L01BC07 Азацитидин (Azacitidine)

Қолдану көрсеткіштері

Төмендегі жайттарда гемопоэздік бағаналы жасушаларын тасымалдауды орындай алмауы мүмкін ересек пациенттерді емдеу үшін: - балл берудің халықаралық болжамды жүйесі шкаласына сәйкес жоғары немесе аралық-2 дәрежедегі қаупі бар миелодиспластикалық синдромы;- миелодиспластикалық синдром белгілерінсіз және сүйек кемігінде 10-29% бласт бар созылмалы миеломоноцитарлы лейкозы;- Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының жіктемесіне сәйкес бласт мөлшері 20-30% және мультижелілі дисплазиясы бар жедел миелоидты лейкозы бар.

Қарсы көрсеткіштері

Азацитидинге немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Әрбір емдеу циклі алдында емдеудің тиімділігін және уыттылықтың ықтимал көріністерін бақылау үшін қанға толық клиникалық талдау жасаған жөн. Сарысудағы бикарбонаттар концентрациясы 20 ммоль/л кем түсініксіз төмендегенде немесе қан сарысуындағы креатинин концентрациясы немесе қандағы мочевина концентрациясы жоғарылағанда, препарат дозасы азайтылуы тиіс немесе емдеудің кезекті циклі кейінге қалдырылуы тиіс. Жүрек қызметінің іркілген ауыр жеткіліксіздігінен, жүректің клиникалық тұрғыдан тұрақсыз ауруынан немесе өкпе ауруларынан зардап шегетін пациенттерге сақтықпен қолданған жөн. Некрозданатын фасциит диагностикаланған пациенттерге препаратпен емделуді тоқтатқан және тиісті емді жылдам бастаған жөн.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жағымсыз көріністерді бақылау мақсатында бүйрек қызметін мұқият бақылау қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың жайылған қатерлі ісіктері бар пациенттерге қолдану қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: пневмония, назофарингит, фебрильді нейтропения, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения, анемия, анорексия, бас айналу, бас ауыруы, ентігу, диарея, құсу, іш қату, жүректің айнуы, іштің ауыруы, петехиялар, қышыну, бөртпе, экхимоздар, артралгия, әлсіздік, қызба, кеуденің ауыруы, енгізген жердің қызаруы, енгізген жердің ауыруы, енгізген жерде спецификалық емес реакциялар.Жиі: нейтропения аясындағы сепсис, жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциялары, теріасты шелінің қабынуы, синусит, фарингит, ринит, қарапайым ұшық, агранулоцитоз, панцитопения, гипокалиемия, сананың шатасуы, үрейлену, ұйқысыздық, бассүйекішілік қан кету, ұйқышылдық, көзішілік қан кетулер, конъюнктиваға қан құйылу, артериялық қысымның төмендеуі немесе жоғарылауы, гематомалар, дене жүктемесі кезіндегі ентігу, көмейдің және жұтқыншақтың ауыруы, асқазан-ішектік қан кету, геморроидальді қан кету, стоматит, қызылиектің қанағыштығы, диспепсия, пурпура, алопеция, эритема, макулярлы бөртпе, бүйрек жеткіліксіздігі, гематурия, креатинин деңгейінің жоғарылауы, қанталау, гематома, қатаю, бөртпе, қышыну, қабыну, тері жабыны түсінің өзгеруі, аумақтың лимфа түйіндерінің ұлғаюы және екпе жасалған жердің қанағыштығы, дімкәстік, дене салмағының төмендеуі.Жиі емес: аса жоғары сезімталдық реакциялары, бауыр жеткіліксіздігі, үдемелі бауыр комасы, жедел фебрильді нейтрофильді дерматоз, бүйректік өзекшелік ацидоз.Сирек: ісік лизисі синдромы, өкпенің интерстициальді ауруы, екпе жасалған орындағы некроз.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.