L01FC01 Даратумумаб (Daratumumab)
Қолдану көрсеткіштері
Монотерапия ретінде қайталанатын және рефрактерлі көптүрлі миеломасы бар, протеасома тежегіштері мен иммуномодуляциялаушы препараттарды қоса, ем қабылдаған және соңғы емдеуде аурудың үдеуі анықталған ересек пациенттерді емдеу үшін ұсынылады; көптүрлі миеломасы бар, осының алдында кемінде бір рет ем қабылдаған ересек пациенттерді емдеу үшін леналидомидпен және дексаметазонмен, немесе бортезомибпен және дексаметазонмен біріктіріп қолданылады.Клиникалық хаттама: 1. Көптеген миелома және қатерлі плазможасушалы ісіктер
-
Клинические протоколы:
- Множественная миелома и злокачественные плазмоклеточные новообразования
Қарсы көрсеткіштері
Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Инфузиялық реакция болған кезде инфузия бойы және инфузиядан кейінгі кезеңде науқастраға бақылау қажет; Инфузиялық реакциялар қаупін азайту үшін, Даратумумаб препаратын қолданар алдында антигистаминдік препараттармен, ыстықты түсіретін дәрілермен және кортикостероидтармен премедикация жүргізу керек. Кез келген дәрежедегі инфузиялық реакциялардың туындаған жағдайда, Даратумумаб препаратының инфузиясын тоқтата тұру қажет. Қажет болған жағдайда сәйкесінше демеуші/симптоматикалық ем тағайындалады . Даратумумаб негізгі емнен туындаған нейтропения мен тромбоцитопенияны күшейтуі мүмкін. Даратумумаб қанның қызыл түйішіктерінде (эритроциттерде) төмен мәндермен анықталған CD38-бен байланысады, бұл Кумбстың тікелей емес сынамасының оң нәтижесіне алып келуі мүмкін, бұл нәтиже 6 ай бойы сақталуы мүмкін.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Бацилл Кальметта-Герен вакцинасы, тірі вакциналар және т. б. - бірге қолданғанда генерализацияланған инфекция қаупін арттырады;Тікелей емес антиглобулинді тест нәтижелеріне әсер ету (Кумбстың тікелей емес сынамасы) - оң нәтижесі, ол 6 ай бойы сақталуы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Инфекциялар және инвазиялар: өте жиі: пневмония, жоғарғы тыныс алужолдарының инфекциясы; жиі: грипп;Қан және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар: өти жиі: анемия, нейтропения, тромбоцитопения, лимфопения;Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар:өти жиі: шеткері сенсорлы нейропатия, бас ауыру;Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар: жиі: жүрекшелердің фибрилляциясы;Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар: өте жиі: жөтел; ентігу; Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар:өти жиі: жүректің айнуы, диарея, құсу;Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тіні тарапынан бұзылулар: өти жиі: бұлшықет түйілулері; Жалпы бұзылулар және препаратты енгізген жердегі реакциялар: өте жиі: шаршағыштық, қызба, шеткері ісінулер;Жарақаттар, уланулар және емшаралық асқынулар:өте жиі: инфузиялық реакциялар.
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген.