M01AC06 Мелоксикам¹ (Meloxicam)
Қолдану көрсеткіштері
Остеоартроз асқынуы (қысқа мерзімді), ревматизмдік аурулар кезіндегі қабыну және ауырсыну, шорбуынданатын спондилит.Басқа СЕҚҚП көтере алмаушылығы бар балалардағы ювенильді идиопатиялық артрит және басқа да сүйек-бұлшықет бұзылыстары.
-
Клинические протоколы:
- Менингит у детей и взрослых
- Токсоплазмоз
- Наследственный дефицит факторов VIII или IX (Гемофилия)
- Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
- Последствия инфаркта мозга
- Синдром Рейно
- Хроническая ишемия мозга
- Анкилозирующий спондилит
- Болезнь Бехчета
- Болезнь Шегрена
- Васкулиты, ассоциированные с антинейтрофильными цитоплазматическими антителами. Гранулематоз с полиангиитом (Вегенера). Микроскопический полиангиит.
- Гонартроз
- Дегенеративные заболевания поясничного отдела позвоночника со спинальной нестабильностью (оперативное лечение)
- Идиопатические воспалительные миопатии
- Остеоартроз
- Подагрический артрит
- Псориатический артрит
- Реактивные артриты (M02.8)
- Ревматоидный артрит
- Системная красная волчанка
- Системная склеродермия
- Дисменорея
- Вибрационная болезнь
- Травмы периферических нервов
- Хроническая интоксикация свинцом
- Хроническая интоксикация сероводородом
- Гастропатии, индуцированные приемом нестероидных противовоспалительных препаратов
Қарсы көрсеткіштері
Мелоксикамға немесе препараттың кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық; анамнезінде ацетилсалицил қышқылы немесе басқа да СЕҚҚП бірге қолданғанда демікпе, мұрын полиптері, ангионевротикалық ісінулер немесе есекжем белгілерінің болуы; коронарлы артерияларды шунттау үшін трансплантатты (КАШТ) орнату аймағындағы периоперациялық ауыру; асқазан мен он екі елі ішек шырышының эрозиялық-ойық жаралы өзгерістері/өршу фазасындағы тесілу, сонымен қатар анамнезінде; таяуда өткерген ішектің жедел қабынулық аурулары (асқыну фазасындағы спецификалық емес ойық жаралы колит, Крон ауруы); асқазан-ішектен қан кету, таяуда өткерген церебро-васкулярлық қан кету немесе басқа геморрагиялық аурулар, сонымен қатар анамнезінде; декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі.
Қауіпсіздік шаралары
Анамнезінде асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жара ауруы бар, сонымен қатар антикоагулянтты ем қабылдайтын пациенттерге препаратты қабылдауда сақ болу. Егде жастағы пациенттерге, қан айналу жеткіліксіздігі құбылысымен созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге, бауыр циррозы бар пациенттерге, сондай-ақ хирургиялық араласудың нәтижесінде гиповолемиясы бар пациенттерге препаратты қабылдау кезінде сақ болу және бүйрек қызметі көрсеткіштерін бақылау керек. Бақыланбайтын гипертензия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, анықталған жүректің ишемиялық ауруы, перифериялық артерия және/немесе цереброваскулярлы аурулары бар пациенттерге мелоксикамды олардың жай-күйін мұқият бағалаудан кейін ғана тағайындауға болады. ЖСД немесе УЭН симптомдары пайда болған кезде (өршімелі тері бөртпесі, жиі қабыршықпен және шырышты қабаттардың зақымдалуымен) мелоксикаммен емдеуді тоқтату керек. Егде жастағы пациенттерге мелоксикамды сақтықпен тағайындау. Автокөлік жүргізу және жарақат алу қаупімен байланысты жұмысты орындау кезінде сақ болу керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Метотрексат - қантүзілім жүйесіне метотрексаттың жағымсыз әсерінің күшеюі (анемия және лейкопения пайда болу қаупі, жалпы қан талдауына мерзімді талдау жүргізу).Жатырішілік контрацептивтер - жатырішілік контрацептивтер тиімділігінің төмендеуі.