L01XX05 Гидроксикарбамид¹ (Hydroxycarbamide)

Қолдану көрсеткіштері

Ремиссия немесе қайталану кезеңіндегі созылмалы миелолейкоз, эссенциальді тромбоцитемия, тромбоэмболиялық асқынулардың жоғары қаупі бар анық полицитемия.Клиникалық хаттама:   1. Балалардағы гемолитикалық анемия
    Клинические протоколы:
  1. Гемолитическая анемия у детей

Қарсы көрсеткіштері

Гидроксикарбамидке немесе препараттың кез келген басқа компонентіне асқын сезімталдық, лейкоцитопения (лейкоциттер саны <2,5x109/л), тромбоцитопения (тромбоциттер саны <100x109/л), ауыр анемия, туа біткен фруктозаны, галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактазасы ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

Қауіпсіздік шаралары

Емдеудің алдында және барысында  (аптасына 1 реттен сирек емес) гемоглабин деңгейін, толық лейкоцитарлық формуланы және тромбоциттер санын анықтаудан тұратын ұдайы қан талдауы қажет. Лейкоциттер саны 2,5х109/л-ден және тромбоциттер саны 100х109/л-ден төмен болғанда, емдеу курсын гематологиялық көрсеткіштер қалпына келуінің нақты үрдісі туындағанша тоқтата тұрады. Лейкопения сүйек кемігі тежелуінің алғашқы және жиі кездесетін белгісі болып табылады. Несеп қышқылының шығарылуын қамтамасыз ету үшін диурезді күшейту мақсатында жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу маңызды. Тері жабындарының жай-күйіне мониторинг жүргізу ұсынылады, себебі терінің сквамозды карциномасы және базальді-жасушалық карциномасы дамуының жағдайлары сипатталған.Жоғары зейінді және психомоторлық реакциялар шапшаңдығын қажет ететін қауіптілігі жоғары қызмет түрлерімен айналысудан бас тартқан жөн.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Диданозин, ставудин және басқа нуклеозидті тежегіштер- олардың белсенділігінің және гепатоуыттылық, панкреатиттер мен шеткері нейропатия сияқты жағымсыз әсерлерінің күшеюі. Ісіктерге қарсы басқа да заттар, сәулелік терапия- ауыр сипаттағы жағымсыз реакциялар пайда болу жиілеуі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметіне мониторинг жүргізу қажет. Сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметіне мониторинг жүргізу қажет. Сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген. Плаценталық бөгеттен өтеді. Препаратты қабылдау кезеңінде және емдеу аяқталғаннан кейін үш айдан кем емес уақыт аралығында ұрықтануға қарсы сенімді заттар пайдалану керек.

Емізу

Қарсы көрсетілген. Қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, лейкопения, мегалобластоз, диарея, іш қатуы;Жиі емес: тромбоцитопения, анемия, қандағы билирубин деңгейлерінің артуы; анорексия, жүректің айнуы, құсу, стоматит, бауыр ферменттері көрсеткіштерінің жоғарылауы; макулопапулезді бөртпе, бет эритемасы, акральді эритема, қанда несеп қышқылының артуымен, қанда мочевина және креатинин деңгейлерінің жоғарылауымен қатар жүретін бүйректің шумақтық функциясының транзиторлы бұзылуы, несеп ұсталуы, ісіну, интерстициальді нефрит, дәрілік қызба, қалтырау, әлсіздік;Сирек: асқын сезімталдық реакциялары, ісік лизисінің синдромы, елестеулер, бас ауыруын, бас айналуын, бағдардан жаңылуды, құрысуларды қоса, неврологиялық бұзылыстар, өкпенің ісінуі, жедел өкпелік реакциялар: өкпенің диффуздық инфильтрациясы, өкпелік фиброз, ентігу, алопеция, дизурия;Өте сирек: дерматомиозитке ұқсас тері өзгерістері, тері гиперпигментациясы, тері атрофиясы, тырнақтардың пигментациясы, тырнақтардың атрофиясы, терінің ойық жаралары (әсіресе, аяқтардың ойық жарасы), қышыну, актиниялық кератоз, тері обыры (жалпақ жасушалы обыр, базальді-жасушалық карцинома), күлгін папулалар, десквамация, бүйрек жеткіліксіздігі.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.