M01AE17 Декскетопрофен (Dexketoprofen)

Қолдану көрсеткіштері

Айқындық дәрежесі жеңіл және орташа ауыруды симптоматикалық емдеуде; бұлшықеттер мен сүйектердің ауыруында; ауырсынумен жүретін етеккірлер мен тіс ауыруында.

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық, ,ҚҚСД  сезімталдық; егер әсері ұқсас заттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы немесе басқа ҚҚСД) демікпе ұстамаларының, бронх түйілуінің, жедел риниттің дамуына түрткі болса немесе мұрын полиптерінің дамуын, есекжемнің немесе ангионевроздық ісінудің пайда болуын туғызса; егер кетопрофенмен немесе фибраттармен емдеу кезінде фотоаллергиялық немесе фотоуытты реакциялар дамыса; анамнезде осының алдындағы ҚҚСД емімен байланысты асқазан-ішектен қан кету немесе тесілу болса; белсенді фазадағы пептидтік ойық жарасы бар /асқазан-ішектен қан кету, немесе анамнезінде асқазан-ішектен қан кету, ойық жаралар немесе перфорациялар бар пациенттерге; созылмалы диспепсия; асқазан-ішектен қан кету, белсенді фазадағы басқа қан кету немесе қанағыштық жоғары болған жағдайда; Крон ауруында немесе спецификалық емес ойық жаралы колитте; жүректің ауыр жеткіліксіздігі кезінде,  геморрагиялық диатез және қан ұюының басқа бұзылулары кезінде; айқын дегидратация (құсудың, диареяның немесе сұйықтықты аз ішудің нәтижесіндегі) жағдайында.

Қауіпсіздік шаралары

• Препарат бауырдың кейбір көрсеткіштерінің уақытша және елеусіз жоғарылауын, сондай-ақ, АСТ және АЛТ белсенділігінің айқын жоғарылауын туғызуы мүмкін. Аталған көрсеткіштер сәйкесінше артқан жағдайда, емдеуді тоқтату керек. • Анамнезінде асқазан-ішек аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек, өйткені аталған аурулардың өршу қаупі бар.• Анамнезінде жүрек аурулары бар, атап айтқанда, осының алдында жүрек жеткіліксіздігінің көріністері болған науқастарды емдегенде айрықша сақтық таныту қажет, өйткені ҚҚСД емі жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупін жоғарылатуға қабілетті.• -порфирин метаболизмінің  туа біткен бұзылулары бар (мысалы, ұстамалы  жедел порфирия жағдайында);- сусыздануы бар;- ауқымды хирургиялық араласулардан кейінгі науқастарға тағайындағанда айрықша сақтық таныту қажет.• Препаратты қабылдағанда бас айналуы, көрудің бұзылулары немесе ұйқышылдық сияқты жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін, сондықтан көлік құралдарын басқару қабілетіне және механизмдермен жұмыс істегенде сақ болу керек. Қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

 • Циклооксигеназа 2 селективті тежегіштері мен жоғары дозалардағы (тәулігіне  3 г) салицилаттарды қоса, басқа ҚҚСД,гепариндер,кортикостероидтар, тромболитикалық дәрілер, антиагреганттар және кері серотонинді қармаудың селективті тежегіштері (СКҚСТ),пентоксифиллин, жоғары дозалардағы хинолондар қатарының антибиотиктері,теновир, деферозирокс, пробенецид, литий, метотрексат, зидовудин, сульфонилмочевина препараттары, бета-блокаторлар, циклоспорин және такролимус, гидантоин туындылары және сульфонамидтер- бірге қолдану ұсынылмайды.Диуретиктер, АКФ тежегіштері, антибиотиктер-аминогликозидтер және ангиотензин II рецепторларының антагонистері: декскетопрофен - әсерін әлсіретеді, сақтықпен қолданған жөн.Қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының жеңіл дәрежелі бұзылуы бар (креатинин клиренсі 60–89 мл/мин) науқастар үшін бастапқы дозасын тәулігіне 50 мг дейін төмендету керек. Бүйректің орташа және ауыр дәрежелі дисфункциясы бар (креатинин клиренсі ≤59мл/мин) пациенттерге қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың ауырлық дәрежесі жеңілден орташа дәрежеге дейінгі патологиясы бар науқастар үшін емдеуді төменгі дозасынан (тәуліктік жиынтық дозасы 50 мг) және дәрігердің мұқият қадағалауымен бастау керек. Бауырдың ауыр дисфункциясы бар пациенттерге қарсы көрсетілген (Чайлда-Пью шкаласы бойынша 10-15 балл).

Жүктілік

Жүктіліктің үшінші триместрінде қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген

Жағымсыз әсерлері

Жиі: жүрек айнуы және/немесе құсу, асқазанның ауыруы, диарея, диспепсия.Жиі емес: ұйқысыздық, мазасыздық, бас ауырулары, бас айналуы, ұйқышылдық;бас айналуы;жүрек соғуының жиілеуі;қан тебулер;гастрит, іш қатуы, ауыздың құрғауы, метеоризм;бөртпе; қажу, ауыру, астения, бұлшықеттердің сіресуі, өзін нашар сезіну.Сирек: көмейдің ісінуі,анорексия; парестезиялар, естен тану,брадипноэ;ойық жара ауруы, қан кету немесе тесілу,есекжем, акне, тершеңдік, арқаның ауыруы,бүйректің жедел жеткіліксіздігі, полиурия,етеккір оралымының бұзылуы, қуықасты безі функциясының бұзылуы, шеткері ісіну,бауыр сынамаларындағы ауытқулар.Өте сирек: нейтропения, тромбоцитопения; гипертензия; анафилаксиялық реакциялар, соның ішінде анафилаксиялық шок, бұлыңғыр көру,құлақтың шыңылдауы; тахикардия; артериялық гипотензия;бронх түйілуі, диспноэ;панкреатит; бауыр жасушаларының закымдануы; Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы), ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі, фотосенсибилизация реакциясы, қышыну; нефрит немесе нефроздық синдром.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты  қарсы көрсетілген.