жоғарылатуға болады, бірақ 500 мг артық емес. Вильсон-Коновалов ауруы: бөлінген дозада дене салмағына 20 мг/кг. Қорғасынмен улану: 2-3 қабылдауға бөлінген дозада дене салмағына 20 мг/кг. Цистинурия: 200 мг/л төмен несептегі цистин концентрациясына жетуге мүмкіндік беретін ең төменгі дозаны тағайындайды.