L03AB04 Альфа-2a интерфероны (Interferon alfa-2a)

Қолдану көрсеткіштері

Түкті жасушалы лейкоз; тері Т-жасушалық лимфомасы (зең сияқты микоз және Сезари синдромы); созылмалы миелолейкоз Ph+ (HLA-сәйкес туысқаны бар емделушілердегі созылмалы миелолейкозды емдеу үшін альтернативті емес, жуырдағы болашақта сүйек кемігін аллогенді трансплантациялау үшін потенциалды кандидат болып табылатын); сыртартқысында оппортунистік жұқпасы жоқ ЖИТС бар науқастардағы Капоши саркомасы; II-ші сатысындағы меланомада (Америка біріккен онкологиялық комитетінің (AJCC) жіктемесіне сәйкес) (Бреслау бойынша ісіктің қалыңдығы 1.5 мм астам; лимфалық түйіндерінің зақымдануы және алыс орналасқан метастазалар болмауы) хирургиялық резекциядан кейінгі адъювантты ем ретінде; таралған бүйрек жасушасы обыры  винбластинмен біріктірілімде; хирургиялық резекциядан кейінгі таралған және/немесе метастаздалатын бүйрек жасушасы обырында бевацизумабпен біріктірілімде бірінші линияның емі ретінде; ересек емделушілердегі қан сарысуындағы С гепатиті вирусына антиденесі бар және АЛТ белсенділігі жоғары, гистологиялық расталған, бауыр декомпенсациясының белгілері жоқ созылмалы белсенді гепатит С. Бұндай емделушілерде    препаратының рибавиринмен біріктірілімінде емдеу тиімділігі жоғарылайды; ересек емделушілердегі қан сарысуындағы АЛТ деңгейі жоғарылауы бар (6 айдан астам) және вирустық репликация  маркері бар (оң HBV-ДНК және HbeAg),  гистологиялық расталған, бауыр декомпенсациясының белгілері жоқ созылмалы белсенді гепатит В.
    Клинические протоколы:
  1. Т-клеточные лимфомы у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

 Әсер етуші затына немесе басқа интерферондарға, сондай-ақ тышқан иммуноглобулиніне немесе препараттың басқа компонентіне жоғары сезімталдық; - қазіргі уақыттағы немесе сыртартқыдағы жүректің ауыр аурулары; ауыр бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі немесе сүйек кемігінің ауыр дисфункциясы; эпилепсия немесе орталық жүйке жүйесінің басқа да  функционалдық бұзылыстары; үдемелі декомпенсацияланған бауыр циррозы бар созылмалы гепатит; жуырда болған стероидтармен қысқа мерзімдік емді қоспағанда,  иммунодепрессанттар қабылдап жүрген немесе жуырда қабылдаған науқастардағы созылмалы гепатит; созылмалы аутоиммунды гепатит.

Қауіпсіздік шаралары

• Сүйек кемігі функциясының жеңіл және орташа бұзылуында науқастың жағдайын мұқият бақылау қажет және науқасқа емдеудің басталуына дейін және жүйелі түрде қан талдауын жүргізу қажет .• Анемнезінде депрессияға нұсқау бар емделушілерге тағайындағанда сақ болу керек .Емдеуші дәрігер емделушіде депрессия белгілері туындауын бақылауы тиіс, сондай-ақ емделушіні ем бастағанға дейін депрессия дамуы мүмкіндігінен хабардар ету керек. Науқас өз кезегінде дәрігерге  депрессияның кез келген белгісі туралы дереу хабарлауы тиіс. Бұндай жағдайларда психиатрдың аралсуы керек және/немесе препаратты тоқтату керек болуы да мүмкін.• Препарат алатын ерлер мен әйелдер контрацепцияның сенімді әдістерін пайдалануы тиіс. Қолдануға дайын ерітіндіде толтырғыш ретінде болатын бензил спирті плацента арқылы өтуі мүмкін.• Емдеу барысында  автокөлікті және басқа да қауіпті механизмдерді басқармаңыз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

