M01AE53 Кетопрофен басқа препараттармен біріктірілімде. (Ketoprofen in combination with other drugs)
Қолдану көрсеткіштері
ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазан немесе он екі елі ішек шырышты қабығының ойық жарасы немесе эрозиясы сыртартқысында бар немесе олардың даму қаупі жоғары науқастарда кетопрофенмен емдеу қажет болғанда ревматоидты артритті, шорбуынданатын спондилит пен остеоартрозды симптоматикалық емдеуде.
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық; сыртартқыда кетопрофен немесе қабынуға қарсы стероидты емес препарат (ҚҚСП) немесе ацетилсалицил қышқылы сияқты басқа ұқсас дәрілік заттар қабылдаудан болатын демікпенің болуы; ауыр жүрек жеткіліксіздігі (NYHA жіктемесі бойынша III-IV функционалдық класы); өршу сатысындағы асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы; асқазан-ішектен қан кету, миға қан құйылу немесе белсенді фазада қан кетудің өзге түрлері; шілтерленген шайқураймен немесе атазанавир сульфатымен бір мезгілде қабылдау; бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде кларитромицинді бір мезгілде қабылдау; тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі.
Қауіпсіздік шаралары
Егде жастағы тұлғаларда ҚҚСП-ға болатын жағымсыз дәрілік реакциялар – әсіресе, өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін асқазан-ішектік қан кетулер мен ойық жараның тесілу жиілігі жоғары.Асқазан-ішектік қан кетулер, ойық жара және оның тесілуі: асқазан-ішек жолынан (АІЖ) қан кету, өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін шырышты қабықтың ойық жаралануы немесе оның тесілуі барлық ҚҚСП қабылдау кезінде болуы және емдеудің кез келген сатысында дамуы мүмкін.Бақыланбайтын гипертониямен, іркілісті жүрек жеткіліксіздігімен, жүректің тұрақты ишемиялық ауруымен, шеткергі артериялар және/немесе ми тамырларының ауруларымен науқастарда кетопрофен тиянақты талдаудан кейін ғана тағайындалу керек. Осыған ұқсас талдауды жүрек-қантамыр ауруларының жоғары даму қаупі бар науқастарда (мысалы, гипертониямен, гиперлипидемиямен, қант диабетімен, шылым шегушілерде) кетопрофенмен ұзақ уақыт емдеу курсын тағайындар алдында жасау қажет. Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған науқастарда, диуретиктер қабылдайтын науқастарда, гиповолемиямен қатар жүретін операциялық араласу көлемі үлкен хирургиялық операциялардан кейінгі емделушілерде, әсіресе, егде жастағы емделушілерде бөлінетін несеп көлемі мен бүйрек функциясын мұқият қадағалау қажет.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Калий тұздары, калий жинақтаушы диуретиктер, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері, ҚҚСП, гепариндер (төмен молекулалы немесе фракцияланбаған түрлер), циклоспорин және такролимус, сондай-ақ триметоприм -гиперкалиемияның даму ықтималдығын арттырады.Басқа ҚҚСП, кортикостероидтармен, антикоагулянттармен, антитромбоцитарлық препараттармен және серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштермен (СКҚСТ), литиймен, метотрексатпен (аптасына 15 мг-ден көп дозаларда), шайқураймен, атазанавирмен, кларитромицинмен біріктірілімді қолдану ұсынылмайды.Сақтықпен қолданылу керек біріктірілімдер: диуретиктер, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері, Төмен дозалардағы метотрексат (аптасына 15 мг-ден аз), пентоксифиллин, зидовудин, бета-блокаторлар (олардың индометацинмен белгілі дәрілік өзара әрекеттесуін экстраполирациялаумен), циклоспорин, такролимус, жатырішілік контрацептивтік құрылғылар, тромболитиктер.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (КК 30 мл/мин аз) бар науқастарға қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью бойынша С класы) бар науқастарға қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Жүктіліктің үшінші триместрінде қарсы көрсетілген. Препаратты жүктіліктің алғашқы екі триместрінде дәрігердің тағайындауы бойынша, егер күтілетін емдік әсері болжамды жағымсыз әсерлер қатерінен артық болса, аса қажеттілік жағдайында қолдануға болады.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: жүрек айну, құсу, метеоризм, іштің ауыруы, іш қату, диарея, функционалдық бауыр сынамалары көрсеткіштерінің шекаралық жоғарылауы; бас ауыру, бас айналу, ұйқышылдық, ұйқысыздық, парестезияЖиі емес: бас ауыру, бас айналу, ұйқышылдық, әлсіздік, дімкәстану, қажу, көңіл-күй бұзылыстары; терінің аллергиялық реакциялары (бөрту, қышыну); құлақтың шуылдауы; көру өткірлігінің төмендеуі және/немесе көру өрісінің тарылуы; дәм сезудің бұзылуы; алопеция, тері реакциялары (бөрту, қышыну), тершеңдік, мультиформалы эритема, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы; шеткергі ісіну.Сирек: жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия; асқазан-ішектен қан кету, асқазанның ойық жарасы, ішек тесілуі, тесілуі, ойық жаралануы бар немесе қан кетумен қатар жүретін энтеропатия; жедел бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит, нефротикалық синдром; алопеция, экзема, есекжем; жедел бауыр жеткіліксіздігі, сарғаю, гепатит; қозу, сананың шатасуы, депрессия; бұлшықет әлсіздігі, артралгия, миалгия.Өте сирек: лейкопения, анемия, тромбоцитопения, панцитопения, агранулоцитоз; көру өткірлігінің төмендеуі, фотосенсибилизация; ісіну; Квинке ісінуі, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз; демікпе ұстамасының ықтималдығы; ойық жаралы колиттің, Крон ауруының өршуі; озбырлық, елестеулер; есекжем, аллергиялық реакциялар, мысалы, қызба, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок, аллергиялық васкулит;ауыздың кеберсуі, стоматит, асқазан-ішек жолының кандидозы, панкреатит; интерстициальді нефрит;бауыр жеткіліксіздігі, сарғаю, гепатит, бауыр аурулары бұрыннан бар емделушілердегі энцефалопатия; гипонатриемия; гинекомастия
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген.