L01XX35 Анагрелид (Anagrelide)

Қолдану көрсеткіштері

Қауіп дәрежесі жоғары эссенциальді тромбоцитемиясы бар пациенттерде тромбоциттердің жоғары санын және осымен байланысты клиникалық симптомдарды азайту үшін.Клиникалық хаттама:   1. Созылмалы РН-негативті миелопролиферациялық аурулар
    Клинические протоколы:
  1. Хронические РН-негативные миелопролиферативные заболевания

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді затына немесе қандайда бір қосымша затына жоғары сезімталдық; жүрек-қантамырлардың, пайда және қаупі арақатынасына жағымсыз баға берілген, III дәрежедегі аурулары немесе IV дәрежедегі аурулары (Онкология бойынша оңтүстік-батыс топтарының критерийлеріне сәйкес) тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

Қауіпсіздік шаралары

QT аралығын ұзарту үшін, туа біткен QT аралығының ұзару синдромының, жүре келе болған QTс аралығының ұзару синдромының анамнезде болуы, QTс аралығын ұзартуы мүмкін дәрілік препараттарды қабылдау, және гипокалиемия сияқты белгілі қауіп факторлары бар пациенттерге анагрелидті тағайындағанда сақтық танытқан жөн. Грейпфрут шырыны CYP1A2 ферментін тежейтінін және, осылайша, анагрелид клиренсін төмендетуі мүмкін екендігін көрсетті.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

 Ацеклофенак, Альтепаза, ацетилсалицил қышқылы;Цилостазол - қан кету қаупін арттырады; Амофиллин;Амфотерицин, Апиксабан, Бетаметазон - гипокалиемия қаупін арттырады;Амиодарон, Амисульприд - QT аралығын ұлғайтады. 

Бүйрек жеткіліксіздігі

 Креатинин клиренсі минутына 50 мл-ден аз болса, қабылдауға болмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: бас ауыру;Жиі: анемия, тері астына қан құйылу, ісіну, бас айналу, парестезия, ұйқысыздық, жүректің жиі қағуы, тахикардия, гипертензия, мұрыннан қан кету, жүректің айнуы, диарея, диспепсия , экзема, арқаның ауыруы, әлсіздік;Жиі емес: тромбоцитопения, қан кету, гематома, дене салмағының артуы, депрессия, күйгелектік, ауыздың кеберсуі, бас сақинасы , көрудің бұзылулары, конъюнктивит, құлақтың шуылдауы, жүрек функцяисының жеткіліксіздігі, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі, аритмия, қарыншаүстілік тахикардия, қарыншалық тахикардия, естен тану , ентігу, тыныс алу жолдарының инфекциялары, құсу, метеоризм, тұрақты іш қату, абдоминальді ауыру, алопеция, қышыну, миалгия, артралгия , бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, несеп шығару жолдарының инфекциялары, ауыру, қажығыштық;Сирек: жыпылықтағыш аритмия, стенокардия, миокард инфарктісі, ортостаздық гипотензия, плевральді жалқық, пневмония, демікпе, гастрит, тәбеттің болмауы, тері бөртпесі, никтурия, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, тұмау тәрізді симптомдар, қызба, жалпы дімкәстік;Жиілігі белгісіз: екі бағыттық қарыншалық тахикардия, өкпе фиброзы, тубулоинтерстициальді нефрит.

Балаларда қолданылуы

 Ішке. Балаларға 7-17 жас ұсынылатын бастапқы дозасы 500 мкг ган бастап. Әдеттегі доза тәулігіне 1-3 мг құрайды.