• Варфарин, фенитоин, флекаинид-олардың тотығу метаболикалық процестерін бұзылады.• Теофиллин-теофиллин клиренсінің төмендеуі, бір мезгілде тағайындамаңыз.• Орталық әсер ету механизмі бар препараттар- осы препараттардың нейротоксикалық, гематотоксикалық немесе кардиотоксикалық әсері күшейтіледі, бір мезгілде тағайындамаңыз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің жеңіл және орташа бұзылуында науқастың жағдайын мұқият бақылау қажет.Ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылуында науқас жағдайын мұқият бақылау қажет. Анамнезінде аутоиммунды аурулары бар созылмалы гепатитпен ауыратын науқастарды емдеу кезінде сақ болу  қажет. Демек, емдеу кезінде бауыр функциясының ауытқуы дамыған әрбір науқас мұқият бақылауды және қажет болған жағдайда препаратты қабылдауды қажет етеді.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Бала емізетін әйелдерге қабылдауға болмайды. Емшекпен емізуді тоқтату немесе препаратты тоқтату туралы мәселе ана үшін емдеудің маңыздылығына байланысты шешілуі тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: тұмауға ұқсас синдром, шаршау, дене температурасының жоғарылауы, қалтырау; бас ауыруы;  тәбеттің төмендеуі немесе тәбеттің болмауы, жүрек айнуы, диарея; миалгия; артралгия; лейкопения; гипокальциемия; препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтымды болатын шаш түсуі (сондай-ақ ем аяқталғаннан кейін көп апталар бойына шаш түсуінің күшеюі ықтимал), тердің бөлінуінің жоғарылауы Жиі: құсу: тромбоцитопения, анемия Жиі емес: атриовентрикулярлық блокаданы, жүрек қағуын, гипертония, гипотония, васкулитті қоса, жүрек ырғағы бұзылуы; конъюнктивит, көрудің бұзылуы, көру өткірлігі төмендеуі, дәм сезу бұзылуы; электролиттік теңгерім бұзылуы, дегидратация;  іштің ауыруы, ауыз құрғауы, салмақ жоғалту; депрессия, қорқыныш, психикалық жай-күйдің өзгерісі, шатасу жай-күйі, аномальді мінез-құлық,  күйгелектік, есте сақтаудың шектелуі, ұйқы бұзылуы; нейропатия, бас айналуы, ұйқышылдық, парестезиялар, гипестезия, тремор;  ісінулер, протеинурия және несеп шөгіндісінде жасуша санының жоғарылауы; сілтілік фосфатаза және трансаминаза деңгейі жоғарылауы; псориаз өршуі немесе туындауы, тері қышынуы; кеуденің ауыруы Сирек: ішек жиырылуының күшеюі, іш қатуы, диспепсия, метеоризм, панкреатит, бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, бауыр функциясы бұзылуы, суицидтік ойлар, суицид әрекеттері, суицид; кома, ми қан айналымы бұзылуы, құрысулар, эректильді функцияның өтпелі бұзылуы; ишемиялық ретинопатия; диспноэ, жөтел, пневмония; жүрек тоқтауы, миокард инфарктісі, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, өкпе ісінуі, цианоз; еріндегі герпестік бөртулердің өршуі; тері бөртпесі, тері және шырышты қабықтың құрғауы, мұрыннан қан кету, мұрын бөліністері; жүйелік қызыл жегі, артрит; жедел бүйрек жеткіліксіздігі (негізінен, бүйрек аурулары бар онкологиялық емделушілерде), бүйрек функциясының бұзылуы; гипертиреоз, гипотериоз, қалқанша без функциясы бұзылуы гипергликемия; ЛДГ, билирубин, креатинин, несеп қышқылының және қандағы мочевинаның деңгейі жоғарылауы; инъекция орнындағы реакциялар, инъекция орнындағы жұмсақ тіндер некрозы; аутоиммундық аурулар, жедел аллергиялық реакциялар  (есекжем, ангионевротикалық ісіну (Квинке ісінуі), бронх түйілуі, анафилактикалық шок); агранулоцитоз, гемолитикалық анемияӨте сирек: ойық жара ауруының өршуі, өмір үшін қауіпсіз асқазан-ішек қан кетуі, көру жүйкесінің нейропатиясы, торлы қабықтың орталық артериясының окклюзиясы, торлы қабықтың орталық көктамырының тромбозы, ретинопатия, торлы қабыққа қан құйылуы, көру жүйкесінің ұшы ісінуі, «мақта» экссудаттары  (ишемиялық микроангиопатиялар ошағы); идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура; саркоидоз; қант диабеті, гипертриглицеридемия/гиперлипидемия.

Балаларда қолданылуы

Нәрестелік кезеңде (1 ай), 3 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. Құрамында бензил спиртінің болуына байланысты тұрақты нейропсихиялық бұзылулар мен полиоргандық жеткіліксіздіктің дамуы туралы хабарламалар бар.Маңызды! Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.