L03AB05 Альфа-2b интерфероны¹ (Interferon alfa-2b)

Қолдану көрсеткіштері

Созылмалы белсенді В гепатиті, созылмалы С гепатиті, түкті жасушалы лейкоз, созылмалы миелолейкоз, бүйрек ісігі, қатерлі меланома.
    Клинические протоколы:
  1. Герпетическая инфекция у взрослых
  2. Инфекции, вызванные вирусом простого герпеса у детей
  3. Аногенитальные (венерические) бородавки
  4. Энтеровирусная инфекция у детей
  5. Тотальный аномальный дренаж у детей
  6. Острые вирусные гепатиты B, C и D, передающиеся парентеральным путем у детей
  7. Хронический вирусный гепатит В у детей
  8. Хронический вирусный гепатит С у детей
  9. Цитомегаловирусная инфекция
  10. Инфекционный мононуклеоз
  11. Корь
  12. Корь у детей
  13. Краснуха
  14. Энцефалит у детей и взрослых
  15. Миокардиты у детей
  16. Перикардиты
  17. Перикардиты у детей
  18. Атрезия легочной артерии
  19. Стеноз гортани у детей
  20. Болезнь Бехчета
  21. Васкулиты, ассоциированные с антинейтрофильными цитоплазматическими антителами. Гранулематоз с полиангиитом (Вегенера). Микроскопический полиангиит.
  22. Атрезия желчевыводящих путей у детей
  23. Рак желудка
  24. Почечно-клеточный рак

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші немесе кез келген қосымша заттарға асқын сезімталдық, ауыр кардиологиялық аурулар, соның ішінде анамнезіндегі, аутоиммундық аурулар, соның ішінде қазіргі уақыттағы немесе анамнезіндегі аутоиммундық гепатит, емдеудің стандартты әдістерін қолдану көмегімен бақыланбайтын қалқанша без ауруы, балалардағы және жасөспірімдердегі бұрыннан бар психикалық бұзылыстар немесе анамнезіндегі бұзылыстар.

