L01XE01 Иматиниб (Imatinib)

Қолдану көрсеткіштері

.- сүйек кемігін трансплантациялау бірінші желідегі ем ретінде қарастырылмайтын ересектер мен балаларда филадельфиялық хромосомамен алғаш диагностикаланған созылмалы миелоидты лейкоз (Ph+ СМЛ)
- ересектер мен балаларда интерферон альфамен сәтсіз емнен кейінгі созылмалы фазадағы немесе акселерация немесе бластты криз фазасындағы Ph+ СМЛ
- ересек пациенттер мен балаларда химиялық ем құрамында филадельфиялық хромосомамен алғаш диагностикаланған жедел лимфобластты лейкоз (Ph+ ЖЛЛ)
- ересек пациенттердегі қайталамалы немесе рефрактерлі РН+ ЖЛЛ (монотерапия ретінде)
- ересек пациенттердегі гиперэозинофилия синдромы, атипті миелодисплазиялық/миелопролиферациялық аурулар немесе альфа- немесе бета-мутациялармен немесе FIP1L1-PDGFR – тромбоциттік өсу факторы (PDGFR) рецепторының белсенуімен және эозинофилиямен байланысты агрессиялық жүйелі мастоцитоз
- ересек пациенттердегі асқазан-ішек жолының Kit + (CD117) операция жасалмайтын және/немесе метастазды стромалық қатерлі ісіктері
- ересек пациенттердегі АІЖ Kit-оң стромалық ісігіне резекция жасаудан кейінгі адъювантты ем
- ересек пациенттердегі операция жасалмайтын, рекуррентті және/немесе метастазды бұдырлы дерматофибросаркома (БДФС)
    Клинические протоколы:
  1. Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
  2. Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  3. Рак желудка
  4. Саркомы мягких тканей
  5. Аллогенная трансплантация костного мозга

Қарсы көрсеткіштері

әсер етуші затқа немесе қандай да бір қосымша заттарға жоғары сезімталдық

Қауіпсіздік шаралары

Иматинибті басқа препараттармен біріктіріп қолданғанда дәрілік өзара әрекеттесу ықтималдығы бар. Иматинибті протеаза тежегіштерімен, азол фунгицидтерімен, кейбір макролидтермен, емдік диапазоны тар CYP3A4 субстраттарымен (мысалы, циклоспорин, пимозид, такролимус, сиролимус, эрготамин, диэрготамин, фентанил, алфентанил, терфенадин, бортезомиб, доцетаксел, хинидин) немесе варфаринмен және басқа кумарин туындыларымен сақтықпен қолдану керек.
Иматинибті CYP3A4 индукторлары болып табылатын препараттармен (мысалы, дексаметазон, фенитоин, карбамазепин, рифампицин, фенобарбитал немесе шілтер жапырақты шайқурай ретінде де белгілі Hypericum perforatum) біріктіріп қолдану иматиниб әсерін, емдеудің жайсыз аяқталу қаупін ықтималды арттырумен едәуір төмендетуі мүмкін. Осылайша, CYP3A4 күшті индукторларын иматинибпен қатарлас қабылдамау керек.
Гипотиреоз
Тиреоидэктомия жасалған және левотироксинмен орын басу емін алып жүрген пациенттерде иматиниб қолдану аясында гипотиреоз дамыған клиникалық жағдайлар жөнінде хабарламалар бар. Пациенттердің осы санатында тиреотроп гормонының (ТТГ) деңгейін мұқият бақылап отыру қажет.
Гепатоуыттылық
Иматиниб, ең алдымен, бауырда метаболизденеді және тек 13%-ы бүйрекпен шығарылады. Бауыр функциясының бұзылуы бар (жеңіл, орташа немесе ауыр дәрежедегі) пациенттерде шеткері қанның пішінді элементтерін және бауыр ферменттерінің деңгейлерін мұқият бақылап отыру қажет. АІЖСІ бар пациенттерде бауыр жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін бауыр метастаздары болуы мүмкін екенін атап өту керек.
