L01BB03 Тиогуанин (Tioguanine)

Қолдану көрсеткіштері

Жедел  лейкозды, әсіресе жедел миелобластты лейкоз бен жедел лимфобластты лейкозды емдеуде; созылмалы гранулоциттік лейкозды емдеуде.
    Клинические протоколы:
  1. Рецидив острого лимфобластного лейкоза у детей
  2. Острый лимфобластный лейкоз у взрослых
  3. Острый лимфобластный лейкоз у детей (первичный)
  4. Острый миелобластный лейкоз у детей (первичный)
  5. Острый миелобластный лейкоз у детей (рецидив)

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затына немесе кез келген қосалқы затқа  жоғарғы сезімталдық. қатерсіз ауруларды емдеуде.

Қауіпсіздік шаралары

 • Емделушілер миелосупрессивті химиотерапия кезінде түрлі жұқпаларға сезімтал болып келеді.  • Тірі вакциналармен иммунизациялау иммунитеті төмен науқастарда жұқпалардың дамуына ықпал етеді. Препаратты емделіп жүрген емделушілерде тірі  вакциналармен иммунизациялау ұсынылмайды. • Тамыр эндотелийінің зақымдануына байланысты  бауыр уыттануының даму қаупі жоғары болғандықтан,  демеуші ем және үздіксіз емдеудің ұзақ кезеңдері үшін  ұсынылмайды.  • Емделушілер емдеу кезінде мұқият қадағалауда болуы тиіс. Толық қан талдауы және бауыр қызметіне баға беретін күнделікті тестілер ұдайы жиі жүргізіліп тұруы қажет.  • Бауыр уыттануының бастапқы белгілері портальді гипертензия (тромбоцитопения, нейтропения және спленомегалия) жағдайымен және бауыр ферменттері деңгейінің болжамды жоғарылауымен астасқан белгілері болып табылады. • Сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі лейкопения мен тромбоцитопенияның, сирек – анемияның дамуына алып келеді.  • Тұқым қуалайтын тиопурин метилтрансфераза (ТПМТ) ферментінің тапшылығы бар емделушілер   тиогуаниннің миелосупрессивті әсеріне анағұрлым сезімтал.  • Жедел миелобластты лейкоздың ремиссиясы басталған кезде науқаста сүйек кемігінің салыстырмалы аплазиясы дамуы мүмкін, сондықтан қолыңызда демеуші емге арналған дәрілердің болғанының маңызы зор.  • Гипоксантин-гуанин-фосфорибосил трансфераза  ферменттің тапшылығы бар, мысалы, Леша-Найхан синдромынан зардап шегетін емделушілер препараттың әсеріне төзімді болуы мүмкін.  • Цитоуытты химиотерапияның барлық жағдайларында, егер жұптардың біреуі препаратты қабылдап жүрсе,  жеткілікті контрацепция шараларын ұсыну қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

• Тірі вакциналармен вакцинациялау - иммунитеті бұзылған емделушілерде ұсынылмайды.• Басқа миелотоксикалық заттар немесе радиациялық терапия - бір мезгілде қолданғанда миелосупрессия қаупі артады.• Аминосалицилат туындылары (олсалазин, меслазин немесе сульфасалазин) - ТПМТ ферментінің (тиопуринметилтрансфераза) белсенділігін бәсеңдетеді, сақтықпен қолдану қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметі бұзылғанда  дозаны төмендету қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметі бұзылғанда  дозаны төмендету қажет.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі; тиогуанинді демеуші ем немесе басқа ұқсас ұзақ емдеу үшін қолданған кезде тамырлар эндотелийінің зақымдануымен бірге гепатотоуыттылығы,  бұл жағдайда қолдану ұсынылмайды; әдетте бұл гепатовеноокклюзиялық ауру түрінде (бауырдың ұлғаюы, гипербилирубинемия, сұйықтықтың іркілуіне және асцитке байланысты дене салмағының жоғарылауы) және портальді гипертензия белгілерімен және симптомдарымен (спленомегалия, тромбоцитопения, өңеш көктамырларының варикозды кеңеюі) білінеді. Сондай-ақ бауыр трансаминазаларының, сілтілік фосфатаза және гаммаглутамил трансфераза жоғарылауы, сары ауру, портальді склероз, түйінді регенеративтік гиперплазия, гепатиттік пурпура және перипортальді  фиброз болуы мүмкінЖиі: стоматиттер, асқазан-ішек жолының бұзылыстары қысқа мерзімді емдеу курсы кезінде көктамырлық-окклюзиялық аурулар түріндегі гепатоуыттылық. Сирек:  некроздар және ішек қабырғасының тесілуі; бауырдың центролобулярлық некрозы (әсіресе, химиотерапия, оральді контрацептивтерді, тиогуаниннің жоғары дозалары мен алкогольді қабылдап жүрген емделушілерде);фотосезімталдық, су-тұз теңгерімінің бұзылуы, атаксия, бөртпе,  құлақтағы шуыл, жүрек-қантамыр бұзылулары, кереңдік, окулогирлік криз.

Балаларда қолданылуы

Балаларға арналған дозалары ересектер  үшін қолданылатын, дене беткейінің аумағына сәйкесінше түзетумен дозаларына ұқсас пайдаланылады. Дозаны таңдау кезінде емдеудің ұлттық стандарттарын, мамандандырылған ауруханалардағы емдеу хаттамаларын және қолдану нұсқауларын қарау қажет.