L04AC03 Анакинра (Anakinra)

Қолдану көрсеткіштері

Ревматоидты артрит; криопирин-ассоциацияланған кезеңдік синдромдар; Стилла ауруы.

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; белсенді инфекция; нейтропения (нейтрофилдердің абсолюттік саны 1,5 х 10*9 / л-ден кем); бұрын  өткерген қатерлі ісіктер.

Қауіпсіздік шаралары

Созылмалы инфекциялар, бронх демікпесі, онкологиялық аурулар кезінде, сондай-ақ вакцинациялау жоспарланса, аса сақ болу керек.Ауыр CAPS кезінде қабынудың клиникалық белгілері мен маркерлерін бағалауға қосымша, бастапқы 3 айдан кейін ішкі құлақты (МРТ немесе КТ, люмбальды пункция және аудиология) және көзді (офтальмологиялық бағалау) қоса алғанда, ОЖЖ қабынуын бағалау ұсынылады, емнің тиімді дозалары анықталғанша, содан кейін әрбір 6 ай сайын бақылау. Пациенттер клиникалық бақылауда болғанда, ОЖЖ және офтальмологиялық мониторинг жыл сайын жүргізілуі мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Препарат пен басқа да дәрілік заттар арасындағы өзара әрекеттесулер формальды зерттеулерде зерттелмеген.Препараттың және басқа да дәрілік заттардың (қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік заттарды, глюкокортикоидтарды және DMARDs қоса алғанда) арасындағы өзара әрекеттесу клиникалық сынақтарында байқалмаған.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жеңіл бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет етілмейді (60-тан 89 мл / мин-ге дейін). Орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек (CLcr 30-дан 59 мл / мин дейін).  Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (CLcr < 30 мл / мин) немесе диализді қоса алғанда бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы бар пациенттерге препараттың тағайындалған дозасын бір күннен кейін тағайындау керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациентерге дозасын түзету талап етілмейді (Чайлд-Пью классификациясы бойынша В классы). Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: инъекция орнында қызару, ісіну, қан ағу немесе қышу, әсіресе емдеу басында; бас ауруы; қандағы өзгерістер (лейкоциттердің белгілі бір түрінің төмендеуі) және жұқпалы аурулар қатерінің артуы.

Балаларда қолданылуы

8 айға дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. Стилл ауруы: дене салмағы 50 кг-нан кем балаларға, дене салмағы бойынша бастапқы дозада тәулігіне 1-2 мг / кг /  дозаланады,дене салмағы 50 кг және одан көп емделушілерге тәулігіне 100 мг дозаны енгізеді.  Сәйкессіз жауабы бар балаларда доза тәулігіне /4 мг / кг /  дейін артуы мүмкін.CAPS: дене салмағы 10 кг және одан жоғары 8 айдан және одан жоғары жастағы балалар мен сәбилерде дозалау және қабылдау дене салмағына байланысты CAPS бар ересек пациенттерге сияқты.