Иматинибті қолданғанда бауыр жеткіліксіздігі мен бауыр некрозын қоса, бауырдың зақымдану жағдайлары байқалды. Жоғары дозада химиялық препараттармен біріктірілген иматинибпен ем кезінде бауыр тарапынан күрделі бұзылулар туындауының артуы аталды. Бауыр функциясының бұзылуын тудыруға да қабілетті химиялық ем режимдерімен біріктіріп иматиниб қолдану жағдайларында бауыр функциясын тұрақты бақылап отыру ұсынылады.
Сұйықтық іркілісі
Ауыр дәрежедегі сұйықтық іркілу жағдайлары (плевралық жалқық, ісіну, өкпе ісінуі, асцит, шеткері ісіну) иматиниб қабылдап жүрген алғаш анықталған СМЛ бар пациенттердің шамамен 2,5%-да білінді. Осылайша, пациенттердің дене салмағын жүйелі бақылап отыру ұсынылады. Салмағы күрт тез артуы жағдайында пациентті тексеруден өткізу, ал қажет болса, тиісті демеу және емдеу шараларын қабылдау керек. Клиникалық зерттеулер барысында сұйықтық іркілісінің даму жиілігінің артуы егде жастағы пациенттерде және анамнезінде жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде аталды. Осылайша, жүрек аурулары бар пациенттермен сақтық таныту керек.
Жүрек аурулары бар пациенттер
Жүрек аурулары, жүрек жеткіліксіздігін туындататын қауіп факторлары немесе анамнезінде бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді мұқият бақылап отыру керек; жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері немесе симптомдары бар пациенттерді тексеру және емдеу тағайындау керек.
Миокардтағы ГЭС-жасушалардың жасырын инфильтрациясымен гиперэозинофилиялық синдром (ГЭС) бар пациенттерде кардиогенді шок дамуы/сол жақ қарынша функциясы бұзылуының жекелеген жағдайлары иматинибпен емдеудің басында ГЭС-жасушалар дегрануляциясымен байланысты болды. Осындай жай-күй жүйелі стероидтарды тағайындау, қан айналымын демеу жүйелерін пайдалану және иматиниб қабылдауды уақытша тоқтату кезінде қайтымды сипатта болғаны хабарланды. Иматиниб қолдану кезінде жүрек тарапынан жағымсыз құбылыстар мәлімделуі жиі еместіктен, ГЭС бар пациенттердің емдеу басталғанша иматиниб қолданылатын емнің пайда және қауіп арақатынасын мұқият бағалау мәселесін қарастыру қажет.
PDGFR гендік қайта құрылуы болатын миелодисплазиялық/миелопролиферациялық аурулар эозинофилдердің жоғары деңгейімен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан ГЭС зардабын шегіп жүрген пациенттерде, сондай-ақ эозинофилдердің жоғары деңгейімен байланысты МДС/МПЗ зардабын шегіп жүрген пациенттерде иматиниб қолдану басталғанша кардиолог-маман тексеруі, электрокардиограмма түсіру және қан сарысуындағы тропонин деңгейін анықтау мүмкіндігін қарастыру қажет. Егер бір нәрсе қалып шегінен тыс болса, емдеудің бастапқы фазасы сатысында кардиологта кейіннен қадағалану және жүйелі стероидтарды (1–2 мг/кг) 1–2 апта бойы иматинибпен қатарлас ем ретінде профилактикалық қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.
Асқазан-ішектен қан кету
Операция жасалмайтын және/немесе метастазды АІЖСІ бар пациенттерге жүргізілген зерттеулерде асқазан-ішектен қан кету де, ісікішілік қан кету де хабарланды. Қолда бар деректер негізінде қан кету типтерінің қандай да бір жоғары қауіп тобына АІЖСІ бар пациенттерді жатқызатын бейімдеу факторлары (мысалы, ісік өлшемі, ісік орналасуы, қан ұюының бұзылуы) анықталмады. Васкуляризация жоғарылауы мен қан кетуге бейімділік АІЖСІ табиғатының және клиникалық ағымының бір бөлігі екендіктен, пациенттердің бәрінде қан кетуді бақылау және емдеу үшін стандартты әдістер мен емшараларды қолдану қажет.
Бұдан бөлек, СМЛ, ЖЛЛ және басқа аурулары бар пациенттерде тіркеуден кейін қолдану кезінде асқазан-ішектен қан кетудің сирек себебі — асқазанның антральді бөлігінің тамырлық эктазиясы (GAVE) мәлімделді. Қажет болса, иматинибпен емді тоқтату мүмкіндігін қарастыруға болады.
