M01AC05 Лорноксикам¹ (Lornoxicam)

Қолдану көрсеткіштері

Дәлелділігі төмен препараттар.Орташа немесе едәуір айқын ауыру синдромын қысқа мерзімдік емдеу.
    Клинические протоколы:
  1. Менингит у детей и взрослых
  2. Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  3. Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  4. Лихорадка Денге
  5. Клещевой энцефалит
  6. Болезнь Гоше
  7. Болезнь Фабри
  8. Гемифациальный спазм
  9. Ликворея
  10. Опухоли основания черепа (хирургическое лечение)
  11. Поражение нервных корешков и сплетений
  12. Энцефалит у детей и взрослых
  13. Аневризма брюшной аорты
  14. Аневризма торакоабдоминального отдела аорты
  15. Варикозное расширение вен нижних конечностей
  16. Реноваскулярная гипертензия
  17. Синдром Рейно
  18. Синдром грудного выхода
  19. Анкилозирующий спондилит
  20. Гонартроз
  21. Дегенеративные заболевания поясничного отдела позвоночника со спинальной нестабильностью (оперативное лечение)
  22. Синдром хронической абдоминальной ишемии
  23. Гастродуоденальное кровотечение
  24. Остеоартроз
  25. Подагрический артрит
  26. Ревматоидный артрит
  27. Системная красная волчанка
  28. Системная склеродермия
  29. Тяжелая черепно-мозговая травма
  30. Нейрогенная дисфункция мочевого пузыря
  31. Ведение живого донора почки (в послеоперационном периоде)
  32. Вибрационная болезнь
  33. Травмы периферических нервов
  34. Рак мочевого пузыря
  35. Почечно-клеточный рак

Қарсы көрсеткіштері

Лорноксикамға немесе препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық, тромбоцитопения, ацетилсалицил қышқылын қоса, басқа да стероидты емес қабынуға қарсы препараттарға жоғары сезімталдық (бронх демікпесі, ринит, ангионевротикалық ісіну немесе есекжемге ұқсас симптомдар), жүректің ауыр жеткіліксіздігі, асқазан-ішектік, цереброваскулярлық немесе басқа қан кетулер немесе қан кетуге күдіктену, қан ұюының бұзылуы, анамнезінде белсенді пептидтік ойық жарасы немесе қайталамалы пептидтік ойық жара/қан кету, анамнезінде стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдаумен байланысты асқазан-ішектен қан кету немесе тесілулер, (ойық жарасы немесе қан кетудің екі немесе одан көп дәлелді көріністерінің пайда болуы).

