L01XE10 Эверолимус¹ (Everolimus)
Қолдану көрсеткіштері
Антиангиогенді ем тиімсіз болған кезде жайылған бүйрек-жасушалы обыр; ұйқы безінің операция жасалмайтын немесе метастаздық, жақсы және орташа дифференциацияланған нейроэндокринді ісіктері; ісіктің хирургиялық резекциясын орындау мүмкін болмаған кездегі пациенттерде туберозды склероз кешенімен (ТСК) байланысқан, субэпендималық алып жасушалы астроцитомаларда (СЭАА); дереу хирургиялық араласуды талап етпейтін, ТСК байланысқан бүйрек ангиомиолипомасы; висцеральды симптоматикасы жоқ, ароматазаның стероидты емес тежегіштерімен алдын ала гормондық емнен соң менопаузадан кейінгі кезеңдегі әйелдерде экземестанмен бірге сүт безінің жайылған гормондық рецепторы оң, HER2- теріс обыры.
-
Клинические протоколы:
- Почечно-клеточный рак
- Рак поджелудочной железы
- Рак молочной железы
- Рак желудка
- Злокачественные новообразования прямой кишки
- Злокачественные новообразования ободочной кишки
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа, сонымен қатар рапамициннің басқа туындыларына немесе препараттың кез-келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Инфекциялық емес пневмониттің даму қаупі ықтимал. Барлық респираторлық симптомдар немесе жай-күйінің нашарлауы туралы тез арада хабардар ету қажет. Егер инфекциялық емес пневмониттің симптомдары ауыр болса, онда пациенттің жағдайы жақсарғанша емдеуді тоқтату керек. Эверолимус шартты-патогенді микроорганизмдермен шақырылған инфекцияларды қоса, бактериялық, зеңдік, вирустық немесе протозойлық инфекциялардың дамуына ықпал етеді. Препаратты қабылдау кезінде инфекцияның белгілері мен симптомдарының дамуын мұқият бақылау керек. Инфекциялық ауру анықталған кезде сәйкес ем тағайындалып, сондай-ақ препаратты қабылдау уақытша немесе толық тоқтатылады. Йировец пневмоцистті пневмониясының даму қаупі бар, кейде өлімге және асқын сезімталдық реакцияларына алып келуі мүмкін. Қан кету қаупін арттыратын препараттармен бір мезгілде сақтықпен тағайындау қажет. Ангиотензин-айналдырушы фермент тежегіштерімен біріктіріп қолдану кезінде ангионевротикалық ісінудің дамуы мүмкін. Емдеу кезінде ауызда ойық жаралардың, стоматит және ауыз қуысының мукозиті дамуы байқалады. Гипергликемия және дислипидемия (гиперхолестеринемия және гипертриглицеридемияны қоса) дамуы мүмкін. Қандағы глюкоза, холестерин және триглицеридтердің деңгейін емнің алдында және емдеу барысында жүйелі қадағалау, сондай-ақ сәйкес дәрілік заттармен ем жүргізу ұсынылады. Гемоглобин, лимфоциттер, нейтрофилдер мен тромбоциттер деңгейлерінің төмендеуі мүмкін. Емнің алдында және емдеуді бастағаннан кейін жүйелі қанның жалпы клиникалық талдауының көрсеткіштерін бақылау ұсынылады. Тірі вакциналарды қолдануды және тірі вакциналармен егілген адамдармен тығыз жанасуды болдырмау керек. Жаралар жазылуының бұзылуы салдарынан, операция алды кезеңінде сақтықпен қолдану қажет.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
СYP3A4/PgP күшті тежегіштері (кетоконазол, итраконазол, позаконазол, вориконазол, телитромицин, кларитромицин, нефазодон, ритонавир, атазанавир, саквинавир, дарунавир, индинавир, нелфинавир) - эверолимус концентрациясының артуы, ұсынылмайды.CYP3A4/PgP орташа тежегіштері (эритромицин, иматиниб, верапамил, пероральді қабылданатын циклоспорин, флуконазол, дилтиазем, дронедарон, ампренавир, фосампренавир) - өзара әсерінің жоғарылауы, CYP3A4 орташа тежегіштерін немесе PgP тежегішерін бірге қолдануды болдырмау мүмкін болмаған жағдайда, сақтық таныту.Грейпфрут шырыны немесе CYP3A4/PgP әсер ететін басқа тамақ өнімдері - өзара әсерінің жоғарылауы, біріктірілімді болдырмау.CYP3A4 күшті және орташа тежегіштері (рифампицин, дексаметазон, карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин, эфавиренз, невирапин - өзара әсерінің төмендеуі, бірге қолдануды болдырмау.Шәйқурай (Hypericum perforatum) - өзара әсерінің айтарлықтай төмендеуі, қарсы көрсетілген.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Кейде өліммен аяқталатын, бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы мүмкін. Бүйрек қызметінің бұзылуына алып келетін, қосымша факторлары бар пациенттерге бүйрек қызметіне мониторинг жүргізу қажет.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстары бар пациенттерде қолданылмайды. Ілеспелі бауыр жеткіліксіздігімен СЭАА байқалатын, ТСК бар 18 жасқа дейінгі пациенттерде немесе ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар 18 жасқа дейінгі пациенттерге қолдану ұсынылмайды. Бауыр жеткіліксіздігінің ауырлығына сәйкес дозасын түзету қажет.
Жүктілік
Ұсынылмайды.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: инфекциялар, анемия, тәбеттің төмендеуі, гипергликемия, гиперхолестеринемия, дисгевзия, бас ауыруы, пневмонит (соның ішінде альвеолит, өкпенің интерстициальді ауруы, өкпелік инфильтрация, өкпелік альвеолярлы қан кету және өкпе уыттылығы), мұрыннан қан кету, стоматит (соның ішінде афтозды стоматит, ауыз қуысы мен тілдің ойық жаралары), диарея, жүрек айнуы, бөртпе, қышыну, шаршағыштық, астения, перифериялық ісіну, салмақтың төмендеуі.Жиі: тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения, лимфоцитопения, гипертриглицеридемия, гипофосфатемия, қант диабеті, гиперлипидемия, гипокалиемия, гипогликемия, сусыздану, құрысулар, ұйқысыздық, тітіркенгіштік, озбырлық, қан кету, гипертензия, анорексия, жөтел, ентігу, құсу, ауыздың құрғауы, іштің ауыруы, ауыздың ауыруы, диспепсия, дисфагия, терінің құрғауы, тырнақтардың сынғыштығы, безеу, эритема, алақан-табан синдромы, артралгия, протеинурия, бүйрек жеткіліксіздігі, ретсіз етеккір, қызба, шырышты қабықтың қабынуы, гиперемия, АСТ, АЛТ деңгейінің, қандағы креатининнің жоғарылауы.Жиі емес: панцитопения, жоғары сезімталдық, дәмнің жоғалуы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, қабақтың ісінуі, вирусты В гепатитінің асқынуы, терең көктамырлардың тромбозы, қан түкіру, өкпе артериясының эмболиясы, күндізгі кіші дәреттің артуы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, аменорея, жүректік емес кеуденің ауыруы.Сирек: парциальды қызыл жасушалы аплазия, жедел респираторлық дистресс-синдромы, ангионевротикалық ісіну, рабдомиолиз, жаралар жазылуының бұзылысы. Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.