L01CX01 Трабектедин¹ (Trabectedin)
Қолдану көрсеткіштері
Пегилирленген липосомалық доксорубицин гидрохлоридімен біріктірілген аналық бездердің қайталанатын платина сезімтал обыры; антрациклиндер мен фосфамидке сезімтал емес, не оларды қолдануға қарсы көрсетілімдері бар науқастарда жұмсақ тіндердің үдемелі саркома кезінде. 1. Злокачественное новообразование яичника, фаллопиевой трубы и первичная перитонеальная карцинома
-
Клинические протоколы:
- Злокачественное новообразование яичника, фаллопиевой трубы и первичная перитонеальная карцинома
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық; белсенді ауыр немесе бақыланбайтын инфекция; сары қызбаға қарсы вакцинамен бірге қолдану.
Қауіпсіздік шаралары
Циклдар арасында АСТ, АЛТ немесе сілтілі фосфатаза деңгейі жоғары пациенттерде дозаны түзету қажет болуы мүмкін.Трабектединмен емдеу кезінде алкоголь қабылдауды болдырмау қажет.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Күшті индукторлар CYP3A4 (мысалы, пероральді кетоконазол, флуконазол, ритонавир, кларитромицин немесе апрепитант) - трабектединнің метаболизмдік клиренсін арттыруы мүмкін.Циклоспорин, верапамил-трабектединнің таралуын және/немесе шығарылуын өзгерте алады. Фенитоин-құрысулардың өршуіне әкелуі мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Емдеуді бастар алдында және оны жүргізу барысында креатинин клиренсін бақылау қажет. Препарат монотерапия кезінде креатинин клиренсі < 30 мл/мин және аралас терапия кезінде < 60 мл/мин емделушілерде қолданылмауы тиіс.
Бауыр жеткіліксіздігі
Қан сарысуында билирубин деңгейі жоғары пациенттерге трабектединді қолдануға болмайды.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: нейтропениялық инфекция; нейтропения, тромбоцитопения, анемия, лейкопения, тәбеттің төмендеуі; ұйқысыздық; бас ауруы;ентігу, жөтел;іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, іш қату, диарея, стоматит; аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, аспартатаминотрансфераза деңгейдің жоғарылауы, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, гипербилирубинемия; алақан-табан эритродизестезия синдромы; артралгия, арқадағы ауырсыну, қандағы креатин фосфокиназа деңгейі; патологиялық шаршау, пирексия, ісіну, шырышты қабықтың қабынуы; қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, қандағы альбумин деңгейінің төмендеуі.Жиі: сепсис; фебрильді нейтропения; аса жоғары сезімталдық; сусыздану, гипокалиемия; бас айналу, дисгевзия, перифериялық сенсорлық нейропатия, синкопе; жүрек соғуының жиілеуі, сол жақ қарыншаның дисфункциясы; гипотензия, ысыну; өкпе артериясының эмболиясы; диспепсия; гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы; бөртпе, алопеция, терінің гиперпигментациясы; миалгия; препарат енгізілген жердегі реакциялар; дене салмағының төмендеуіЖиі емес: септикалық шок; капиллярлардың өткізгіштігінің жоғарылауы синдромы; өкпе ісінуі; рабдомиолиз; экстравазация, жұмсақ тіндердің некрозыСирек: бауыр жеткіліксіздігі
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген.