L03AB08 Бета-1b интерфероны¹ (Interferon beta-1b)
Қолдану көрсеткіштері
Белсенді қабыну үдерісі бар, көктамыр ішіне қолдануға арналған кортикостероидтармен емдеуге негізделуі үшін айтарлықтай ауыр, демиелинизацияланған алғашқы белгілері бар пациенттерге, тек қана баламалы диагноздар қойылған және анық жайылған склероздың даму қаупінің жоғарылығы анықталған жағдайда; ремиссиялы жайылған склерозы бар және соңғы 2 жылда кемінде 2 рет өршуі болған пациенттер; салдарлы-үдемелі жайылған склерозы бар, аурудың ағымы белсенді, өршулермен сипатталатын пациенттер.
-
Клинические протоколы:
- Оптиконевромиелит. Болезнь Девика
- Рассеянный склероз
- Миокардиты
- Гастродуоденальный стеноз
Қарсы көрсеткіштері
Анамнезінде табиғи немесе рекомбинантты интерферон-бетаға немесе препараттың басқа қосымша заттарына асқын сезімталдық реакциялары; қазіргі кезде ауыр депрессияның және/немесе суицидтік ойлардың болуы.
Қауіпсіздік шаралары
Келесі пациенттерде сақтықпен қолдану: жүректің ауыр аурулары; анамнезінде немесе қазіргі кезде депрессивті бұзылыстары бар, соның ішінде суицидтік ойлары; анамнезінде тырысулық ұстамалары мен эпилепсияға қарсы ем қабылдайтын;анамнезінде ауыр миелосупрессиясы бар.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Кортикостероидтар немесе АКТГ қоспағанда, басқа иммуномодуляторлармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Интерферондар адам мен жануарлардағы бауырлық цитохром Р450-тәуелді ферменттердің белсенділігін төмендетеді. Сондықтан емдік индексі тар, клиренсі елеулі дәрежеде бауырдағы Р450 цитохромы жүйесіне (мысалы, эпилепсияға қарсы дәрілер) тәуелді медициналық препараттармен біріктіріп тағайындағанда сақтық таныту қажет. Қан түзілу жүйесіне әсер ететін кез-келген препараттармен бір мезгілде қолдану кезінде сақ болу қажет.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі кезінде сақтық таныту және мұқият мониторинг жүргізу керек.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: артралгия. Жиі: анемия, гипотиреоз, салмақтың артуы, салмақтың төмендеуі, сананың шатасуы, тахикардия, қандағы билирубин деңгейінің артуы, есекжем, қышыну, алопеция, меноррагия.Жиі емес: тромбоцитопения, қандағы триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, суицидтік әрекеттер, эмоциональді лабильділік, тырысулар, гамма-глютамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы, гепатит, тері түсінің өзгеруі, нефротикалық синдром, гломерулосклероз.Сирек: тромбоздық микроангиопатия, соның ішінде тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура/гемолитикалық-уремиялық синдром, анафилактикалық реакциялар, гипертиреоз, қалқанша безі аурулары, анорексия, кардиомиопатия, бронх түйілуі, панкреатит, бауырдың зақымдануы (гепатиттерді қоса), бауыр жеткіліксіздігі.Жиілігі белгісіз: алдыңғы моноклональді гаммапатия кезіндегі капиллярлар өткізгіштігінің жоғарылауы синдромы.
Балаларда қолданылуы
12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.