Ісік лизисі синдромы
Ісік лизисі синдромының (ІЛС) туындауы мүмкін екеніне байланысты, иматиниб қабылдау басталғанша клиникалық мәнді сусыздануды түзету және несеп қышқылының жоғары деңгейін емдеу ұсынылады.
В гепатитінің қайта белсенділенуі
B гепатиті вирусының тасымалдаушылары болып табылатын пациенттерде BCR-ABL тирозинкиназа тежегіштерін қабылдаудан кейін оның қайта белсенділенуі болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда бауыр трансплантациясына немесе өліммен аяқталуға алып келетін бауырдың жедел жеткіліксіздігінің немесе фульминантты гепатит дамуы аталды.
Иматинибпен емді бастар алдында пациенттердің бәрінде В гепатиті вирусының бар-жоғын тексеру керек. Серологиялық тестілеудің оң нәтижесін алғанда (оның ішінде белсенді инфекциялық үдерісте), сондай-ақ емдеу кезіндегі ВГB инфекциясын талдау оң нәтижелі болғанда ем басталар алдында гепатологпен және инфекциялық В гепатитін емдеу бойынша маманмен кеңесу керек. Иматинибпен емдеу қажет болғанда В гепатиті вирусының тасымалдаушысы болып табылатын пациенттің жай-күйін препаратпен ем кезінде де, ол аяқталған соң бірнеше ай ішінде де ВГВ белсенді инфекциялық үдерісінің белгілері мен симптомдарының дамуы тұрғысынан мұқият бақылап отыру керек.
Фотоуыттылығы
Иматинибпен емдеуге байланысты фотоуыттылықтың даму қаупіне орай күн сәулесінің тікелей әсерінен сақтану немесе оны азайту қажет. Пациенттерге қорғаныс шараларын, мысалы, қорғағыш киімді және қорғау факторы жоғары (SPF) күннен қорғайтын крем пайдалану қажеттілігі хабарланады.
Тромбоздық микроангиопатия
BCR-ABL тирозинкиназа тежегіштерін (ТКТ) қолдану тромбоздық микроангиопатия (TMA) дамуымен астасты, оның ішінде иматиниб қолдану кезінде ТМА туындау жағдайлары жөнінде бірлі-жарым хабарламалар бар. Егер иматиниб қабылдап жүрген пациентте ТМА дамуын көрсететін зертханалық немесе клиникалық белгілер пайда болса, емдеуді тоқтату және ADAMTS13 белсенділігін анықтауды және анти-ADAMTS13-антиденелер деңгейін анықтауды қоса, ТМА мұқият бағалауын жүргізген жөн. Егер анти-ADAMTS13-антиденелер деңгейі ADAMTS13 төмен белсенділігімен бірге жоғарыласа, иматинибпен емдеуді жаңғыртуға болмайды.
Зертханалық тестілер
Иматинибпен ем кезінде жүйелі толық қан талдауын жасау қажет. Иматинибпен СМЛ бар пациенттерді емдеу нейтропениямен немесе тромбоцитопениямен қатар жүрді. Алайда, осы цитопениялардың пайда болуы, зор ықтималдықпен, емдеу жүргізілетін аурудың фазасына байланысты, әрі олар СМЛ созылмалы фазасындағы пациенттермен салыстырғанда, СМЛ акселерация немесе бластты криз фазасындағы пациенттерде жиірек байқалды. Иматинибпен емдеуді тоқтатуға немесе қолдану жөніндегі нұсқауларға сәйкес дозаны төмендетуге болады.
Иматиниб қабылдап жүрген пациенттерде бауыр функциясын (трансаминаза, билирубин, сілтілі фосфатаза) жүйелі бақылап отыру қажет.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде қан плазмасындағы иматиниб мөлшері, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерге қарағанда, жоғары болып көрінеді, бұл осындай пациенттердегі иматиниб байланыстыратын ақуыз болып табылатын плазмадағы альфа-қышқыл гликопротеин (AGP) деңгейінің жоғарылау себебінен болуы ықтимал. Пациенттерге ең төмен бастапқы дозаны тағайындау қажет. Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерді емдеуді сақтықпен жүзеге асырған жөн. Жақпаушылық жағдайында дозаны төмендетуге болады.
