L02BX03 Абиратерон (Abiraterone)

Қолдану көрсеткіштері

  • ересек ерлерде қуықасты безінің қауіптілігі жоғары, диагнозы алғаш анықталған гормонға сезімтал метастаздық обырын (ҚБГСмО) емдеу үшін андрогендепривациялық еммен (АДЕ) біріктіріп;
  • ересек ерлерде қуықасты безінің симптомдары болмайтын немесе антиандрогендік ем тиімсіз болғаннан кейінгі жеңіл симптоматикасымен, клиникалық тұрғыдан әзірге химиялық ем қолдануға болмайтын кастрацияға резистентті метастаздық обырын (ҚБКРмО) емдеу үшін;
  • ересек ерлердегі доцетаксел негізіндегі химиялық емді қолдану кезінде немесе қолданудан кейін үдейтін ҚБКРмО емдеу үшін қолданылады.
    Клинические протоколы:
  1. Рак предстательной железы

Қарсы көрсеткіштері

  • әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
  • жүкті әйелдер немесе ұрпақ өрбітуге қабілетті әйелдер;
  • бауыр функциясының ауыр бұзылуы [Чайлд-Пью жіктемесіне сәйкес С класы];
  • преднизон немесе преднизолонмен Абиратерон препаратын Ra-223 біріктіріп қолдануға болмайды.

Қауіпсіздік шаралары

Бұл препаратты қабылдағанға дейін емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз:

  • бауыр аурулары бар болса;
  • артериялық қысымның жоғарлауы, жүрек жеткіліксіздігі немесе қандағы калий деңгейі төмен (қандағы калий деңгейінің төмендігі жүрек ырғағымен проблемалардың пайда болу қаупін арттыруы мүмкін) болған жағдайда;
  • жүрекпен немесе қантамырлармен басқа проблемалар болған жағдайда;
  • тұрақсыз немесе жүрек соғысының жиілеуі болған жағдайда;
  • ентігу болған жағдайда;
  • жылдам салмақ қосқан жағдайда;
  • табан, тобық немесе балтыр ісінулері болса;
  • осының алдында простата обырын емдеуге арналған кетоконазол дәрілік заты қабылданған жағдайда;
  • бұл дәріні преднизонмен немесе преднизолонмен қабылдау қажеттілігі туралы;
  • сүйекке әсер ету ықтималдығы туралы;
  • қандағы глюкоза деңгейінің жоғарлауы болса.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Бірқатар дәрілік препараттардың, соның ішінде жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттардың, транквилизаторлардың, диабетті емдеуге арналған кейбір дәрілік препараттардың, өсімдік текті дәрілік заттардың (мысалы, шайқурай) және басқалардың әсерін күшейтуі мүмкін. Емдеуші дәрігер аталған дәрілік заттардың дозасын өзгерту қажет деп есептеуі мүмкін. Бұдан басқа, кейбір дәрілік заттар Абиратерон препаратының әсерін күшейтуі немесе төмендетуі мүмкін. Бұл жағымсыз әсерлердің дамуына немесе Абиратерон препаратының күтілген емдік әсерін бермеуіне әкелуі мүмкін.

Андроген-депривациялық ем жүрек ырғағы бұзылуларының қаупін арттыруы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Қандай да бір симптомдар білінбеген кезде бауыр функциясына әсер етуі мүмкін. Осы дәрілік препаратпен емдеу кезінде емдеуші дәрігер препараттың бауыр функциясына ықтимал әсерін уақтылы анықтау мақсатында тұрақты түрде қан талдауын жүргізетін болады.

Жүктілік

Әйелдерде қолдануға арналмаған.

Бұл дәрілік препаратты жүктілік кезеңінде қабылдау туылмаған балаға зиянын тигізуі мүмкін.

Ұрпақ өрбіту потенциалы бар әйелмен жыныстық қатынаста болған кезде мүшеқапты және контрацепцияның басқа тиімді әдісін пайдаланыңыз.

Жүкті әйелмен жыныстық қатынасқа түскенде, болашақ баланы қорғау үшін мүшеқап пайдаланыңыз.

Емізу

Әйелдерде қолдануға арналмаған.

Жағымсыз әсерлері

Бұлшықет әлсіздігі, бұлшықеттердің тартылуы немесе жүректің жиі соғысы (жүрек соғуының жиілеуі). Бұл қандағы калийдің төмен деңгейінің белгісі болуы мүмкін.

Тұрақсыз немесе жылдам жүрек ырғағымен әлсіздік немесе бас айналу.

Өте жиі:

  • несеп шығару жолдарының инфекциялары
  • гипокалиемия
  • гипертензия
  • диарея
  • аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы және/немесе аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы
  • шеткері ісіну

Жиі:

  • сепсис
  • гипертриглицеридемия
  • жүрек жеткіліксіздігі, стенокардия, жүрекшелер фибрилляциясы, тахикардия
  • диспепсия
  • бөртпе
  • гематурия
  • сынулар

Жиі емес:

  • бүйрекүсті бездері функциясының жеткіліксіздігі
  • басқа аритмиялар
  • миопатия, рабдомиолиз

Сирек:

  • аллергиялық альвеолит
  • фульминантты гепатит, жедел бауыр жеткіліксіздігі

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Ұсынылатын доза күніне бір рет 1000 мг (екі таблетка) құрайды.

Енгізу әдісі және жолы

  • Бұл дәрілік препаратты ауыз арқылы қабылдаңыз.
  • Тамақпен бірге қабылдамаңыз. Тамақпен бірге қабылдау ағзаға қажет мөлшерден көп дәріні сіңіруге әкелуі мүмкін және бұл жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін.
  • Күніне бір рет аш қарынға бір реттік доза түрінде қабылдаңыз

Балаларда қолданылуы

Балалар мен жасөспірімдерде қолдануға арналмаған.