Калий тұздары, калий жинақтаушы диуретиктер, ААФ тежегіштері, ангиотензин II рецепторларының антагонистері, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар, гепариндер (төмен молекулярлы салмақтағы немесе фракцияланбаған), циклоспорин, такролимус және триметоприм - гиперкалиемия қаупі.Басқа СЕҚҚП, тәулігіне ≥ 3 г және бір реттік дозада ≥ 500 мг ацетилсалицил қышқылын қоса - ұсынылмайды.Кортикостероидтар (глюкокортикоидтар) - асқазан-ішек жолдары тарапынан ойық жаралардың түзілуі және қан кету қаупі артады.Пероральді антикоагулянттар немесе гепарин - тромбоциттер қызметінің тежелуі және асқазан ішек жолы тарапынан шырышты қабаттардың зақымдалуы нәтижесінде қан кету қаупі.Тромболитиктер және антитромбоцитарлы препараттар - он екі елі ішек және асқазанның шырышты қабатының зақымдануы және тромбоцитарлы қызметтің тежелуімен байланысты қан кету қаупі.Серотониннің қайта ұсталуының таңдамалы тежегіштері - асқазан-ішектен қан кету қаупі.Басқа гипертензияға қарсы заттар (мысалы, β-блокаторлар) - қантамырларды кеңейтетін простагландиндер салдарынан гипотензивті әсердің төмендеуі.Деферазирокс - асқазан-ішек жолдары тарапынан жағымсыз реакциялар қаупі.Литий - қандағы литий деңгейінің артуы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Гемодиализде болмайтын, бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстары бар пациенттерге қарсы көрсетілген. Гемодиализде жүрген, бүйрек жеткіліксіздігінің терминалды сатысындағы пациенттерге мелоксикамның дозасы 7,5 мг аспауы тиіс. Креатинин клиренсі минутына 25 мл/1,73 м2 болғанда ұсынылмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ауыр бауыр жеткіліксіздігі кезінде қарсы көрсетілген. Ауырлығы жеңілден орташа деңгейге дейінгі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозасын төмендету талап етілмейді.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бас ауыруы, диспепсия, жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, іш қатуы, метеоризм, диарея.Жиі емес: анемия, басқа да жылдам типтегі асқын сезімталдық реакциялары, бас айналуы, ұйқышылдық, артериялық қысымның жоғарылауы, бетке қан құйылу сезімі, жасырын немесе анық асқазан-ішектен қан кету, гастрит, кекіру, стоматит, бауыр қызметінің уақытша өзгеруі (мысалы, билирубин немесе трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы), қышыну, ангиоэдема, бөртпе, су және натрийдің ұсталуы, гиперкалиемия, бүйрек қызметі көрсеткіштерінің өзгеруі (қан сарысуындағы мочевина және/немесе креатинин деңгейінің артуы), ісіну, сонымен қатар аяқтардың ісінуі.Сирек: жалпы қан талдауының өзгеруі (лейкоцитарлы формуланың өзгеруін қоса), лейкопения, тромбоцитопения, көңіл-күйдің өзгеруі, қорқынышты түстер, конъюнктивит, көрудің өзгеруі, сонымен қатар көрудің бұлыңғырлануы, құлақтағы шуыл, жүрек қағысы, бронх демікпесінің жедел дамуы (ацетилсалицил қышқылына немесе басқа да СЕҚҚП аллергиясы бар пациенттерде), гастродуоденальді ойық жара, колит, эзофагит, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, есекжем.Өте сирек: агранулоцитоз жағдайы (миелоуытты дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану кезінде), гепатит, буллезді дерматиттер, мультиформалы эритема, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, несеп шығарудың қиындауы, несептің жедел ұсталуы.Жиілігі белгісіз: анафилактикалық реакциялар, анафилактоидты реакциялар, сананың шатасуы, бағдардың бұзылуы, жүрек жеткіліксіздігі, фотосенсибилизация, әйелдердегі бедеулік, овуляцияның кідіруі.
Балаларда қолданылуы
16 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қабылдау жөнінде ұсынымдары жоқ.