Иматинибті қолданумен ұзақ уақыт емдеу бүйрек функциясының клиникалық мәнді нашарлауымен байланысты болуы мүмкін. Осылайша, емдеуді бастар алдында бүйрек функциясын бағалау және емдеу кезінде мұқият мониторинг жүргізу қажет, әсіресе қауіп факторлары бар пациенттерде. Егер бүйрек функциясының бұзылуы байқалса, тиісті медициналық көмек және емдеу стандартты ұсынымдарға сәйкес жүргізілуі тиіс.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Қан плазмасында иматиниб концентрациясын арттыруы мүмкін белсенді заттар
P450 цитохромының CYP3A4 изоферментінің әсерін тежейтін заттар (мысалы, индинавир, лопинавир/ритонавир, ритонавир, саквинавир, телапревир, нелфинавир, боцепревир сияқты протеаза тежегіштері; кетоконазол, итраконазол, позаконазол, вориконазолды қоса, азол фунгицидтері; эритромицин, кларитромицин және телитромицин сияқты кейбір макролидтер) иматиниб метаболизмін баяулатуы және оның концентрациясын арттыруы мүмкін. Иматинибті кетоконазолдың (CYP3A4 тежегішінің) бір реттік дозасымен бір мезгілде қабылдағанда иматиниб экспозициясы едәуір ұлғаяды (иматиниб орташа Cmax және AUC, тиісінше, 26% және 40% артты). Иматинибті CYP3A4 изоферменттерінің тежегіштерімен біріктіріп қолданғанда сақ болу қажет.
Қан плазмасында иматиниб концентрациясын төмендетуі мүмкін белсенді заттар
CYP3A4 изоферментінің индукторлары болып табылатын заттар (мысалы, дексаметазон, фенитоин, карбамазепин, рифампицин, фенобарбитал, фосфенитоин, примидон немесе сондай-ақ шілтер жапырақты шайқурай түрінде белгілі Hypericum perforatum) емдеудің жайсыз аяқталу қаупін ықтимал арттырумен иматиниб әсерін едәуір төмендетуі мүмкін. Рифампицин 600 мг бірнеше дозасын алдын ала қабылдап, кейіннен иматиниб 400 мг бір реттік дозасын қабылдау Cmax және AUC (0-∞) мәндерінің рифампицинді алдын ала қабылдаусыз алынған тиісті мәндерден кемінде 54% және 74% төмендеуіне әкелді. Осыған ұқсас нәтижелер карбамазепин, окскарбазепин және фенитоин сияқты ферменттерді индукциялайтын эпилепсияға қарсы препараттарды (ФИЭҚП) қабылдау кезінде иматиниб алған қатерлі глиомалар бар пациенттерде байқалды. Плазмадағы иматиниб AUC мәні, ФИЭҚП қабылдамаған пациенттермен салыстырғанда, 73% төмендеді. Рифампицин немесе басқа CYP3A4 күшті индукторларын иматинибпен қатарлас қабылдамау керек.
Қан плазмасындағы концентрациясы иматиниб әсерінен өзгеруі мүмкін белсенді заттар
Иматиниб симвастатиннің (CYP3A4 изоферментінің субстраты) Cmax және AUC орташа мәндерін, тиісінше, 2 және 3,5 есе арттырады, бұл иматинибтің CYP3A4 изоферментін тежеуін көрсетеді. Осылайша, иматинибті емдік диапазоны тар CYP3A4 изоферментінің субстраттарымен (мысалы, циклоспорин, пимозид, такролимус, сиролимус, эрготамин, диэрготамин, фентанил, альфентанил, терфенадин, бортезомиб, доцетаксел және хинидин) қолданғанда сақ болуға кеңес беріледі. Иматиниб CYP3A4 изоферментімен метаболизденетін басқа препараттардың (мысалы, триазоло-бензодиазепиндер, кальций өзекшелерінің дигидропиридинді блокаторлары, ГМГ-КоА-редуктазаның кейбір тежегіштері, яғни статиндер және т.б.) қан плазмасындағы концентрациясын арттыруы мүмкін.