Қауіпсіздік шаралары

Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттерге хирургиялық араласулардан кейін сақтықпен қолдану және бауыр мен бүйрек қызметін бақылау ұсынылады. Анамнезінде ойық жарасы бар пациенттерге, ауыр қан кету немесе тесілу, сонымен қатар егде жастағы науқастарға ең төменгі емдік дозада препаратпен емдеуде сақтық таныту керек. Жүрек жеткіліксіздігі және/немесе артериялық гипертензиясы бар пациенттерге СЕҚҚП қабылдаудан ағзада сұйықтықтың іркілуі және ісінуі мүмкін болғандықтан, препаратты мұқият талдаудан кейін қолдану. Бронх демікпесі бар, сонымен қатар анамнезінде бронхтық түйілудің даму қаупі бар пациенттерге сақтықпен қолдану. Асептикалық менингиттің пайда болу қаупімен байланысты аралас дәнекер тіндер аурулары және жүйелік қызыл жегісі бар науқастарға сақтықпен қолдану. Сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза сіңірілуінің бұзылуы бар пациенттерге препаратты қолданбаған жөн. Желшешегі бар пациенттерге препаратты қолдану ұсынылмайды. Көлік құралын немесе басқа қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақ болу керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Циметидин - қан плазмасында лорноксикам концентрациясының артуы. Антикоагулянттар - стероиды емес қабынуға қарсы препараттар антикоагулянттық әсерді арттыруы мүмкін. Фенпрокоумон - фенпрокоумонмен емдеудің тиімділігі төмендейді. Гепарин - стероиды емес қабынуға қарсы препараттар жұлындық немесе эпидуральді анестезия кезінде жұлынды/эпидуральді гематомалардың пайда болу қаупін арттырады. ААФ тежегіштері - ААФ тежегіштерінің әсерін төмендетуі мүмкін. Диуретиктер - шумақтық, тиазидтік, калий сақтаушы диуретиктердің гипотензивтік және диуретикалық әсерін әлсіретеді. Бета-адренорецепторлар блокаторлары - гипотензивтік әсердің төмендеуі. Ангиотензин II рецепторларының блокаторлары - гипотензивтік әсердің төмендеуі. Дигоксин - дигоксиннің бүйректік клиренсінің төмендеуі. Кортикостероидтар - асқазан-ішектің ойық жара және қан кетулер пайда болу қаупінің артуы. Хинолин тобының антибактериялық препараттары - тырыспалық құбылыстардың пайда болу қаупінің артуы. Антитромбоцитарлық препараттар - асқазан-ішектен қан кетудің пайда болу қаупін арттырады. Басқа СЕҚҚП - асқазан-ішектен қан кетудің пайда болу қаупін арттырады. Метотрексат - қан сарысуындағы метотрексат концентрациясының артуы оның уыттылығының артуына алып келеді. Серотониннің қайта ұсталуының тежегіштері - асқазан-ішектен қан кету пайда болу қаупін арттырады. Литий препараттары - қан сарысуындағы концентрациясын одан әрі жоғарылату арқылы литийдің бүйректік клиренсін төмендетеді. Циклоспорин - қан сарысуында циклоспорин концентрациясының артуы, циклоспориннің нефроуыттылығын арттыруы мүмкін. Сульфонилмочевина туындылары (мысалы, глибенкламид) - гипогликемиялық әсері жоғарылауы мүмкін. Такролимус - бүйректегі простациклин синтезінің әлсіреуіне байланысты нефроуыттылық қаупінің артуы. Пеметрексед - СЕҚҚП пеметрекседтің бүйректік клиренсін төмендетуі мүмкін, бұл миелосупрессия, асқазан-ішектің және бүйректің уыттылығын арттырады.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі кезінде (сарысулық креатинин деңгейі > 700 мкмоль/л) қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауыр бауыр жеткіліксіздігі кезінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: жеңіл қысқа мерзімді бас ауруы, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы, диспепсия, диарея.Жиі емес: тәбеттің болмауы, дене салмағының өзгеруі, инсомния, депрессия, конъюнктивит, вертиго, құлақтағы шуыл, жүрек қағысының бұзылуы, тахикардия, ісінулер, сұйықтықтың ұсталуы, жүрек жеткіліксіздігі, беттің қызаруы, риниттер, іштің қатуы, метеоризм, кекіру, ауыздың құрғауы, гастриттер, асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы, абдоминальді ауырсыну, қызыл иектің қанағыштығы, ойық жаралы стоматит, бауырдың ферменттері (АЛТ, АСТ) деңгейінің жоғарылауы, бөрту, қышыну, жоғары тершеңдік, эритематозды бөртпе, есекжем және ангионевротикалық ісіну, алопеция, артралгия, әлсіздік, беттің ісінуі.Сирек: фарингиттер, анемия, тромбоцитопения, эозинофилия, лейкопения, коагуляция бұзылуы, панцитопения, аса жоғары сезімталдық реакциялары, қызбалық, қалтырау, анафилактоидты реакциялар, анафилаксия, гипонатриемия, мазасыздық, сананың бұзылуы, жоғары қозғыштық, зейін қою қабілетінің бұзылуы, зейіннің өзгеруі, когнитивті бұзылулар, ұйқышылдық, парестезиялар, дисгевзия, тремор, бас сақинасы, гиперкинезия, гипестезия, көрудің бұзылуы, сонымен қатар көрудің бұлыңғырлануы, түсті қабылдаудың бұзылуы, көру аймағының ақаулары, скотома, амблопия, диплопия, иридоциклит, артериялық гипертензия, құйылулар, қан құйылулар, васкулит, гематомалар, диспноэ, жөтел, бронх түйілуі, мелена, қан аралас құсу, стоматит, эзофагит, гастроэзофогеальді рефлюксті ауру, дисфагия, афтозды стоматит, глоссит, пептидтік ойық жаралы тесілу, геморрой, асқазан-ішектен қан кету, дерматиттер, экзема, макулопапулезді бөртпе, пурпура, сүйектер мен белдегі ауырсынуды сезіну, бұлшықеттік түйілу, бұлшықеттің әлсіреуі, миалгия, синовит, никтурия, несеп бөлінудің бұзылуы, қандағы креатинин және мочевинадағы азот деңгейінің жоғарылауы, астения.Өте сирек: экхимоз, жүйелік қызыл жегі және дәнекер тіндердің аралас аурулары бар науқастардағы асептикалық менингит, бауырға уытты әсер, нәтижесінде бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, сарғаю, холестаз дамуы мүмкін, ісінулер және буллезді реакциялар, тырнақтардың өзгеруі, псориаз, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, лорноксикам бүйрек ауруы бар пациенттерде жедел бүйрек жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша ұсынымдары жоқ.