L01BC06 Капецитабин¹ (Capecitabine)

Қолдану көрсеткіштері

Сүт безінің обыры: жергілікті-таралған немесе метастаздайтын обыры (СБО) бар пациенттерді антрациклиндер қамтылған тиімсіз химиотерапиядан кейін емдеу үшін доцетакселмен біріктірілімі; үдемелі жергілікті таралған немесе метастаздайтын СБО (мСБО) бар пациенттерді таксандар мен антрациклиндер қамтылған тиімсіз химиотерапиядан кейін, немесе антрациклиндерді қолдануға болмайтын пациенттерді емдеу үшін монотерапия ретінде. Колоректальді обыр: тоқ ішектің ІІІ сатыдағы обыры бар пациенттердің адъювантты емі; метастаздайтын колоректальді обыры (мКРО) бар пациенттерді емдеу. Асқазан обыры: асқазанның таралған обырымен науқастарды емдеу үшін бірінші желідегі ем ретінде.
    Клинические протоколы:
  1. Злокачественные новообразования ободочной кишки
  2. Злокачественные новообразования прямой кишки
  3. Рак молочной железы
  4. Рак желудка
  5. Злокачественные опухоли гортаноглотки
  6. Злокачественные новообразования слюнных желез
  7. Злокачественные новообразования гортани
  8. Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
  9. Злокачественные новообразования ротоглотки
  10. Злокачественные новообразования полости рта
  11. Рак поджелудочной железы
  12. Опухоли средостения

Қарсы көрсеткіштері

Капецитабинге немесе препараттың басқа компоненттеріне асқын сезімталдық, фторурацилге белгілі асқын сезімталдық немесе фторпиримидиндермен емге күрделі және болжанбаған реакциялар, дигидропиримидиндегидрогеназа (ДПД) тапшылығы, соривудинмен немесе оның химиялық аналогтарымен, мысалы, бривудинмен бір мезгілде қабылдау, нейтропения, тромбоцитопения, ауыр лейкопениясы бар пациентер. Егер біріктірілген ем сызбасы кезінде кез келген препаратты қолдануға болмайтын жағдай болса, онда бұл препаратты қолданбау.

Қауіпсіздік шаралары

Анорексия, астения, жүрек айну, құсу немесе диарея сусыздануға алып келу мүмкін. Сусыздану жедел бүйрек жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін, әсіресе бұрын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, немесе нефроуытты препараттарды капецитабинмен қабылдаған жағдайда. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі сусыздану белгісі кезінде өлімге алып келу мүмкін. Сонымен қатар артерия анамнезінде жүрек ауруы, аритмия және стенокардия бар пациенттерге сақтықпен қолдану. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз. 

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Антикоагулянттар, кумарин туындылары - коагуляция параметрінің өзгеруі және/немесе қан кету (мұқият бақылап, антикоагулянт дозасын (протромбин уақыты) тиісті үлгіде түзету қажет);Фенитоин - қан плазмасында фенитоин концентрациясының жоғарылауы байқалады;Соривудин және аналогтары - фторпиримидиндер уыттылығының потенциальді фатальді күшеюі;Аллопуринол - 5 - ФУ тиімділігінің төмендеуі.Аллопуринолды капецитабинмен араластырып қолданбау;Фолий қышқылы - капецитибиннің уыттылығын арттырады.Ескерту: Мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі (КК) 51-80 мл/мин болғанда дозасын түзету талап етілмейді. КК 30-50 мл/мин болғанда, емдеудің басында дозаны 1250 мг/м2 дозадан 75% дейін азайту.

Бауыр жеткіліксіздігі

Әлсіз және орташа бауыр бұзылысы бар пациенттерге бауырдың метастазы болуы немесе болмауына тәуелсіз мұқият бақылау қажет. Бауырдың белсенді аминотрансферазалары (АЛТ, АСТ) 2,5 есеге, ал билирубин 3 есеге жоғарылағанда капецитабинді қабылдауды тоқтату. Емнің басында бауырдың жеңіл немесе орташа ауырлықтағы жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны төмендету қажет етілмейді. Алайда ем барысында оларды мұқият бақылау қажет.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: анорексия, диарея, құсу, жүрек айну, стоматит, іштің ауыруы, алақан - табан эритродизестезиясы синдромы, дерматит, шаршау, астения.Жиі: сусыздану, тәбеттің төмендеуі, бас ауру, қажу, бас айналу (вертигодан басқа), парестезия, дисгевзия, көз жасының көп ағуы, конъюнктивит, асқазан - ішектен қан кету, іштің қатуы, іштің жоғары бөлігінің ауруы, асқорыту бұзылысы, метеоризм, ауыз қуысының құрғауы, гипербилирубинемия, бауыр қызметінің зертханалық көрсеткіштерінің ауытқуы, бөртпе, алопеция, эритема, терінің құрғауы, гиперпигментация, тері бөртпелері, терінің қабыршықтануы, дерматиттер, пигментациялық бұзылыстар, тырнақтар құрылымының бұзылуы, қышыну, жоғары температура, әлсіздік, астения, шеткі ісінулер, мазасыздық, кеуде тұсының ауруы, тромбофлебит, демікпе, мұрыннан қан кету, жөтел, ринорея, аяқ - қолдың ауруы, арқаның ауруы, артралгия, ұйқысыздық, депрессия, нейтропения, анемия, вирусты инфекциялық ұшық, назофарингит, төменгі тыныс жолдарының инфекциясы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.