L01XX19 Иринотекан¹ (Irinotecan)

Қолдану көрсеткіштері

Балалардағы гемопоэздік бағаналық жасушалардың аллогенді трансплантациясыКең таралған колоректальді обыры бар науқастарды емдеу:аурудың кеш сатысындағы осының алдында химиялық ем қабылдамаған пациенттерде 5-фторурацилмен және фолин қышқылымен біріктірілімде;құрамында 5-фторурацил бар препараттар тағайындалған емге жауап бермеген пациенттерде монотерапия ретінде;бұрын химиялық ем қабылдамаған немесе иринотекан қамтылған тиімсіз химиялық емнен кейін қатар жүретін колоректальді ісігі бар пациенттерді емдеу үшін цетуксимабпен біріктірілімде;тоқ немесе тік ішектің метастазды обыры бар пациенттерді бірінші желіде емдеуде 5-фторурацилмен, фолин қышқылымен және бевацизумабпен біріктірілімде.Клиникалық хаттама:   1. Балалардағы гемопоэздік бағаналық жасушалардың аллогенді трансплантациясы   2. Асқазан обыры    3. Өңеш обыры    4.Орталық нерв жүйесінің қатерсіз және қатерлі ісіктері    5. Өкпенің обыры    6. Ұйқы безінің обыры    7. Тік ішектің қатерлі ісіктері    8. Тоқ ішектің қатерлі ісіктері    9. Перитонеалдық карциноматоз кезіндегі ең жоғары циторедуктивті операция және гипертермиялық интраперитонеалдық химиотерапия (HIPEC)
    Клинические протоколы:
  1. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  2. Рак желудка
  3. Рак пищевода
  4. Доброкачественные и злокачественные новообразования центральной нервной системы
  5. Рак легкого
  6. Рак поджелудочной железы
  7. Злокачественные новообразования прямой кишки
  8. Злокачественные новообразования ободочной кишки
  9. Максимальная циторедуктивная операция и гипертермическая интраперитонеальная химиотерапия (HIPEC) при перитонеальном карциноматозе

Қарсы көрсеткіштері

Иринотеканға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық; ішектің созылмалы қабыну аурулары және/немесе ішек өткізгіштігінің бұзылуы; сүйек кемігі функциясының ауыр бұзылуы; қалыптың жоғарғы шегінен 3 еседен асатын қандағы билирубин деңгейі; ДДҰ шкаласы бойынша >2 болып бағаланған пациенттердің жалпы жағдайы; құрамында шайқурай бар препараттармен бір мезгілде қабылдау.

Қауіпсіздік шаралары

Препарат емнен күтілетін пайда ықтимал қауіптен асатын жағдайларда тағайындалуы тиіс: ДДҰ шкаласы бойынша жалпы жағдайы >2 пациенттерге; жағымсыз әсерлердің симптоматикалық емін өз бетінше жүргізе алмайтын пациенттерге. Диареяның пайда болу қаупі жоғары пациенттер: осының алдында ішіне/жамбасына сәулемен ем қабылдағандар, бастапқы деңгейде гиперлейкоцитозы бар, ДДҰ сай > 2 функционалдық статустағы және әйелдер. Егер диареяны талапқа сай емдемесе, ол өмірге қауіпті болуы мүмкін, әсіресе нейтропениямен бірге. Ауыр диареясы бар пациенттерде инфекциялар мен гематологиялық уыттанудың даму қаупі жоғары. Аталған пациенттерде клиникалық қан талдауы анықталуы тиіс. Емдеу басталғанша және емдеудің әр циклі алдында функционалдық бауыр тестілері және құсуға қарсы заттармен алдын ала емдеу жүргізілуі тиіс. Бронх демікпесі бар пациенттерге сақтықпен қолдану. Жедел және ауыр холинергиялық синдром көрініс берген пациенттерге иринотеканның келесі дозалары үшін атропин сульфатын алдын ала қолдану ұсынылады. Емдеу кезінде, өкпелік инфильтраттар түрінде пайда болатын өкпенің интерстициялық ауруының дамуын болдыртпау үшін респираторлық симптомдардың көріністерін қадағалау. Ішек обструкциясы бар пациенттер ішек бітелісі жойылғанша иринотеканмен ем алмауы тиіс. Сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы бар пациенттерге препаратты тағайындамау.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A индукциялайтын құрысуға қарсы препараттар (мысалы, карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин) - иринотекан белсенділігінің төмендеуі.CYP3A4 көмегімен дәрілер метаболизмін тежейтін (мысалы, кетоконазол) немесе индукциялайтын (мысалы, рифампицин, карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин) - иринотекан метаболизмінің өзгеруі.Бевацизумаб - иринотекан дозасының төмендеуі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің бұзылыстары бар пациенттерге қабылдау ұсынылмайды, себебі аталған топтағы пациенттерге зерттеулер жүргізілмеген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Емдеу басталғанша және емнің әр циклі алдында функционалдық бауыр тестілері жүргізілуі тиіс. Пациенттерде билирубин деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 1,5 және 3 есе жоғары көтерілгенде, аптасына бір рет қанның клиникалық талдауының бақылауын жүзеге асыру қажет. Иринотеканды билирубиннің ULN > 3 есе деңгейіндегі пациенттерге енгізуге болмайды.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: ауыр кешеуілдеген диарея, ауыр жүрек айнуы және құсу, жинақталмайтын қайтымды нейтропения, анемия, тромбоцитопения, инфекциялар, қайтымды алопеция, қатарлас ауыр нейтропениясыз шығу тегі инфекциялық емес қызба, бауырда үдемелі метастаздану болмағанда трансаминазалар (1 және 2 дәрежелі), сілтілік фосфатаза немесе билирубин деңгейінің транзиторлы жоғарылауы.Жиі: диареямен және/немесе құсумен байланысты сусыздану; іш қатуы, фебрильді нейтропения; өліммен аяқталу ықтималдығымен және ауыр нейтропениямен байланысты инфекциялық асқынулар; диареямен, іштің ауыруымен, конъюнктивитпен, ринитпен, гипотензиямен, тамырлар кеңеюімен, қатты терлеумен, қалтыраумен, дімкәстанумен, бас айналумен, көру бұзылысымен, миозбен, көзден жас ағумен және сілекейдің көп ағуымен болатын ауыр транзиторлы жедел холинергиялық синдром; әлсіздік, 3 дәрежедегі билирубин деңгейінің транзиторлы жоғарылауы, қан креатинині деңгейінің жеңілден орташаға дейін транзиторлы жоғарылауы.Жиі емес: жалған жарғақшалы колит, бүйрек жеткіліксіздігі, гипотензия және жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі, ішек бітелісі, асқазан-ішектен қан кету, жеңіл тері реакциялары, препаратты енгізген жердегі реакциялар, ентігу, өкпе инфильтраттары түрінде өкпе тінінің интерстициальді зақымдануы.Сирек: тифлит, ишемиялық және ойық жаралы колит, ішектің ойылуы, анорексия, іштің ауыруы, мукозит, симптомсыз немесе клиникалық көріністермен панкреатит, негізінен диареямен және құсумен байланысты гипокалиемия және гипонатриемия, анафилаксиялық/анафилактоидты реакциялар, препаратты енгізу кезіндегі және одан кейінгі артериялық гипертензия, бұлшықеттердің жиырылуы немесе түйілуі, парестезиялар.Өте сирек: тромбоциттерге антиденелер түзілетін шеткері тромбоцитопения, амилаза және/немесе липаза деңгейінің жоғарылауы, сөйлеу қабілетінің өткінші бұзылыстары, ісік лизисі синдромы.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.