L04AA06 Микофенол қышқылы¹ (Mycophenolic acid)

Қолдану көрсеткіштері

Циклоспорин және кортикостероидтармен біріктірілген ем құрамында: бауыр, жүрек, бүйрек аллотрансплантатының жедел қабылдамауының алдын алу.
    Клинические протоколы:
  1. Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
  2. Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
  3. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  4. Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
  5. Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
  6. Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  7. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  8. Иммунная тромбоцитопения у детей
  9. Системные васкулиты
  10. Трансплантация легких
  11. Трансплантация сердечно-легочного комплекса
  12. Аутоиммунные энцефалиты у детей
  13. Миастения
  14. Хроническая воспалительная демиелинизирующая полинейропатия
  15. Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
  16. Ведение пациентов после трансплантации сердца у детей
  17. Панникулиты
  18. Идиопатические воспалительные миопатии
  19. Аутоимунный гепатит
  20. Невирусные гепатиты (аутоиммунный гепатит)
  21. Цирроз печени у взрослых
  22. Синдром дуги аорты Такаясу у детей
  23. Системная красная волчанка
  24. Системная красная волчанка (педиатрия)
  25. Системная склеродермия
  26. Узелковый полиартериит у детей
  27. Ювенильная локальная склеродермия
  28. Ювенильный дерматомиозит
  29. Ювенильный системный склероз
  30. Быстро прогрессирующий гломерулонефрит у детей
  31. Ведение детей с пересаженной почкой
  32. Криз отторжения почечного трансплантата
  33. Нефротический синдром
  34. Нефротический синдром у детей
  35. Острое отторжение почечного трансплантата у детей
  36. Трансплантация почки
  37. Хроническая трансплантационная нефропатия
  38. Хронический нефритический синдром у детей
  39. Иммунная тромбоцитопения и беременность

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Толық қан талдауы талап етіледі: емдеудің алғашқы айында апта сайын, содан кейін 2 ай ішінде айына екі рет, кейін - ай сайын бірінші жыл ішінде (нейтропения дамуы кезінде емдеуді тоқтату керектігін қарастыру). Басқа иммунодепрессантармен біріктірілімі кезде (гипогаммаглобулинемия және бронхоэктаз қаупімен байланысты) сарысулық иммуноглобулин деңгейін бақылау керек, тұрақты жөтел, ентігумен бірге жүретін қайталанатын инфекциялардың дамуы жағдайында, өкпе немесе бронх фиброзының болуын тексеру. Егде жастағыларда инфекциялардың туындауы, асқазан-ішектен қан кету, өкпе ісінуі қаупі жоғары. Сондай-ақ дамуы мүмкін: асқазан-ішек ауруларының елеулі асқынулары (қан кету, ойық жара, тесілу); трансплантат функциясының кідіруі. Пациенттерге ескерту қажет: инфекциялар, түсініксіз көгерулер, қан кетулер (сүйек кемігінің бәсеңдету белгісі) туралы дереу хабарлау керектігін; тірі әлсізденген вакциналарды олардың тиімділігінің төмендеуіне байланысты қабылдауды болдырмау; күшті күн сәулесінің әсерін шектеу (тері обыры туындау қаупінің жоғарылауына байланысты). Сүйек кемігінің қызметін бәсеңдететін басқа препараттармен бір мезгілде тағайындамау. Бауыр-ішек айналымына әсер ететін препараттармен бір мезгілде сақтықпен тағайындау (олар микофенол қышқылының тиімділігін төмендетуі мүмкін). Келли-Зигмиллер және Леша-Найен синдромы бар пациенттерге тағайындамау.Балаларда (жағымсыз әсерлердің жоғары жиілігіне байланысты) дозасын уақытша қысқарту немесе емдеуді тоқтату қажет болуы мүмкін.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Холестирамин - микофенолат мофетил тиімділігінің төмендеуі.Бауыр-ішектік рециркуляциясына кедергі болатын дәрілік препараттар - микофенолат мофетил тиімділігінің төмендеуіне байланысты бауыр-ішектік рециркуляциясына кедергі болатын дәрілік препараттарды қабылдау кезінде сақтық таныту керек.Ганцикловир - ганцикловирді қабылдауда дозалануы бойынша ұсынымдарды сақтау, пациенттерді мұқият бақылау қажет.Рифампицин - микофенол қышқылы экспозициясының (AUC0-12h) 18-ден 70%- ға дейін төмендеуі.Севеламер - микофенол қышқылының орташа жоғары концентрациясының және AUC0-12 30% және 25%-ға төмендеуі. Микофенол қышқылының сіңірілуіне әсерін төмендету үшін севеламерді қабылдағаннан кейін үш сағаттан соң немесе бір сағат бұрын микофенолат мофетилді қабылдау ұсынылады.Бүйректің каналдық секрециясына әсер ететін басқа белгілі заттар - плазмадағы МФҚГ немесе бүйрек каналының секрециясына әсер ететін басқа заттар концентрациясының жоғарылауы.Тірі вакциналар - иммунды реакциялары әлсіреген пациенттерге енгізуге болмайды.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ауыр созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде тәулігіне 2 рет 1 г артық емес.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Инфекциялар, қатерлі жаңатүзілімдер (жиі терінің), кистозды лимфангиома, шықшыт сілекей безінің обструкциясы, ұйқысыздық, қозу, сананың шатасуы, депрессия, үрей, сандырақ, құрысулар, парестезия, миастениялық синдром, үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия, көрудің нашарлауы, тремор, бас айналуы, бас ауыруы, жөтел, ентігу, өкпе ісінуі, өкпенің интерстициальді ауруы, өкпе фиброзы, тахикардия, артериялық гипертензия, гипотония, вазодилатация, шеткергі ісіну, дәм сезудің бұзылуы, ауыздың құрғауы, қызыл иек гиперплазиясы, АІЖ бұзылыстары, салмақ жоғалту, анорексия, іштің ауыруы, панкреатит, қабыну, ас қорыту жолынан қан кету және жаралануы, ішек бүрлерінің атрофиясы, гастроэзофагеальді рефлюкс, ішек бітелуі, қандағы несеп қышқылы, глюкоза, креатинин деңгейінің жоғарылауы, бауырдың функционалды сынамалары мәнінің қалыптан ауытқуы, қандағы липидтердің, электролиттер деңгейінің қалыптан ауытқуы, қант диабеті, гематурия, бүйрек каналдарының некрозы, несеп шығару каналдарының тарылуы, бүйрек жеткіліксіздігі; лейкопения, агранулоцитоз, анемия, тромбоцитопения, панцитопения, шынайы эритроцитарлы аплазия, алопеция, акне, тері гипертрофиясы, тері папилломалары, көгерулер, терідегі бөртпе, еріндегі ойық жаралар, буындардағы, арқадағы, бұлшықеттердегі ауыру; тұмау тәрізді жағдай, гипертермия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.2-18 жастағы пациенттерге дене салмағына байланысты күніне екі рет 600 мг/м кв (тәулігіне 2 г артық емес). Ескерту: Дене беткейі 1,25 м2 төмен балалар үшін таблеткалар мен капсулалар препаратты дозалауға мүмкіндік бермейді.