L04AA03 Антитимоцитарлық иммуноглобулин (жылқы) (Antilymphocyte immunoglobulin (horse))
Қолдану көрсеткіштері
Орташа және ауыр дәрежедегі апластикалық анемия; Бүйрек аллотрансплантаттарының реципиенттері. Трансплантаттың қабылданбай ажырауы кезінде стандартты еммен енгізу трансплантаттың жедел қабылданбай ажырауы көрінісі кезінде сәтті аяқталу жиілігін арттырады. Антитимоцитарлық глобулинді (жылқының), сондай-ақ, трансплантаттың қабылданбай ажырауының алғашқы көрінісінің туындауын кідірту мақсатында басқа иммуносупрессиялық еммен бірге енгізеді.
-
Клинические протоколы:
- Апластическая анемия у взрослых
Қарсы көрсеткіштері
Антитимоцитарлық глобулинді (жылқының) немесе жылқының гамма-глобулинінің кез келген басқа препаратын бұрын енгізген кезде ауыр жүйелі реакция (мысалы, анафилаксиялық реакция); жүйелі реакциялар (жайылған бөртпе, тахикардия, ентігу, артериялық гипотензия, анафилаксия).
Қауіпсіздік шаралары
• Жүйелік анафилаксияның жоғары даму қаупі бар пациенттерді анықтау үшін емді бастар алдында потенциалды реципиенттерге тері тестілерін жасау қатаң түрде ұсынылады. • Анафилаксияға, инфузияға қатысты басқа да реакцияларға байланысты клиникалық белгілер, сондай-ақ сарысу құю ауруы тіркелген. Антитимоцитарлық глобулиннің (жылқының) әсер ету механизмін ескере отырып, цитокиндердің босап шығуы синдромының потенциалды даму қаупі бар. • Антитимоцитарлық глобулинді (жылқының) тағайындаған кезде кейбір инфекциялық аурулар қоздырғыштарының берілу қаупі бар. • Егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Емдеуді әдетте ең төменгі дозадан бастаған жөн. • Гематологиялық аурулары бар пациенттер сақтықпен тағайындау керек, бауыр және бүйрек функцияларының биохимиялық көрсеткіштерінің ауытқуы байқалған. • Егер антитимоцитарлық глобулин (жылқының) ерітіндісі инфузияға дейін алдын ала дайындалған болса, оны тоңазытқышта сақтау ұсынылады. Тоңазытқышта сақтаған кезде де препаратты сұйылтқан сәттен бастап жалпы сақтау уақыты 24 сағаттан аспауы тиіс (инфузия уақытын қоса). Пайдаланылмаған препаратты немесе материалдардың қалдықтарын жергілікті талаптарға сәйкес утилизациялау керек. • Осы дәрілік затты қабылдаған кезде жағымсыз реакциялардың (мысалы, бас айналу, құрысулар, сананың шатасуы, естен тану) даму мүмкіндігін ескере отырып, автокөлік құралдарын басқарған кезде және механизмдермен жұмыс істегенде сақ болу керек.Толығырақ ақпарат алу үшін қолдану бойынша нұсқаулыққа жүгіну керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Назар аударыңыз! Кортикостероидтардың немесе басқа иммуносупрессанттардың дозасы төмендеген кезде антитимоцитарлық глобулинге (жылқыға) бұрын жасырын реакциялардың пайда болу қаупі бар. Осы жағдайларды ескере отырып, антимоцитарлық глобулинмен (жылқы) емдеу кезінде пациенттерге әсіресе мұқият бақылау керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану. Апластикалық анемиясы және басқа да гематологиялық аурулары бар препаратты қабылдаған пациенттерде бүйрек функциясының биохимиялық көрсеткіштері қалпынан ауытқулар байқалды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану. Апластикалық анемиясы және басқа да гематологиялық аурулары бар препаратты қабылдаған пациенттерде бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштері қалпынан ауытқулар байқалды.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: тромбоцитопения, лейкопения; бөртпе, артралгия; пирексия,қалтырау.Жиі: инфекция; лимфаденопатия; бас ауруы, бас айналуы; брадикардия, тахикардия; тромбофлебит, артериялық гипертензия, артериялық гипотензия; диспноэ; жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы; есекжем, қышу; арқаның ауыруы; кеуде қуысының ауыруы, инфузия орынының ауыруы, ісіну; артерия-веналық фистула тромбозыЖиі емес: қарапайым герпес; сарысулық ауру, анафилактикалық реакция; гипергликемия; үрейлі қозу; құрысулар, энцефалит, парестезия; бүйрек артериясының тромбозы, мықын көктамырының бітелуі; плевральды ісіну, ларингоспазм, өкпенің ісінуі; стоматит, икота; түнгі тершеңдік, аллергиялық дерматит, периорбиталды ісіну, уытты эпидермальді некролиз; протеинурия; астения, бүйрек функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы, бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы; жараның жараның ажырауы.
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген.