L01XE08 Нилотиниб¹ (Nilotinib)

Қолдану көрсеткіштері

Ересек пациенттерде Филадельфия хромосомасы оң созылмалы фазадағы алғаш анықталған созылмалы миелоидты лейкемияны емдеу. Иматинибті қоса, алдыңғы емнің кемінде біреуіне төзімділігі немесе көтере алмаушылығы бар ересек пациенттерде Филадельфия хромосомасы оң созылмалы фазадағы және акселерация фазасындағы созылмалы миелоидты лейкемияны емдеу.
    Клинические протоколы:
  1. Острый лимфобластный лейкоз у взрослых
  2. Хронический миелолейкоз
  3. Хронический миелолейкоз у детей

Қарсы көрсеткіштері

Кез келген препарат компонентіне асқын сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Миелосупрессияны бақылау үшін терапияның алғашқы 2 айында әр екі апта сайын, кейін ай сайын немесе клиникалық көрсеткіштері бойынша кеңейтілген қан талдауын жүргізу. Анамнезінде панкреатит, QT аралығы ұзартылған немесе QT аралығы ұзаруының даму қаупі жоғары пациенттерде сақтықпен қолдану. Емдеу барысында пациенттердің жүрек-қантамыр жүйесі жағдайын бағалау, жүрек-қантамыр жүйесінің қауіп факторларын бақылау. Салмақтың күтпеген жерден тез жоғарылауы тексерілуі тиіс. Қандағы липидтер мен глюкоза деңгейін бақылау қажет. Тағаммен бірге қабылдамау, нилотиниб биожетімділігін арттырады. Автокөлік немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 күшті тежегіштері (кетоконазол, итраконазол, вориконазол, ритонавир, кларитромицин және телитромицин) нилотиниб концентрациясын жоғарылатады.CYP3A4 изоферменті индукторлары (фенитоин, рифампицин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай препараттары) нилотиниб метаболизмін күшейтеді және қан плазмасында оның концентрациясын төмендетеді.Аритмияға қарсы препараттарды (амиодарон, дизопирамид, прокаинамид, хинидин және соталолды қоса, бірақ олармен шектелмей), сондай-ақ QT аралығын ұзартуға қабілетті басқа дәрілік заттарды (хлорохин, галофантрин, кларитромицин, галоперидол, метадон, моксифлоксацин, бепридил және пимозидті қоса, бірақ олармен шектелмей) бір мезгілде қолданбау керек.Кез келген уақытта грейпфрут шырыны мен CYP3A4 тежеу қабілеті белгілі басқа өнімдерді қолданудан бас тарту керек.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Қолданбау, қажет болатын жағдайларды қоспағанда.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

АІЖ тарапынан: жүрек айнуы, сирек іш қатуы, диарея, құсу, іштің ауыруы, диспепсия, асқазан-ішектен қан кету.ОЖЖ тарапынан: бас ауыруы, шаршағыштық, әлсіздік.Тері жабындары тарапынан: аллергиялық реакциялар, бөртпе, қышыну, сирек терінің құрғауы, перифериялық ісіну, плевралық және перикардтағы жалқықтар.Басқа: алопеция, бұлшықет-буын ауыруы, бұлшықет түйілулері, миелосупрессия.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Ұсынылмайды! 18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.