L01BA04 Пеметрексед¹ (Pemetrexed)
Қолдану көрсеткіштері
Сквамоздық жасушалар гистологиясымен доминацияланатын жағдайларды қоспағанда, жергілікті таралған немесе метастаздық жалпақ жасушалы емес ұсақ жасушалы емес өкпе обырының бастапқы емі үшін цисплатинмен біріктірілімінде. Платина препараттарының негізінде алғашқы желілі химиотерапияның төрт циклінен кейін ауруы дереу өршімеген, жергілікті таралған немесе метастаздық ұсақ жасушалы емес өкпе обыры бар пациенттерде демеуші ем үшін монотерапия ретінде. Сквамоздық жасушалар гистологиясымен доминацияланатын жағдайларды қоспағанда, жергілікті таралған немесе метастаздық ұсақ жасушалы емес өкпе обыры бар пациенттерде екінші желілі ем үшін монотерапия ретінде. Плевраның операбельді емес қатерлі мезотелиомасы бар, бұрын химиотерапия қабылдамаған пациенттерді емдеу үшін цисплатинмен біріктірілімінде.Жалпақ жасушалы ұсақ жасушалы емес өкпе обыры бар пациенттерді емдеуге АРНАЛМАҒАН.
-
Клинические протоколы:
- Рак легкого
- Мезотелиома плевры
- Рак шейки матки
Қарсы көрсеткіштері
Пеметрекседке немесе препараттың қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Пеметрексед сүйек кемігінің функциясын бәсеңдетуі мүмкін, бұл нейтропениямен, тромбоцитопениямен және анемиямен (немесе панцитопениямен) көрініс береді. Емдеудің алдында фолий қышқылын және В12 дәруменін қабылдаған пациенттерде емнің төменірек уыттылығы және гематологиялық және гематологиялық емес уыттылық жиілігінің төмендеуі байқалған. Ем барысында пациенттерге миелосупрессияны анықтау мақсатында мониторинг жүргізу көрсетілген. Кортикостероидтармен алдын ала емделмеген пациенттерде тері реакциялары болуы мүмкін. Цисплатинмен біріктірілімде қолданылатын пеметрекседтің гастроинтестинальді уыттылығына байланысты, емдеу кезінде ауыр сусыздану жағдайлары байқалған. Онкологиялық науқастарға тірі аттенуирленген вакцинаны бірге пайдалану ұсынылмайды. Көлік құралын немесе қауіптілігі жоғары механизмдерді басқарудан бас тарту.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Сары қызбаға қарсы вакцина - фатальді жайылған вакциналық аурудың даму қаупі.Пероральді антикоагулянттар - қан кетудің дамуы, ХҚҚ жиі мониторингі қажет.Нефроуытты препараттар (мысалы, аминогликозидтер, ілмектік диуретиктер, платина препараттары, циклоспорин) - пеметрексед клиренсінің баяулауы, пеметрекседпен біріктірілімде САҚТЫҚПЕН тағайындау.Өзекшелік секреция жолымен шығарылатын препараттар (мысалы, пробенецид, пенициллин) - пеметрексед клиренсінің баяулауы.Қабынуға қарсы стероидты емес заттардың жоғары дозалары - пеметрекседтің жағымсыз құбылыстарының даму жиілігінің жоғарылауы.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметіне мониторинг қажет. Креатинин клиренсі 45-79 мл/мин болғанда пеметрекседті тағайындау кезінде, қабынуға қарсы стероидты емес заттарды қабылдауды болдырмау керек. Креатинин клиренсі 45 мл/мин төмен болғанда қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану, бауыр қызметіне мониторинг қажет.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген. Әйелдер мен ерлер емдеу кезінде және ем аяқталғаннан кейін 7 ай бойы тиімді контрацепция тәсілдерін қолдануы тиіс.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бас ауыруы, ұйқысыздық, жөтел, мұрын симптомдары, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы немесе шаншуы, диарея, бөртпе, алопеция.Жиі емес: нейтропения және анемия, тромбоцитопения, бауыр ферменттері белсенділігінің транзиторлы жоғарылауы.Сирек: панкреатит, сарысулық амилаза белсенділігінің жоғарылауы, гепатит, ангионевроздық ісіну, буллезді жай-күй, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермальді некролизді қоса (кейбір жағдайда өліммен аяқталатын).Өте сирек: сүйек кемігі эритроидты өсіндісінің аплазиясы, шеткергі нейропатия (немесе парестезия).Маңызды! Мұнда жағымсыз реакциялардың қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз. Жағымсыз реакциялар, әсіресе анықтау, мониторингтеу және емдеу бөлімі бойынша бекітілген ұлттық емдеу стандарттарына (хаттамаларға) жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.