M01AH05 Эторикоксиб (Etoricoxib)

Қарсы көрсеткіштері

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қараңыз. Препараттың белсенді затына немесе құрамына кіретін кез-келген басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық; асқыну сатысындағы пептидтік ойық жара немесе асқазан-ішектен жедел қан кету, ішектің қабыну аурулары; бақыланбайтын артериялық гипертензия (тұрақты 140-90 мм с.б. жоғары), анамнезінде бронх түйілуі, жедел ринит, мұрын полиптары, ангионевротикалық ісіну, есекжем немесе ацетилсалицил қышқылын немесе СЕҚҚП, сонымен бірге циклооксигеназа-2 тежегіштерін (ЦОГ-2) қабылдағаннан кейінгі басқа да аллергиялық реакциялары бар пациенттер. Жүрек жеткіліксіздігі (NYHA II-IV), жүректің ишемиялық ауыруы, шеткергі артериялар аурулары және/немесе жүрек-қантамыр аурулары немесе цереброваскулярлы аурулары бар пациенттерге қолданылмауы керек.

Қауіпсіздік шаралары

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қараңыз. ЦОГ-2 таңдамалы тежегіштері тромбозды асқынулардың туындау қаупін жоғарылатуы мүмкін (әсіресе миокард инфарктісі және инсульт), ең жоғарғы қысқа уақыт кезеңінде ең төменгі тиімді дозада қолдану керек; жүрек-қантамыр аурулары дамуының қауіп факторлары бар пациенттерге сақтықпен қолдану (гипертония, гиперлипидемия және қант диабеті, шылым шегу); емнің алдында, ем басталғаннан кейін 2 аптадан соң және емдеу кезінде артериялық қысымды жүйелі бақылау; ЦОГ-2 таңдамалы тежегіштері жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу үшін ацетилсалицил қышқылының алмастырғыштары болып табылмайды (тромбоциттерге әсер етпейді); эторикоксиб, әсіресе жоғары дозаларда кейбір басқа СЕҚҚП және ЦОГ-2 қарағанда барынша жиі және ауыр артериялық гипертензиямен байланысты болуы мүмкін; эторикоксибті, басқа да таңдамылы ЦОГ-2 тежегіштерін және СЕҚҚП, және ацетилсалицил қышқылымен (тіпті ең төменгі дозада) бірге қолдану кезінде асқазан-ішек жолдары тарапынан жанама әсерлер (АІЖ ойық жаралары немесе АІЖ тарапынан басқа да асқынулар) туындау қаупі; сусыздану; анамнезінде АІЖ тесілуі, ойық жаралары немесе қан кетулері бар пациенттер, сонымен қатар 65 жастан асқан пациенттер.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Пероральді антикоагулянттар - Халықаралық қалыптастырылған қатынастың протромбиндік уақытының артуы.Диуретиктер, ангиотензин айналдырушы фермент (ААФ) тежегіштері және ангиотензин ІІ антагонистері - диуретиктердің және басқа гипертензияға қарсы препараттардың, СЕҚҚП әсерінің әлсіреуі.Ацетилсалицил қышқылы - жүрек-қантамыр асқынуларының алдын алуға арналған дозада қолдану (төменгі дозада), АІЖ ойық жаралар немесе басқа асқынулар туындау жиілігінің жоғарылауы.Циклоспорин және такролимус - соңғысының нефроуытты әсерінің күшеюі.Литий - литийдің бүйрекпен шығарылуының әлсіреуі, қан плазмасында литий деңгейінің жоғарылауы.Пероральді контрацептивтер - этинилэстрадиолдың AUC0-24 жоғарылауы.Адамның сульфотрансферазаларымен метаболизденетін басқа препараттармен бір мезгілде сақтықпен тағайындау (мысалы, пероральді сальбутамол және миноксидил).Рифампицин - қан плазмасында эторикоксиб концентрациясының төмендеуі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Анықталған бүйректік креатинин клиренсі минутына < 30 мл болған кезде қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген (қан сарысуының альбумині < 25 г/л немесе Чайлд-Пью шкаласы бойынша ≥ 10 балл). Жеңіл дәрежедегі бұзылыстар кезінде тәулігіне ең жоғары 60 мг; орташа дәрежелі бұзылыстарында күнара ең жоғары 60 мг немесе 30 мг тәулігіне бір рет; бауыр ферменттерінің персистирленетін аномальды шамаларында емдеу тоқтатылуы тиіс.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген (жануарларға жүргізілген зерттеулерде тератогенді әсері бар); жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге ұсынылмайды, себебі жануарларға зерттеу жүргізгенде репродуктивті уыттылық анықталған.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қараңыз. Жиі: абдоминальді ауыру, астения/әлсіздік, тұмау тәрізді симптомдар, экхимоз; бас айналуы, бас ауыруы, бронх түйілуі, жүрек қағуы, аритмия, гипертензия, ісінулер/сұйықтықтың іркілуі; іш қатуы, метеоризм, гастрит, қыжыл/қышқылдық рефлюкс, диарея, диспепсия, эпигастральді аймақтағы жайсыздықты сезіну, жүрек айнуы, құсу, эзофагит, ауыз қуысындағы ойық жара.Сирек: ауыздың құрғауы, дәм сезудің бұзылуы, ұйқысыздық, парестезия/гипестезия, ұйқышылдық, үрейлілік, депрессия, ақыл-ес қызметінің нашарлауы, елестеулер; көрудің бұлыңғырлануы, конъюнктивит; құлақтағы шуыл, вертиго; жүрекше фибрилляциясы, тахикардия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, ЭКГ-дағы спецификалық емес өзгерістер, стенокардия, миокард инфарктісі, қан құйылулар, инсульт, ми қанайналымының транзиторлы ишемиялық бұзылуы, гипертониялық криз, васкулит; кеуде қуысының ауыруы, жөтел, диспноэ, мұрыннан қан кету, жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары; ішек жиырылу сипатының өзгеруі, гастродуоденальді ойық жара, пептидтік ойық жара, гастроинтестинальді тесілу және қан кетуді қоса, тітіркенген ішек синдромы, панкреатит, гастроэнтерит, тәбеттің және дене салмағының өзгеруі; протеинурия, сарысулық креатинин деңгейінің жоғарылауы, бүйрек қызметінің бұзылысы, бүйрек жеткіліксіздігін қоса, несеп шығару жолының инфекциялары; электролиттік теңгерім бұзылысы, миалгия және артралгия; аса жоғары сезімталдық реакциялары, беттің ісінуі, қышыну, бөртпе, эритема, есекжем; анемия (негізінен асқазан-ішектен қан кету нәтижесінде), лейкопения, тромбоцитопения.Өте сирек: сананың шатасуы, гепатит, бауыр жеткіліксіздігі, сарғаю, ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық/анафилактоидты шок, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, тұрақты дәрілік эритема, қандағы натрий деңгейінің төмендеуі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.