Иматинибті қолданумен байланысты қан кетудің белгілі жоғары қаупіне орай (мысалы, қан құйылу), антикоагулянттық ем талап етілетін пациенттер варфарин сияқты кумарин туындыларының орнына төмен молекулалы немесе стандартты гепаринді қабылдауы тиіс.
Іn vitro иматиниб CYP3A4 белсенділігіне ықпал ететін концентрацияларда P450 цитохромы CYP2D6 изоферментінің әсерін тежейді. Иматинибті 400 мг дозада тәулігіне екі рет қолданғанда CYP2D6 арқылы метопролол метаболизмінің тежеу әсері және метопролол Cmax және AUC шамамен 23% артуы (90% СА [1,16–1,30]) білінеді. Иматинибті CYP2D6 субстраттарымен бір мезгілде қабылдағанда, көрінісі бойынша, дозаны өзгерту қажет емес, алайда метопролол сияқты емдік диапазоны тар CYP2D6 субстраттарына қатысты сақ болуға кеңес беріледі. Метопрололмен емделіп жүрген пациенттерде клиникалық бақылау қажеттілігін қарастыру керек.
Іn vitro иматиниб 58,5 мкмоль/л мөлшерінде Ki мәнімен парацетамол О-глюкурондануын тежейді. Осындай тежелу 400 мг иматиниб және 1000 мг парацетамолды қабылдаудан кейін in vivo байқалмады. Парацетамол мен иматинибті жоғарырақ дозаларда қабылдау зерттелмеген.
Осылайша, иматинибтің жоғары дозаларын парацетамолмен бірге тағайындағанда сақ болу керек.
Тиреоидэктомия жасалған және левотироксин қабылдайтын пациенттерде қан плазмасындағы левотироксин мөлшері иматинибті бір мезгілде қабылдағанда төмендеуі мүмкін. Осыған байланысты сақтық шарасын қадағалау ұсынылады. Алайда, қазіргі уақытта байқалатын өзара әрекеттесу механизмі зерттелмеген.
Ph+ ЖЛЛ бар пациенттерде химиялық еммен бірге иматинибті біріктіріп қолданудың клиникалық тәжірибесі бар, алайда иматиниб пен химиялық емнің дәрілік өзара әрекеттесуі жақсы зерттелмеген. Иматинибтің жағымсыз әсерлері, яғни гепатоуыттылық, миелосупрессия немесе басқалары күшеюі мүмкін және L-аспарагиназамен бір мезгілде қабылдау гепатоуыттылық артуын тудыру мүмкіндігі мәлімделді. Осылайша, иматинибті біріктіріп қабылдау арнайы сақтандыру шараларын талап етеді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге немесе диализде жүрген пациенттерге препаратты тәулігіне 400 мг ең төмен ұсынылған бастапқы дозада тағайындалады. Алайда, пациенттердің осы санатын емдеу кезінде сақ болу керек. Жақпаушылық болса, препарат дозасын төмендетуге болады. Жағымдылығы жақсы және тиімділігі жеткіліксіз болса, дозаны арттыруға болады.

Бауыр жеткіліксіздігі

Иматиниб, ең алдымен, бауырда метаболизденеді. Бауыр функциясының жеңіл, орташа немесе ауыр бұзылуы бар пациенттерге ұсынылатын ең төмен 400 мг/тәулік дозаны тағайындау керек. Жақпаушылық болса, дозаны төмендетуге болады.

Жүктілік

Иматинибті жүкті әйелдерде қолдану деректері шектеулі. Препаратты тіркеуден кейін препаратын қабылдаған әйелдерден жаңа туған нәрестелердің өздігінен түсіп қалу жағдайлары және туа біткен аномалиялары хабарланды. Препаратын, айқын қажеттілік жағдайларын қоспағанда, жүктілік кезеңінде тағайындауға болмайды. Егер ол жүктілік кезеңінде қолданылса, пациент әйелге шаранаға ықтималды қауіп барын ескерту керек.

