L01XC03 Трастузумаб¹ (Trastuzumab)

Қолдану көрсеткіштері

HER2 ісікті гиперэкспрессиясымен сүт безінің метастатикалық ісігі; HER2 ісікті гиперэкспрессиясымен сүт безінің ерте ісігі; HER2 ісікті гиперэкспрессиясы бар пациентердегі асқазанның жайылған ісігі.Клиникалық хаттама: 1. Сүт безі обыры 2. Көкірекортаның обыры

    Клинические протоколы:
  1. Рак молочной железы
  2. Опухоли средостения

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез келген компонентіне, тышқан ақуызына жоғары сезімталдық; өкпе метаздардарынан туындайтын немесе оттегімен демеуші емді талап ететін тыныштықтағы ауыр ентігу.

Қауіпсіздік шаралары

Препаратты тек көктамырға тамшылатып енгізеді! Препаратты сорғалатып немесе болюсті енгізуге болмайды! Препаратпен емдеу тек онкологтың бақылауымен жүзеге асырылуы тиіс. Инфузиялық жағымсыз реакциялар туындағанда препаратты қолдануды тоқтату керек және симптомдары жойылғанға дейiн пациентті мұқият бақылау қажет. Миокард инфарктісі анамнезінде бар, стенокардия, сол жақ қарыншаның шығарылатын фракциясы 55% төмен созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, жүрек аритмиясы, жүрек қақпақшаларының клиникалық маңызды аурулары, нашар бақыланатын гипертензия және гемодинамикалық маңызды перикардиальді жалқығы бар науқастарда қолдану ұсынылмайды. Емдеу барысында 3 ай сайын жүрек функциясын зерттеу қажет. Егер мүмкін болса, препаратпен емдеу аяқталғаннан кейін 27 апта аралығында антрациклиндер негізіндегі химиотерапияны тағайындауды болдырмау керек. Сүт безінің ерте кезеңдегі ісігі бар пациенттерде препараттың соңғы дозасын енгізген сәттен бастап 24 ай аралығында әр 6 ай сайын кардиологиялық тексеру жүргізу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Тірі вакциналар, мысалы - БЦЖ, тұмауға қарсы, қызылша, эпидемиялық паротит, полиомиелит, қызамық, желшешек, іш сүзегіне қарсы вакциналар- жайылған инфекциялардың даму қаупіне байланысты ТАҒАЙЫНДАУДЫ БОЛДЫРМАУ.

Даунорубицин (Daunorubicin), доксорубицин (Doxorubicin), идарубицин (Idarubicin), эпирубицин (Epirubicin) – кардиоуыттылық қаупінің артуы.

Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Жүктілік

Препаратпен емдеу барысында және емдеуден кейін 6 ай бойы сенімді контрацепция әдісін қолдану.

Емізу

Препаратпен емдеу барысында және емдеуден кейін 7 ай бойы ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Кардиоуыттылық, гематоуыттылық, өкпе тарапынан бұзылыстар, инфузиялық реакциялар, жоғары сезімталдық реакциялары, қалтырау, қызба, мазасыздық, әлсіздік, астения, депрессия, ұйқысыздық, ұйқышылдық, дәм сезудің бұзылысы, парестезиялар, перифериялық невропатия, гипертония, гипотония, асқазан- ішектік симптомдар, гепатит; миалгия, кеуде қуысының ауыруы, буындар ауыруы, сүйектердің ауыруы, аяқ тырысулары, инфекциялар, мастит, артрит, салмақ жоғалту, көздің құрғауы, жастың көп мөлшерде ағуы, бөртпе, тершеңдік, терінің құрғауы, алопеция, акне.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Сүт безінің метастаздық обыры

Жүктеме доза: дене салмағының әр кг шаққанда 4 мг.

Демеуші доза: аптасына бір рет дене салмағының әр кг шаққанда 2 мг. Демеуші доза жүктеме дозадан кейін 1 аптадан соң енгізіледі.

Баламалы енгізу - 3 аптадан кейін

Жүктеме доза: дене салмағының әр кг шаққанда 8 мг.

Демеуші доза: әр 3 апта сайын дене салмағының әр кг шаққанда 6 мг. Демеуші доза жүктеме дозадан кейін 3 аптадан соң енгізіледі.

Паклитакселмен немесе доцетакселмен біріктіріп қолдану

Паклитаксел немесе доцетаксел Трастузумаб препаратын енгізгеннен кейін келесі күні (дозалау жөніндегі нұсқауларды мединалық қолдану жөніндегі тиісті нұсқаулықтардан қараңыз) немесе егер Трастузумаб препаратын бұдан бұрын енгізген кезде препарат жақсы жаққан болса, Трастузумаб препаратын осының алдында енгізгеннен кейін бірден енгізуге болады.

Ароматаза тежегішімен біріктіріп қолдану

Трастузумаб пен анастрозолды 1-күні енгізуге болады.

Сүт безі обырының ерте сатылары

Апта сайын енгізген кезде Трастузумаб дене салмағының әр кг шаққандағы 4 мг жүктеме дозасында, одан кейін дене салмағының әр кг шаққандағы 2 мг демеуші дозасында аптасына бір рет, доксорубицинмен және циклофосфамидпен химиотерапиядан кейін паклитакселмен бір мезгілде енгізіледі. Демеуші доза жүктеме дозадан кейін 1 аптадан соң енгізіледі.

3 аптадан кейін енгізу

3 аптадан кейін енгізген кездегі жүктеме дозасы: дене салмағының әр кг шаққанда 8 мг.

Демеуші доза: әр 3 апта сайын дене салмағының әр кг шаққанда 6 мг. Демеуші доза жүктеме дозадан кейін 3 аптадан соң енгізіледі.

Трастузумабты сүт безі обырының ерте сатылары кезінде қолдану төменде сипатталған сызбаларға сәйкес химиотерапиямен біріктіріп зерттелген:

Асқазанның таралған обыры

3 аптадан кейін енгізу

Жүктеме доза: дене салмағының әр кг шаққанда 8 мг.

Демеуші доза: әр 3 апта сайын дене салмағының әр кг шаққанда 6 мг. Демеуші доза жүктеме дозадан кейін 3 аптадан соң енгізіледі.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.