Қауіпсіздік шаралары

Емді бастамас бұрын қазіргі кезде және анамнезінде энцефалопатия, өңештің варикоздық кеңейтілген көктамырларынан қан кетулер, асцит немесе декомпенсацияның басқа белгілерінің болмауына көз жеткізу керек. Қолданбас бұрын тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейін анықтау және гипотиреоз немесе гипертиреоз даму қаупіне байланысты қалқанша безінің УДЗ жүргізу керек. Лактоацидоз даму қаупіне байланысты, АИТВ- жұқтырған пациенттерде сақтықпен қолдану керек. БЖАРТ қабылдайтын, қосымша АИТВ және С гепатиті вирусын жұқтырған пациенттерде бауырлық декомпенсация және өлім даму қаупі артуы мүмкін. Пациенттерге күніне 2 рет тісті мұқият тазалауға және пайда болған құсудан кейін ауыз қуысын мұқият шаюға, сонымен бірге стоматологиялық тексерілуден жүйелі түрде өтуді ұсыну керек. Бауыр жеткіліксіздігі белгілері пайда болғанда АЛТ, протромбиндік уақыт, сілтілік фосфатаза, альбумин және билирубин анықтауын әр 2 аптада жүргізу керек. Анамнезінде ауыр созылмалы аурулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау: өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, кетоацидозға бейім қант диабеті. Препаратты қан ұюының бұзылыстары бар пациенттерде (тромбофлебит, өкпелік эмболия) немесе айқын миелосупрессия кезінде ерекше сақтық қажет. Аутоиммундық аурулар симптомдарының дамуына тұқым қуалайтын бейімділігі немесе күдігі бар пациенттер оларды ерте анықтау мақсатында тұрақты қадағалануы тиіс. Интерферон альфамен терапия бүйректік трансплантат қабылдамау қаупін арттыруы мүмкін. Анамнезінде жүрек аурулары бар пациенттерге терапияға дейін және терапия кезінде ЭКГ жүргізу ұсынылады. Терапияға дейін барлық пациенттер офтальмологиялық тексеруден өтуі тиіс.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Интерферон альфа олардың қандағы концентрациясын арттыра отырып, көптеген препараттардың метаболизмін бұзуы мүмкін (теофилиннің және т.б.).Химиотерапевтикалық препараттар (цитарабин, циклофосфамид, доксорубицин, тенипозид) - өмірге қауіп төндіретін уытты әсерлер (олардың ауырлығын және ұзақтығын) даму қаупін арттырады.Наркотикалық, ұйықтатқыш және седативті препараттар - ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болу қаупі.Зидовудин - лейкоциттер саны төмендеуіне синергиялық әсер етуі байқалуы мүмкін.Рибавирин немесе зидовудин - анемия даму қаупін жоғарылатады.Тотығу жолымен метоболизмге ұшырайтын препараттар (соның ішінде ксантин туындылары - аминофиллинмен және теофиллинмен) - интерферондардың тотығулық метаболизмдік процесстерге әсер етуі.Препаратты 0.9% натрий хлориді ерітіндісінен басқа, дәрілік заттармен араластыруға болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ауыр бүйрек ауруларында және креатинин клиренсі 50 мл/мин төмен болғанда қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметін тұрақты бақылау қажет. Ауыр бауыр ауруларында қолдану қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: қызба, қажығыштық, әлсіздік, бас ауыруы, миалгиялар, қалтырау, діріл, тұмауға ұқсас симптом, анорексия, жүрек айнуы.Жиі емес: дәм сезудің өзгеруі, стоматит, ауыз құрғауы, тіс беткейінің және ауыздың шырышты қабығының зақымдануы, құсу, диарея, іш қатуы, пішінсіз нәжіс, іштің ауыруы, алопеция, қышыну, тері құрғақтығы, бөртпе, арқаның ауыруы, бұлшықет-қаңқа ауыруы, кеуде қуысының ауыруы, миозит, артралгиялар, депрессия, суицидтік ойлар және әрекеттер, суицид, жоғары тершеңдік, әсіресе кешкі уақыттағы, ашушаңдық, ұйқысыздық, ұйқышылдық, мазасыздық, зейін шоғырландырудың төмендеуі, эмоционалдық тұрақсыздық, бас айналуы, артериялық гипотензия, гипертензия.Сирек: қабыну, қызару, инъекция орнының тітіркенуі, қозу, күйгелектік, елестеулерді қоса, психоздар, агрессиялық мінез-құлық, ажитациялар, сананың бұзылуы, нейропатиялар, полинейропатиялар, шеткергі нейропатиялар, парестезиялар, гипостезиялар, құрысулар, естен тану, вирустық инфекция, оның ішінде қарапайым герпес, эритема, конъюнктивит, көздің ауыруы, көрудің бұлыңғырлануы, тор қабықтың геморрагиялары, ретинопатиялар, тор қабықтың ошақтық өзгерістері, тор қабықтың артерияларының немесе көктамырларының обструкциясы, көру өткірлігінің төмендеуі немесе көру аумағының шектелуі, көру жүйкесінің невриті, көру жүйкесі дискілерінің ісінуі, көз жасы бездерінің дисфункциясы, мұрыннан қан кету, мұрын бітелуі, синусит, ринит, бас сақинасы, жөтел, фарингит, өкпе инфильтраттары, пневмония, диспноэ, респираторлық бұзылулар, дене салмағының төмендеуі, тахикардия, жүрек қағуы, либидо төмендеуі, етеккір оралымының бұзылуы (аменорея, меноррагия), тәбет артуы, глоссит, қызыл иек қанағыштығы, рабдомиолиз (кейде ауыр), естудің бұзылуы немесе естімей қалу, бет ісінуі, бүйрек функциясы бұзылуы, нефротикалық синдром, бүйрек жеткіліксіздігі, гиперурикемия, гипер- және гипотиреоз, гепатоуыттылық (оның ішінде өліммен аяқталатын), лейкопения, денталдық және периодонталдық бұзылулар.Өте сирек: тәбеттің артуы, қант диабеті, гипергликемия, гипертриглицеридемия, колит, гепатомегалия, панкреатит, цереброваскулярлық ишемия, цереброваскулярлық геморрагиялар, саркоидоз немесе саркоидоздың асқынуы, аллергиялық реакциялар, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, тромбоцитопения, лимфоцитопения, апластикалық анемия, лимфаденопатия, ұйқышылдық, инъекция орнының некрозы, аутоиммундық және иммунитеттен болатын бұзылыстар, оның ішінде идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, ревматоидты артрит, жүйелік қызыл жегі, васкулит және Фогта-Каянаги-Харада синдромы, құлақтағы шуыл, миокард инфарктісі, аритмия (әдетте ол анамнезінде жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бар немесе алдында кардиоуытты препараттармен ем қабылдаған пациенттерде), қайтымды өтпелі (жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан анамнезінде ауырлықтар жоқ пациенттерде анықталған) кардиомиопатия, пневмония.

Балаларда қолданылуы

Созылмалы С гепатиті кезінде 3 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.