Емізу

Иматинибтің әйелдің емшек сүтіне бөлінуіне қатысты шектеулі ақпарат бар. Иматиниб пен оның метаболитінің жалпы концентрациясын және нәрестенің сүтті ең көп тәуліктік тұтынуын есепке алғанда, әсерінің төмен болатыны (емдік дозадан ~10%) жорамалданды. Алайда иматинибтің төмен дозаларының жаңа туған нәрестеге ықпалы белгісіз болғандықтан, иматиниб қабылдап жүрген әйелдерге препаратымен емдеу кезінде және емдеуді тоқтатудан кейін кемінде 15 күн бойы бала емізуден бас тарту керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі
- нейтропения, тромбоцитопения, анемия
- бас ауыру
- жүрек айну, диарея, құсу, диспепсия, іштің ауыруы
- орбита маңының ісінуі, дерматит/экзема/бөртпе
- бұлшықеттердің түйілуі және құрысулар, бұлшықет-қаңқа ауыруы, оның ішінде миалгия, артралгия, сүйектер ауыруы
- сұйықтық іркілісі және ісінулер, қалжырау
- дене салмағының артуы
Жиі
- панцитопения, фебрильді нейтропения
- анорексия
- ұйқысыздық
- бас айналу, парестезия, дәм сезу түйсіктерінің бұзылуы, гипестезия
қабақ ісінуі, көз жасының көп ағуы, конъюнктиваға қан құйылу, конъюнктивит, көздің құрғап кетуі, анық көрмеу
- ысыну, қан кету
- ентігу, мұрыннан қан кету, жөтел
- метеоризм, іштің кебуі, гастроэзофагеальді рефлюкс, іш қату, ауыз кеберсуі, гастрит
- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы
- қышыну, бет ісінгіштігі, терінің құрғап кетуі, эритема, алопеция, түнгі тершеңдік, жарыққа сезімталдық реакциясы
- буындар ісінгіштігі
- әлсіздік, қызба, анасарка, қалтырау, тремор
- дене салмағының төмендеуі
Жиі емес
- белдемелі герпес, қарапайым герпес, назофарингит, пневмония, синусит, целлюлит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, тұмау, несеп шығару жолдарының инфекциясы, гастроэнтерит, сепсис
тромбоцитемия, лимфопения, сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, эозинофилия, лимфаденопатия
- гипокалиемия, тәбет артуы, гипофосфатемия, тәбет төмендеуі, дегидратация, подагра, гиперурикемия, гиперкальциемия, гипергликемия, гипонатриемия
- депрессия, либидо төмендеуі, үрей
- бас сақинасы, ұйқышылдық, естен тану, шеткері нейропатия, жады бұзылулары, бел-сегізкөз радикулиті, «тынымсыз аяқтар» синдромы, тремор, геморрагиялық инсульт
- көздің тітіркенуі, көздің ауыруы, орбиталық ісіну, субконъюнктивалық қан құйылу, торқабыққа қан құйылу, блефарит, макулалық ісіну
вестибулярлық бас айналу, құлақтағы шуыл, естімей қалу
жүректің қатты соғуы, тахикардия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, өкпе ісінуі
- гипертензия, гематома, субдуральді гематома, аяқ-қолдың мұздауы, гипотензия, Рейно синдромы
- плевралық жалқық, фаринголарингеальді ауырсыну, фарингит
стоматит, ауыз қуысының ойық жаралары, асқазан-ішектен қан кету, кекіру, мелена, эзофагит, асцит, асқазан ойық жарасы, қан құсу, хейлит, дисфагия, панкреатит
- гипербилирубинемия, гепатит, сарғаю
пустулалық бөртпе, жабық жарақат, қатты тершеңдік, есекжем, экхимоз, гематомалардың пайда болуына аса бейімділік, гипотрихоз, тері гипопигментациясы, эксфолиативті дерматит, тырнақтар сынғыштығы, фолликулит, петехиялар, псориаз, пурпура, тері гиперпигментациясы, буллезді бөртпе, панникулит
- буындар мен бұлшықеттердің қарысуы, остеонекроз
бүйрек аумағының ауыруы, гематурия, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, несеп шығарудың жиілеуі
- гинекомастия, эректильді дисфункция, меноррагия, етеккір оралымының бұзылуы, сексуалдық дисфункция, емшек ұшының ауыруы, сүт бездерінің үлкеюі, енқалтаның ісінуі
- кеуденің ауыруы, дімкәстану
- қанда креатинин деңгейінің жоғарылауы, қанда креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, қанда лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы, қанда сілтілі фосфатазаның жоғарылауы
Сирек
- зеңді инфекция
- ісік лизисі синдромы
- гемолиздік анемия, тромбоздық микроангиопатия
- гиперкалиемия, гипомагниемия
- сананың шатасу күйі
- бассүйекішілік қысым көтерілуі, құрысулар, көру жүйкесінің невриті
катаракта, глаукома, көру жүйкесі дискісінің ісінуі
аритмия, жүрекшелер фибрилляциясы, жүректің тоқтап қалуы, миокард инфарктісі, стенокардия, перикардиальді жалқық
- кеуденің плевралық ауыруы, өкпе фиброзы, өкпе гипертензиясы, өкпеден қан кету
- колит, ішек бітелісі, ішектің қабыну аурулары
- бауыр жеткіліксіздігі, бауыр некрозы
- жедел фебрильді нейтрофильді дерматоз (Свит синдромы), тырнақ түсінің өзгеруі, ангионевроздық ісіну, везикулалық бөртпе, мультиформалы эритема, лейкоцитокластты васкулит, Стивенс — Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантематозды пустулез, пемфигус
бұлшықет әлсіздігі, артрит, рабдомиолиз/миопатия
геморрагиялық сары дене/аналық бездің геморрагиялық кистасы
қанда амилаза деңгейінің жоғарылауы
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- В гепатиті вирусының қайта белсенділенуі
- ісіктен қан кету/ісік некрозы
- анафилаксиялық шок
- ми ісінуі
- шыны тәрізді денеге қан құйылу
- перикардит, жүрек тампонадасы
- тромбоз/эмболия
- жедел респираторлық жеткіліксіздік, өкпенің интерстициальді ауруы
ішек бітелісі/ішек обструкциясы, асқазан-ішек жолының тесілуі, дивертикулит, асқазанның антральді бөлімінің тамырлық эктазиясы
алақан-табан эритродизестезиясы синдромы, лихеноидты кератоз, қызыл жалпақ теміреткі, уытты эпидермалық некролиз, эозинофилиямен және жүйелі көріністермен қатар жүретін дәрілік бөртпе (DRESS-синдром), жалған порфирия
- балалардағы бой өсу кідірісі
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Ересек пациенттерде СМЛ кезіндегі дозалау
Созылмалы фазадағы СМЛ бар ересек пациенттерге ұсынылған иматиниб дозасы 400 мг/тәулік құрайды. Созылмалы фазадағы СМЛ параметрлері келесі критерийлерге сәйкес болғанда айқындалады: қанда және сүйек кемігінде бласт жасушалары <15%, шеткері қан базофилдері <20%, тромбоциттер >100 х 10⁹/л.
Акселерация фазасындағы ересек пациенттерге ұсынылған иматиниб дозасы 600 мг/тәулік құрайды. Акселерация фазасы келесі көрсеткіштердің кез келгенінің болуына байланысты айқындалады: қанда және сүйек кемігінде бласт жасушалары ≥15%, бірақ <30%, қандағы немесе сүйек кемігіндегі бласт жасушалары <30% болған жағдайда бласт жасушаларына қоса промиелоциттер ≥30%, шеткері қан базофилдері ≥20%, тромбоциттер <100 х 10⁹/л.
Бластты криз фазасындағы ересек пациенттерге ұсынылған иматиниб дозасы 600 мг/тәулік құрайды. Бластты криз қанда немесе сүйек кемігінде ≥30% бласт жасушаларының немесе гепатоспленомегалиядан ерекшеленетін экстрамедуллярлы аурудың болуымен айқындалады.
Емдеу ұзақтығы: клиникалық зерттеулерде иматинибпен емдеу аурудың үдеуіне дейін жалғасты. Толық цитогенетикалық жауапқа жетуден кейін емдеуді тоқтату әсері зерттелмеген.
Дәрілік препаратқа ауыр жағымсыз реакциялар болмағанда және келесі жағдайларда: ауру үдегенде; кемінде 3 ай емделгеннен кейін қанағаттанарлық гематологиялық жауапқа жетпегенде; 12 ай емделгеннен кейін цитогенетикалық жауапқа жетпегенде; немесе бұрын қол жеткізілген жауап жоғалғанда, созылмалы фазадағы пациенттерде дозаны 400 мг-ден 600 немесе 800 мг дейін немесе акселерация немесе бластты криз фазасындағы пациенттерде 600 мг-ден ең жоғары 800 мг-ге дейін (күніне екі рет 400 мг) арттыруды қарастыруға болады. Дозаны арттырғаннан кейін пациенттерді мұқият бақылау қажет.
Балаларда СМЛ кезінде дозалау
Балаларға арналған доза дене беткейі ауданына (мг/м²) негізделеді. Тәулігіне 340 мг/м² доза ұсынылады (800 мг-ден асырмай). Емді бір рет қабылдауға немесе екі қабылдауға бөлуге болады.
Дозаны 570 мг/м² дейін арттыру (800 мг-ден асырмай) жоғарыдағы жағдайларда қарастырылуы мүмкін.
Ересек пациенттерде Ph+ ЖЛЛ кезінде дозалау
Ұсынылған иматиниб дозасы 600 мг/тәулік. Емдеуді гематология мамандары бақылауы тиіс.
Емдеу сызбасы: иматиниб 600 мг/тәулік дозада химиотерапиямен біріктіріліп қолданылады. Ұзақ ем жақсы нәтижелер береді.
Қайталамалы немесе төзімді Ph+ ЖЛЛ кезінде иматиниб 600 мг/тәулік дозада монотерапия ретінде ауру үдегенге дейін қолданылуы мүмкін.
Балаларда Ph+ ЖЛЛ кезінде дозалау
Ұсынылған доза — 340 мг/м²/тәулік (600 мг-ден асырмай).
Эозинофилиямен атипті МДС/МПЗ кезінде дозалау
Ұсынылған иматиниб дозасы 400 мг/тәулік.
Агрессиялық жүйелі мастоцитоз кезінде дозалау
Ұсынылған иматиниб дозасы 400 мг/тәулік.
Эозинофилиямен байланысты түрінде бастапқы доза 100 мг/тәулік, қажет болса 400 мг-ге дейін арттырылады.
ГЭС кезінде дозалау
Ұсынылған доза 100 мг/тәулік.
Қажет болса 400 мг дейін арттырылады.
АІЖСІ кезінде дозалау
Ұсынылған иматиниб дозасы 400 мг/тәулік.
Қажет болса 600–800 мг дейін арттыруға болады.
Емдеу ауру үдегенге дейін жалғасады.
Адъювантты емдеуде — 400 мг/тәулік, ұзақтығы (зерттеулерде) 36 ай.
БДФС кезінде дозалау
Ұсынылған иматиниб дозасы 800 мг/тәулік.
Енгізу әдісі және жолы
Тағайындалған дозаны асқазан-ішек жолы тітіркенуінің туындау қаупін барынша азайту мақсатында мол мөлшерде су ішіп, тамақпен ішке қабылдау керек. 400 мг немесе 600 мг дозаларын тәулігіне бір рет қабылдау керек, ал 800 мг тәуліктік дозасын таңертең және кешке 400 мг-ден екі қабылдауға бөлу керек.
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларды жұта алмайтын пациенттер үшін оларды бір стақан газдалмаған су немесе алма шырынында ерітуге болады. Таблеткалардың қажетті мөлшерін тиісті сұйықтық көлеміне (100 мг таблеткалар үшін 50 мл және 400 мг таблеткалар үшін 200 мл жуық) салып, қасықпен араластырады. Суспензия таблеткалар толық еріген соң бірден қабылдануы тиіс.

Балаларда қолданылуы

СМЛ зардабын шегетін 2 жасқа толмаған және Ph+ ЖЛЛ зардабын шегетін 1 жасқа толмаған балаларды емдеу үшін препаратты қолдану тәжірибесі жоқ. МДС/МПЗ, БДФС, АІЖСІ және ГЭС зардабын шегіп жүрген балаларды емдеу үшін препаратты қолдану тәжірибе жоқ.
МДС/МПЗ, БДФС, АІЖСІ және ГЭС зардабын шегіп жүрген 18 жасқа дейінгі балаларда иматиниб қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық зерттеулерде анықталмады.